Ақпараттық хабарлама

Дата26.02.2016
өлшемі41.71 Kb.
#26271
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Ақпараттық хабарлама
«Бейнелеу өнері» және «Сызу» бойынша

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ
Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы,

20 ақпан 2015 жыл
Құрметті оқытушылар, мұғалімдер және оқушылар!
Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің кәсіби-көркемөнер факультеті аймақтық, ЖОО ішіндегі конференцияларды, облыстық және қалалық олимпиадаларды өткізу бойынша шаралар аясында бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы негізінде келесі пәндер бойынша Оқушылардың облыстық олимпиадасын өткізеді:

  • «Бейнелеу өнері»;

  • «Сызу».

Облыстық олимпиада Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-інде 2015 жылдың 20 ақпан күні сағат 9.00-де конкурс ретінде өткізіледі. Оған уақытында олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне өтініш берген командалар жіберіледі. Олимпиаданың өткізілу тілдері – қазақша, орысша.

Олимпиадаға қатысуға Қарағанды қаласы мен облыстың жалпы білім беру мектептерінің 9-11 сыныптары мен көркемсурет мектептерінің, лицейлер, гимназиялар, мектеп-интернаттардың оқушылары шақырылады. Олимпиадаға қатысу үшін әр пәнге 2 оқушыдан құралған команда жіберу қажет. Топ жетекшісінің болуы міндетті.

Әр қатысушы таңдаған пәніне сай практикалық жұмыстарды орындауға керекті барлық құралдар мен материалдарды: А3 сызба парағы (297х420мм), сызба құралдары (циркуль, түзу және үшбүрышты сызғыштар, қатты (Н) және орташа қаттылықтағы (НВ) қарындаштар, өшіргіш, ұштағыш т.б.), ақ және түсті қағаздар, А2 (420х594мм) пішіміндегі картон, қарындаштар, жапсырғыш шегелер (кнопки), тушь, акварель, гуашь, акрил, майлы бояу, пастель (автордың қалауына сай) т.б. өзімен бірге әкелуі қажет.
«СЫЗУ» пәні бойынша Олимпиада бір кезеңде өткізіледі:

  • практикалық тапсырма.

Көркемсурет мектептерінің оқушылары үшін – бөлшектің (бір проекцияда тұрғызылған) сызбасын пішіні мен өлшемдерінің сөзбен сипатталуы бойынша орындау және аксонометриялық проекциясын тұрғызу.

Пішім өлшемдері – А3 (297х420мм).

Жалпы білім беру мектептері үшін – берілген фронталь тілігі мен үстінен көрінісінің габариттері бойынша заттың сызбасын (үстінен және сол жағынан көрінісімен толықтыру) орындау және алдыңғы ширегі алып тастап, тікбұрышты изометриялық аксонометриялық проекциясын тұрғызу.

Пішім өлшемдері – А3 (297х420мм)

«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ» пәні бойынша Олимпиада екі кезеңде өткізіледі:

1 кезең – үй тапсырмасы – «Көпұлтты Қазақстан» тақырыбы бойынша композиция. Жұмыс кез келген кескіндеме техникасында орындалады. Өлшемі АЗ пішімінен (297х420мм) аз емес. Жұмыс ұйымдастыру комитетіне келгеннен кейін тапсырылады.

2 – кезең – практикалық тапсырма:

Көкемсурет мектептерінің оқушылары үшін – «Қазақ хандығына 550 жыл» тақырыбына графика немесе кескіндеме техникасындағы композиция. Пішім өлшемі А2. Материалдар: қағаз, картон, кенеп, майлы бояу, акрил, темпера, гуашь, акварель, пастель, графит қарындаштар, тушь, қаламұш т.б. (қатысушының таңдауы бойынша).

Жалпы білім беру мектептері үшін – «Ұлы Жеңіске 70 жыл» тақырыбына графика немесе кескіндеме техникасындағы композиция. Пішім өлшемі А2. Материалдар: қағаз, картон, кенеп, майлы бояу, акрил, темпера, гуашь, акварель, пастель, графит қарындаштар, тушь, қаламұш т.б. (қатысушының таңдауы бойынша).
Олимпиадаға қатысу үшін мектептің бірінші жетекшісі растаған өтініш (1, 2 қосымшалар) 2015 жылдың 16 ақпанына дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: 100026, Қарағанды қ. Карбышев көшесі, кәсіби-көркемсурет факультеті, бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы, 11 ғимарат, 205 кабинет; немесе бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының электронды поштасына ksu_dizain@mail.ru жіберілсін.

Телефондар: 8-701-662-08-99 (бейнелеу өнері бойынша сұрақтар); 8-701-267-47-33,

8-701-161-20-89, (сызу бойынша сұрақтар).

Олимпиадаға қатысумен байланысты материалдарды, құралдар-жабдықтар мен шығындарды жіберуші жақ қамтамасыз етеді және төлейді. Олимпиадаға қатысушыларды алып келетін мұғалімдер мен оқытушылардың іссапарлық шығындарын төлеуді іссапарға жіберуші білім беру мекемелері жүргізеді. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар мен оларға ілеспе құжаттар қайтарылмайды.

Олимпиада жеңімпаздар, жүлдегерлері мен қатысушылары дипломдармен және сертификаттармен марапатталады.

ОЛИМПИАДАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

ОЛИМПИАДАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Қосымша 1

«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқушылардың Облыстық олимпиадасына
ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ
Қаланың, елді мекеннің, білім беру мекемесінің толық атауы __________________________

_______________________________________________________________________________

Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (толықтай), сыныбы:

1. _____________________________________________________________________________

2._____________________________________________________________________________

Команда жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (толықтай), лауазымы

_______________________________________________________________________________

Почта байланысы үшін (пошта индексі көрсетілген ) мекен-жайы ________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Телефондар (қала коды көрсетілен және мобильдік) ___________________________________

________________________________________________________________________________

Электрондық мекен-жай: __________________________________________________________

Қосымша мәліметтер мен тілектер __________________________________________________

________________________________________________________________________________

Ұйым жетекшісінің қолы ______________________ Тегі, аты, әкесінің аты

МО
ОЛИМПИАДАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Қосымша 2

«Сызу» пәні бойынша оқушылардың Облыстық олимпиадасына

Достарыңызбен бөлісу:

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет