Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдісі – бұл ақпаратты шифрлаудың, кодтаудың немесе басқаша түрлендірудің арнайы әдісі, мұның нәтижесінде ақпарат мазмұнына криптограмма кілтінсіз және кері түрлендірмей шығу мүмкін болмайды.
Ақпаратты өзгерту арқылы қорғау – адамзатты ерте заманнан ойландырып келе жатқан проблеманың бірі. Криптография тарихы адамзат тілі тарихымен шамалас. Сонымен бірге алғашқы жазбаның өзі де криптографиялық жүйе болып саналады, себебі оны ежелгі қоғамда тек таңдаулы адамдар ғана игере білді. Оған Ежелгі Египеттің, Ежелгі Үндінің қасиетті кітаптары мысал бола алады.
Жазба өнерінің кең таралуы криптографияның өзіндік ғылым ретінде қалыптасуына себеп болды. Алғашқы криптожүйелер біздің эрамызға дейінгі кезеңде де кездеседі. Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында криптожүйелер дамуы қарқынды өріс алды. Автоматтандырылған жүйелердегі ақпараттарды қорғау үшін қолданылады. Қазіргі кезде ақпараттық жүйелердегі криптографиялық әдістерді қолдану неліктен көкейкесті мәселе болып отыр.
Себебі, бір жағынан бөгде адамдардың оқуына мүмкіндік бермейтін үлкен мемлекеттік, әскери, коммерциялық және жеке түрдегі көлемді ақпараттар берілетін компьютерлік желілерді, соның ішінде глобалды желі Интернетті пайдалану кеңейді.