Аппақ-аппақ аруларым Тойда ойнайды



Дата23.11.2022
өлшемі14.76 Kb.
#465487
Ұнап барасың


Аппақ-аппақ аруларым 
Тойда ойнайды 
Үйленбеген көп жігіттер 
Соны ойлайды 
Қ-сы
Соны ойлайды, 
Сені ойлайды 
Қасыңыз қара, шашыңыз ұзын 
Көзім тоймайды. 

Қара-қара көздерің-ай 
Күлім қағатын 
Жалын атқан жанарың-ай 
Оттай жанатын 
Қ-сы
Оттай жанатын, 
Шоқтай болатын 
Бір өзің балдай, мінезің қандай 
Тоқтай қалатын 

Бара-бара қалқам маған 
Ұнап барасың 
Жана-жана қызғаныштан 
Жылап қаласың 

Қ-сы
Жылап қаласың 
Шыдап бағасың 
Көзіме қара, өзіме ғана 
Сыр ақтарасың. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет