Ақпараттық технологияның қарқынды дамуна байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. Дк қолданудың ең негізгі облыстарының бірі бағдарламалау болып табылады


Зертханалық жұмысты орындауға арналған жеке тапсырмалар



бет59/71
Дата04.10.2022
өлшемі1.36 Mb.
#461923
түріПрограмма
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71
С тілінде программалау УМКД

Зертханалық жұмысты орындауға арналған жеке тапсырмалар:


  1. Оң және терiс сандар тiзбегiндегi бiрiншi терiс санға дейiнгi орналасқан сандар тiзбегiнiң өсу ретiмен орналасатындығын анықтаңдар.

  2. N кәсiпорынның бiр жылғы электр энергиясын тұтынуы туралы дерек бар. Осы бойынша энергия тұтынудың арифметикалық ортасын және энергияны ең көп үнемдеген кәсiпорынды анықтаңдар.

  3. 14 аудан бойынша жанармай қорының мөлшерi белгiлi. Жанармаймен ең жақсы қамтылған үш ауданды анықтаңдар

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС № 9




Тақырыбы: Құрылымдар және санаулар


Жұмыстың мақсаты: С++ тілінің құрылымдарын пайдаланып есептер шығаруды үйрену.


Оқу-зертханалық құрылғылар тізімі: Дербес компьютер немесе ноутбук, Windows/Linux/macOS операциялық жүйелерінің бірі, Turbo С++/Dev C++/Visual C++ бағдарламалау орталарының бірі.


Қысқаша теориялық мағлұмат:


Программа жазу кезінде бір типтегі әр түрлі мәндер қабылдай алатын шамаларды анықтау да кездесіп жатады. Ол үшін тізім түріндегі мәліметтер типін – тізбелерді қолданған жөн. Enum түйінді сөзі арқылы жасалған тізбелер программаны оқып түсінуді жеңілдетеді. Тізбелерге кіретін константалар int типінде болады. Келісім бойынша бірінші константа 0-ге


тең, келесісі – 1-ге, сонан соң – 2-ге, т.с.с. бола береді. Бір тізбедегі барлық константалардың аттары әр түрлі болуы тиіс. Тізбенің жазылу форматы:
enum [тип_аты] {константалар_тізімі};
Тип аты программада осы типтегі айнымалыларды анықтау керек болған жағдайда беріледі. Компилятор осындай айнымалылардың константалар тізіміндегі мәндерді ғана қабылдауын қамтамасыз етеді. Константалар бүтін санды типте болуы тиіс және олар алғашқы мәндерді кәдімгідей түрде қабылдауы (инициалдануы) керек. Инициалдану болмаса, бірінші константа нөл болып саналады да, келесісі алдыңғысынан бірге артық мән қабылдайды.
Мысалы:
enum {two = 2,three,four,ten = 10,eleven,fifty = ten + 40};
мұнда three және four константаларына 3 және 4 мәндері, ал eleven константасына – 11 мәні меншіктеледі.
enum color {r,g,b}; // r=0, g=1, b=2
enum color {r=2,g=4,b=6}; // типті жариялау және инициалдау enum color {r,g=3,b}; // r=0, g=3, b=4




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет