АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ
С.Ш.Тілеубай
С.К.Тоқсанова
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып өсіп өркендеуі, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу бүгінгі таңдағы басты міндеттердің бірі. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе- білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы-мектеп, ал мектептің жаны-мұғалімдердің басты міндеті өз ұрпағының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.
Президентіміздің білім саласын ақпараттандыруға байланысты Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметі мектептерді техникамен қайта жабдықтауға, жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге көп көңіл бөлуде[1].
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Жаңа педагогикалық технология мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Жаңа технологияда басты міндет-оқушының оқу танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материалының теориялық мазмұның игеру жөніндегі еңбекті тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығын және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологияларды игерулеріне тікелей байланыста болады.
Қазіргі кезең қоғам талабына сай оқытуда жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылырдың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің шығармашылық әлеуетін көтерудің маңызы зор. Жаңа педагогикалық технология арқылы оқыту барысында оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыруға бірден-бір әсер етеді. Мұғалім мен оқушылар бірлесіп оқи отырып, субъект субъект ретінде болады. Мұғалімнің рөлі көбінесе оқу үрдісін ұйымдастырушы, оқушылардың ынта-ықыласын белсенді етуші қалпында көрінеді.
Осыған орай, қазіргі мектептерде оқу-тәрбие үрдісіне енгізілген жаңа педагогикалық технологиялар оқушыларды тиімді білім алу жолдарымен және тұлғаның жеке қалыптасуындағы іс-әрекеттеріне кең түрде қолданылуда.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек»? деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үдерісі. Бұл үдерісті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет.
Ақпараттық технологиялардың бірі интерактивті тақта – сыныптағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл мұғалімдерге жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін ресурс және бұл тақтамен мультимедиялық және он-лайн сабақтарын әр сабақты қызықты өткізу[2].
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге математика, информатика сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Оқушыларды ақпараттық қоғамға бейімдеу, ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту, оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.
Сабақта компьютерді пайдаланудың тиімділігін былай саралап көрсетуге болады.
-
Оқушылар компьютермен тікелей қатысты болғандықтан өзін еркін сезінеді.
-
Сабақ барысында оқушылардың белсенділік, жауапкершілік және өзіндік шығармашылық қабілеттері қалыптасады. Оқушы өз бетінше еңбектенеді және өз еңбегінің нәтижесін көреді. Өзін-өзі қадағалауға мүмкіншілік туады, тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындайды. Сол арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды.
Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына тиімділігі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар.
Оқушы жалпы жұмысқа қосатын үлесін өзі анықтайды, сондықтан сабаққа бар ықыласымен кіріседі. Белгілі бір жүйеден шықпай, қатып қалған оқу тәсілі өзгереді. Оқушылардың өзіне деген сенімі нығаяды. Бірлесе жұмыс істеу оқушылардың арасында ынтымақ-бірлікті, әдептілік қасиеттерін қалыптастырады. Әр топтың жұмыс нәтижесін бағалайтын нақты бір жүйе дайындап алу шарт. Оқушылар жолдастарының жұмыстарын талдай отырып, ойларын ашық айтуға үйренеді.
Оқыту жүйесінде ақпараттық және интерактивті технологияларды қолдана отырып, төмендегі нәтижеге көз жеткізеді:
-
Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен толықтыруға дағдыланады;
-
Игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарастарын қорғай алады;
-
Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алады.
-
Интерактивті технология әдісі:
-
Еркін ойлауға мүмкіндік береді;
-
Ақыл-ойын дамытады;
-
Шығармашылық белсенділігін арттырады;
-
Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;
-
Тіл байлығын жетілдіреді;
-
Жан-жақты ізденушілігін арттырады.
Қазіргі таңда әрбір педагог баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Өйткені қазіргі мектеп жасындағы оқушылар қай сыныпта оқыса да, қай жаста болса да өзінің кім болатынын, қандай адам болатынын армандайды және өмірде өз орнын табуды басты мақсат деп санайды, сондай-ақ өзіне айналасындағылардан дұрыс бағдар беретін ақыл-кеңес күтеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын мұғалім ғана бүгінгі коғамның мүддесі мен әр оқушының үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты мұғалім қалыптастыра алады.
Қорыта келгенде жаңа технологияны пайдалану мұғалім мен оқушының қарым-қатынас жағдайын аса шеберлік, білімділік, демократиялық бағытта уақыт талабына сай таңдауды және педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шыңдайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
-
Білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы.
-
С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.
Достарыңызбен бөлісу: |