Диплом қосымшасымен; еңбек кітапшасы; біліктілік санаты туралы куәлік көшірмелері



Дата26.04.2024
өлшемі14.64 Kb.
#499938
түріДиплом
портфолио үлгісі


Аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлердің портфолио құрылымы


І бөлім. Педагог туралы мәлімет
Тиісті құжаттар:

  • Төлқұжат;

  • диплом қосымшасымен;

  • еңбек кітапшасы;

  • біліктілік санаты туралы куәлік көшірмелері;



ІІ бөлім. Білім беру сапасын қамтамасыз ету
Тиісті құжаттар:

  • соңғы 3 жылдағы білім беру бағдарламасын игеруі, білім сапасының динамикасы;

  • педагогтің соңғы оқу жылындағы сабақты (оқуды, ұйымдастырылған қызметті, іс-шараны) бағалау парақтарының болуы: «педагог-модератор»-5, «педагог-сарапшы»-5, «педагог-зерттеуші»-5, «педагог-шебер»-5 (бақылау парағы білім беру ұйымының басшысының қолы қойылып және мөрімен бекітіледі);

  • «Оқыту (өткізу, ұйымдастыру) сапасы» көрсеткіші бойынша орташа арифметикалық мән қойылады (бақылау парақтары бесеуден кем емес болу керек).



ІІІ бөлім. Жетістіктер
Тиісті құжаттар:

  • конкурстық іс-шаралар білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісіледі;

  • кезеңдер бойынша олимпиадаға қатысқан жетістіктері;

  • кезеңдер бойынша ғылыми жобаға қатысқан жетістіктері;

  • сынып оқушыларының түрлі конкурстар негізінде жеткен жетістіктері;

  • педагог қызметкердің түрлі кәсіби байқауларда жеткен жетістіктері;



ІV бөлім. Тәжірибені жинақтау және тарату

  • тәжірибені тарату жөніндегі іс-шаралар республикалық оқу-әдістемелік кеңес, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік кеңесі («педагог-шебер») немесе облыстың білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңес немесе тиісті саланың уәкілетті органының білім беру ұйымдары үшін республикалық оқу-әдістемелік бірлестік бекіткен материалдар;

  • семинарда оқыған баяндамалары, сол материал жарияланған жағдайда жарияланым;

  • «Оқу-әдістемелік материалдар» көрсеткіші бойынша (авторлық бағдарламадан басқа) бірлескен авторлық жағдайда (3 автордан аспайтын) республикалық оқу-әдістемелік кеңес, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған материалдар;

  • «Зерттеу қызметі (тәжірибені зерттеу) негізінде жариялау» көрсеткіші бойынша бірлескен авторлық жағдайда (3 автордан аспайтын) жұмыстары;



V бөлім. Біліктілікті арттыру

  • «Біліктілікті арттыру» көрсеткіші бойынша біліктілікті арттыру курстарының сертификат көшірмелері.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет