«АҚпараттық технология» негізінде математика сабағында жеке тұЛҒаның білім,білік дағдысын қалыптастыру



Дата17.07.2016
өлшемі46.15 Kb.
#205015
«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ» НЕГІЗІНДЕ

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ БІЛІМ,БІЛІК ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

Ташкенбаева Лаззат Омархановна

Математика пәнінің оқытушысы

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ, ШҚО ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
КМҚК «ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІ»

Педагогикалық оқытудың бірнеше сатылары бар,соның ішінде ерекше үшеуіне тоқтала кетуді жөн көрдім:,

Көру

  • Есту

  • Жүзеге асыру

Адам жадысында көру арқылы не сақталады

Көрме көрсету әдісі -3  сағ-3 күн

Сөздік көрсетілім-25%-10%

Көрнекті құралдар арқылы көрсету-72%-20%

Барлығын қоссақ-85%-65%


Коммуникация:




7%  Сөз

38% Дауыс

55%  Физикалық қозғалыс
Математика - нақты, тура ғылым сондықтан жүйелі білімді талап етеді.

Математиканы оқу логикалық ойлау, шығармашылық қабілетті дамытумен қатар, дұрыс қорытынды жасау мен ойды нақты әрі қысқа айта білуге үйретеді.

Математиканы оқыту: Есту мен есте сақтау,көру мен есте сақтау,шығару және түсіну атты педагогикалық принціптермен тығыз байланысты десем артық айтпаған болар едім.

Соңғы жылдарда математиканы оқыту программаларының, оқулықтардың өзгеруіне байланысты оқу-тәрбие жұмысының формасы мен әдістері жетілдіріле түсуде.

Қоғамның жаңаша даму сатысы өмірімізге компьютерлік технологияның енгізілуімен кең қанат жайып,бүкіл дүние жүзілік даму сатысының белдеулеріне аяқ басуда. Мұның бастапқы көрнісі-компьютерлік білім. Жалпы білім беруде компьютер оқушы,оқытушы әрі тәрбиелеуші.Білімді жетілдіру үшін компьютерлік технологияның екі түрлі бағытын алуға болады:біріншіден, білімді меңгеру,оқып-үйрену әр түрлі логикалық тапсырмаларды компьютерде шеше алу;

Екіншіден, тәрбиені ұйымдастырудағы бастапқы құрал ақпараттар тарату.Осы арқылы әртүрлі тәжрибелерді оқып-үйрену, әртүрлі әдістемелік шараларға қатынасуға мүмкіндіктер алу.Бүгінгі күн талабына сай білім беру үшін қажетті материалдарды жинақтау. Бүгінгі таңда оқыту әдістемелерін жаңа ақпараттық технологиясыз беру мүмкін емес.Әр оқытушының өзіндік оқыту әдістемесі бар.Ақпараттық технология арқылы білім берудің өзі -оқыту –әдістемелік кешеннің бір бөлігі.



Ал, оқыту –әдістемелік кешенмыналардан тұрады:

Оқыту программасы;Оқу-әдістемелік әдебиеттер;Оқулықтар;.Оқу құрал –жабдықтары;Мамандыққа байланысты білім жетілдіру курстары(компетенции);

Әдістемелік нұсқауларлар беру; өз бетімен ізденіс;Комьютерлік оқыту- білім беру жүйесі;Әр түрлі тестік тапсырмалар жинағы;Әр түрлі студенттік ғылыми конференцияларға қатынасу дың әдістемелік нұсқаулары.

Менің мақсатым: «Математика сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын» қолдана отырып оқушылардың білім, білік, дағдысын қалыптастыру.

Қазіргі таңда дүние жүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру мен тәрбие мәселесін гуманистік дәрежеге көтеруші, мәдени құндылықтарға қол жеткізуші, оны іске асырушы – мұғалім.

Жаңа ғасыр мұғалімі – жаңа нарықтық экономика заманына сай құзырлы болуы үшін үнемі ізденіс үстінде болуы керек.

Жалпы білім беруді жетілдіру негізіне « компетенттілік» тәсілді алу ұсынылып жүр.

Ал психологиялық тұрғыдан алғанда «компетенттілік» - жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу мүмкіндігі.

«Компетенттілік» компетенция – оқытудың және өзбетінше білім алудың нәтижесінде қалыптасатын және адамның әлеуметтік мобильдігін анықтайтын, білім мен тәжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қаблеттіліктер.

Демек, компетенттілік ұғымы «білім», «білік», «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды.

Алайда бұл олардың жай жиынтығы емес, білім нәтижесімен қатар шығармашылық іс-әрекеттер құндылығы мен бағдарларының жүйесі.

«Білім», «білік», «дағды» сияқты ұғымдар өзінің даралылығымен сипатталып, өз бетімен жетілдіріліп отырғанда ғана құзіреттіліктің негізі бола алады.


Білім сапасы білім , білік , дағды тұлғаның қасиеттері, қабілеттерімен бағаланса ғана «тұлға» қабілетті, шығармашыл педагогикалық обьект ретінде қалыптаса алатын адам болады .

Бәсекеге қаблетті тұлғаны жетілдіру үшін мен алдыма жаңа ақпараттық технологиялардың элементтерін пайдалана отырып математика сабақтарында оқушының шығармашылығын дамытудың жолдарын қарастыруды мақсат етіп қойдым.
Ақпараттық технология



Мақсаты

Міндеті




Математика сабағында ақпараттық

технологияның атқаратын қызметі




Оқытатын Бақылаушы
Тірек сызба Математикалық тест

Өзін-өзі бағалау

Математикалық диктант
Үйретуші


Деңгейлік тапсырмалар Шығармашылық жаттығулар


Ғұлама Абайдың шәкірті Шәкәрім атамыз:

«Мейірім,ынсап,ақ пейіл,

Адал еңбек.

Бұл төртеуін кім қылса,

Шын адам сол» - деген екен. Сол себепті математика сабағында халықтық педагогика элементтерін пайдалануды жөн көрдім.

Дана халық «Бұлақ көрсең көзін аш» деп оқытушыларға ұран жолдайды.

Көзі ашылған бұлақ ағып, арнасына толысары сөзсіз.

Халықтық педагогика дегеніміз қазақ елінің ғасырлар бойына жинақтаған тәлім-тәжірибесі.

Халықтық педагогика элементтері арқылы оқыту: біріншіден, оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру.

Екіншіден, оқушының ынтасын, зейінін арттырып, логикалық ойлау қаблеттерін шыңдау арқылы шығармашылығын дамыту. Үшіншіден, Елжандылыққа, ұжымшылдыққа, сыйласымдылыққа тәрбиелеуге жол ашады.



қорытындылай келе математика сабағы: Оқушының жан-жақты маман болуына жол ашатын тәрбие жолы деймін.

Математика сабағында компьютерді қолдану оқушының жан-жақты жетілуіне,мұғалімнің әр түрлі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруына, жаңа оқыту формаларын ойлап табуына үлкен мүмкіндік туғызады

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет