Тақырыбы:Қарға мен түлкі Мақсаты: Жақсылық пен жамандық



Дата21.10.2022
өлшемі17.27 Kb.
#463153
Тақырыбы.docx мөлдір


Тақырыбы:Қарға мен түлкі
Мақсаты:Жақсылық пен жамандық.
Тәрбиеші;Сәлеметсіздер ме балалар.
Көңіл-күйлерің қалай?
Сергіту сәті
Қарға, қарға,қарғалар
Қар үстінде жорғалар
Боран соқса бүрсісіп,
Бұта басын қорғалар.

Ерте ,ерте,ертеде бір қарға ұшып жүріп ,


Жерден бір түйір ірімшік тауып алып.
Ағашқа Қарға қонды барып .
Тоқ санап ірімшікті көңіліне,
Жей қоймай , отыр еді ойға қалып
Қашаннан белгілі аңқау ала Қарға
Нәсіпке бұйырмаған шара бар ма ?
Шығатын шығасыға болып себеп,
Ағашты зылым түлкі аралар ма!
Тістеген ірімшігін Түлкі көріп
Аяғын ептеп басып жақын келіп
Түлкі: Сәлеметсіңбе қарға ! Сен қандай әдемі құссың,көздерің,қанаттарың қандай әдемі.Даусың қандай тамаша.Сен ән салғанда барлық құстар мен аңдар тоқтай қалып тыңдайды. Қане маған бір ән салып берші?
Мұндай мақтауды естіген қарға,бар даусымен Қ-А-Р-Қ етті,аузынан ірімшік жерге салып етті,-қу кетті, іс бітті.
Қарға жан-жағына қарап,қарқ-қарқ деп қарқылдай бастады. Сөйтіп қу түлкіге алданып қалғанын түсінді.

Балалар қу түлкінің істеген әрекеті дұрыс па?


Сендер қарғаның орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Ертегі де қанша кейіпкер болды, қане кім айтқысы келеді?(2)қарға мен түлкі
Сендерге ертегі ұнады ма?
Балалар қарғаға ірімшік жасап беруге көмектесеміз бе/?
Онда бәріміз орнымызға отырып,жеңімізді түріп,ірімшік жасаудың әдәс-тәсіліне назар аударайық.
Балаларға ірімшік жасаудың әдіс-тәсілін көрсетіп, үйретіп балалар жұмысқа кіріседі.Қиналған қарғаға балалар көмек көрсетеді.
Балалар, тездетіңдер!
Міне осы істеген ірімшіктерімізді Қарғаға берейік.
Қорытынды:
Жарайсыңдар,сендеге көп рахмет.Бүгінгі сабақ керемет өтті деген ойдамын.Келесі кездескенше сау болыңдар!
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Ертегі желісі бойынша сахналауды;
Нені игереді: Пластилинографияның әдіс-тәсілін ;
Қолданады: Қамқорлықты,ұқыптылықты,ептілікті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет