Ақпараттық технологияның қарқынды дамуна байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. Дк қолданудың ең негізгі облыстарының бірі бағдарламалау болып табылады



бет2/71
Дата04.10.2022
өлшемі1.36 Mb.
#461923
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
С тілінде программалау УМКД

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ




ЛЕКЦИЯ № 1


Тақырыбы: С++ бағдарламалау ортасы. С++ тіліне қысқаша шолу.
Тілдің құрамы. С++ тілінің дамуы мен қолданылуы


Лекция жоспары:


  1. Программалау тілдері

  2. Жоғары деңгейлі программалау тілдері

  3. Си/С++ программалау тілі



Лекция мазмұны





  1. Программалау тілдері

Программаларды компьютерде тікелей орындауға арналған алгоритмдерді жазу тәсілі, яғни алгоритмдерді компьютерге түсінікті мәтін ретінде жазуға арналған қарапайым жасанды тіл программалау тілдері деп аталады. Әрбір компьютердің өзінің машиналық программалау тілі болады, оны командалар тілі немесе кодтар (арнайы таңбалау) тілі дейді. Компьютер тек өз ана тілінде, яғни машиналық тілде жазылған программаларды ғана орындай алады. Алайда, машина тілінде программа жазу өте күрделі жұмыс, өйткені ол тек екілік (он алтылық) жүйедегі кодтардан тұрады және әр машинада әртүрлі машиналық тіл қолданылады.


Программа жазуды жеңілдету үшін математикалық формулаларды кеңінен қолданатын, ағылшын тілінің негізінде жасалған алгоритмдік тілдер Бейсик, Паскаль, Фортран, С, т.б. кеңінен қолданылады. Алгоритмдік немесе программалау тілі – жазу ережелері қарапайым жасанды тіл. Оның машина тілдерінен айырмашылығы – табиғи ағылшын тілі негізге алынып, кең тараған математикалық таңбалармен толықтырылып жасалған. Сондықтан алгоритмдік тілдерде программа жасау адамдарға әрі жеңіл, әрі ыңғайлы болып келеді.
Алгоритмдік тілдер автоматты түрде компьютердің көмегімен аудармашы программалар арқылы машиналық тілге көшіріледі.
Әрбір машинаның өз машиналық тілі болады және ол тек осы тілдегі программаларды ғана орындай алады. Программаларды машиналық тілде жазу өте күрделі, әрі адамды шаршататын жұмыс болып табылады. Программалаушылардың жұмыс өнімділігін арттыру мақсатында жасанды тілдер, яғни программалау тілдері қолданылады. Мұндайда жасанды тілде жазылған программа машиналық тілге аударылуы тиіс.
Алгоритмдік тілдер машинаға және проблемаға бағытталған болып екіге бөлінеді. Машинаға бағытталған тілдердің машина тілінен айырмашылығы, олар компьютердің ерекшеліктерін есепке ала отырып әріптерді де пайдаланады. Қазіргі кезде машинаға бағытталған тілдерде
маман программалаушылар жұмыс істейді. Оларға – автокод, макроассемблер, ассемблер тәрізді тілдер жатады.
Проблемаға бағытталған тілдер шығарылатын есептердің ерекшеліктерін еске ала отырып, есептің математикада жазылу тіліне жақындастырылады. Бұларға – Бейсик, Фортран, Паскаль, С, т.с.с. тілдер жатады.





Сурет 1.1. – Есепті шығару кезеңі


Негізінде компьютерде кез келген программалау тілінде жазылған есеп машина тіліне аударылып барып орындалады. Есептің орындалу кезеңдерін 1.1-суретте көрсетілген схема түрінде көрсетуге болады.


Жалпы осы оқулықтың (пәннің) заттық негізі болып алгоритмдер мен программаларды құрастыру тәсілдері мен құралдары саналады. Программалар құру үшін программалау жүйелері пайдаланылады.
Программалау жүйесі – программалауды автоматтандыру құралдары. Олар программалау тілінен, тілдің трансляторынан, құжаттамаларынан және де программаларды дайындау әрі орындау құралдарынан тұрады.
Транслятор – бір тілді екінші тілге аудару программасы. Оларды пайдалану программалауды жеңілдете отырып, компьютерде есеп шығару процесін оңайлатады, алайда онда есеп шығару уақыты аздап көбейеді. Транслятор интерпретатор және компилятор сияқты екі топқа бөлінеді. Интерпретатор – бұл командаларды аударып, оларды бірден орындауға арналған трансляторлық программа. Жиі қолданылатын, тікелей интерпретация жасайтын транслятор түріне Бейсик тілінің трансляторы жатады, ол командаларды аударады да, оны бірден орындайды. Мұндай транслятор жұмысының қорытындысы қажетті нәтижелерді алу болып табылады.
Компилятор – бұл алгоритмдік тілдің конструкцияларын толығымен машиналық кодқа түрлендіретін программа. Есептің нәтижесін алу түшін машиналық кодты орындау керек.
Паскаль, С тілдерінің трансляторы – компилятор түрінде болады. Мұнда бастапқы жазылған программа мәтіні машина тіліне аударылады да, объектілік модуль деп аталатын программа коды шығарылады. Сонан соң объектілік модуль Программа аралық байланыс редакторы деп аталатын программа арқылы өңделгеннен кейін барып қана жұмыс істеуге дайын болады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі – алгоритмдік тілдегі алғашқы жазылған нұсқасы, ал екіншісі – объектілік кодтағы машина кодында жазылған программа. Есептің нәтижесін тек машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал
программаны түзету қажет болғанда оның алғашқы нұсқасы өңделіп, оны қайта түрлендіру сатысы жүзеге асырылады.
Әртүрлі процессорлар типтерінің машиналық командалары да әртүрлі болады. Егер программалау тілі нақты бір процессор типінің ерекшеліктерін есепке ала отырып жұмыс істейтін болса, онда ол төменгі деңгейдегі программалау тілі деп аталады. Ең төменгі деңгейдегі программалау тілі ассемблер болып саналады, ол машиналық кодтың әрбір командасын мнемоника деп аталатын арнайы символдық белгілермен жазып шығады. Төменгі деңгейдегі программалау тілдері көмегімен өте тиімді және ықшам программалар жасалады, мұнда программалаушы процессордың барлық мүмкіндіктерін толық пайдалана алады. Процессорлардың әртүрлі модельдерінің өз ассемблерлері болатындықтан, мұнда жазылған программа тек осы ортада ғана орындалуы тиіс. Сондықтан мұндай тілдер шағын жүйелік программалар мен драйверлер жазуға ыңғайлы болып табылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет