Арқа ажары. – 2010. №19. – 18 ақпан Имашұлы Б. Ұлағаты мен тағылымы мол



Дата09.07.2016
өлшемі60.3 Kb.
#187076
Арқа ажары. – 2010. - №19. – 18 ақпан

Имашұлы Б.



Ұлағаты мен тағылымы мол
...Күні кеше сияқты еді. Облыс орталығындағы Тың темір жолы басқармасы бастығы орынбасарының көмекшісі қызметін атқарып жүрген Айман Қапсытбайқызын қаладағы ауыл шаруашылығы институтының сол кездегі ректоры Кенжеғали Әбенүлы Сағадиев өзіне шақырып, оқу орнында ашылғалы отырған қазақ тілі кафедрасына жетекшілік жасау жөнінде ұсыныс жасады.

- Сіздің ұстаздық тәжірибеңіз бар. Іскерлігіңізден де хабардармыз. Қалау өзіңізге түсіп отыр. Қалай қарайсыз?.. Мақұл десеңіз бүгін-ақ бұйрыққа қол қоямың - деп мәселені төтесінен бірақ қойды. Бұған дейін де едәуір жыл қаладағы Жамбыл атындағы қазақ орта мектебінде ұстаздық еткен Айман Қожахметова Ана тіліміз туралы заңның қабылданып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алғанына қуанғандардың бірі еді. Бірден келісімін берді. Бұл 1990 жыл болатын.

Әдетте «жұмысына білек сыбана кірісті, еңбегі жанды», - деп жатамыз. Арада жиырма жыл артта қалғанда өткенге баға беру де оңай емес сияқты. Өйткені Айман Қапсытбайқызы бәрін жаңадан, тыңнан бастады. Оқу бағдарламасын әзірлеу, әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар, арнайы кабинеттер, оларды жабдықтау деген сияқты ұйымдық мәселелермен айналысуға тура келді. Тіпті Алматыға арнайы сапар шегіп, елдегі жоғары оқу орындарының қара шаңырағы - Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің қазақ тілі кафедрасының оқытушы-профессорларына дейін барып ақыл қосып қайтқаны бар. Оқу орны ректораты тарапынан қолдау мен көмек әрдайым көрсетіліп отырды. Қалай дегенмен де Елордамыздағы ең алғаш шаңырағын көтерген жоғары оқу орны, жарты ғасырдан астам тарихы бар, негізінен орыс тілді оқыту әдістемелігіне бейімделген білім ордасында қазақ тілді дәрісін төрт аяғынан тең қою оңай шаруа емес еді.

Қаймықпай қолға алынған іс алғашқы жылдың өзінде-ақ өз жемісін нәтижесін бере бастады. Бейнелеп айтсақ, сең қозғалып, қалың мұздың көбесі сөгілді. Жекелеген пәндер бойынша оқу құралдары жетіспегенді былай қойғанда, олар тіпті жоқ болатын. Ұстаздар, өздері құрастырып жазуларына тура келеді. Материалдық-техникалық негізі де жұтаң еді. Ректор, Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев, одан кейінгі ұжым басшысы Бекен Өкенұлы Әлімжанов жаңадан ашылған кафедраның қалыптасып, толыққанды қызмет етуіне қолдарынан келген көмектерін аяған жоқ.

Қазір оқу орнында арнайы жабдықталған кабинеттер, жеке компьютер бөлімі бар. Материалдық-техникалық базасы жоғары білімді мамандар даярлаудың қазіргі талаптарына сай жабдықталған. Қажетті оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулықтарды оқытушылар өздері әзірлеп, осындағы баспаханада басып шығару мүмкіндігіне ие болды.

- 2001-2010 жылдарға арналған Тілдерді дамыту тұжырымдамасы негізінде университетімізде арнайы комиссия құрылған, - дейді Айман Қапсытбайқызы бізбен әңгімесін сабақтай түсіп. - Аталмыш бағдарламаға сәйкес іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу қолға алынған болатын. Өзім сол комиссияның мүшесімін. Соның нәтижесінде осыдан үш жыл бұрын университетіміз барлық іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізетін Елордамыздағы бірден-бір жоғары оқу орны санатына ілікті. Бір ғана мысал. 2008 жылы қалалық «Тіл басқарма-сының» сараптау қорытындысы бойынша университетінің Астанадағы жоғары оқу орындары арасында қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуден бірінші орынды жеңіп алды.

Асыра айтқандық емес, қазақтың біртуар тұлғасы, Сәкен Сейфуллин атындағы аграрлық-техникалық университеттің осындай биік беделге ие болуы білікті басшылар мен ұлағатты ұстаздары еңбегінің нәтижесі деп баға берер болсақ, университеттің қазіргі ректоры, ғылым докторы, профессор Айтбай Қабыкешұлы Бұлашевтың командасы бар қарым-қабілеті мен күш-жігерін осы білім ордасының келешегі үшін жұмсап келді десек, бұл асыра айтқандық емес. Өйткені ана тілімізге деген құрмет пен қамқорлық, оған деген қолдау оның қолдануы мен қозғалуы оқу орнында өз дәрежесінде.

Білім ордасы негізінен ауыл шаруашылығы саласы мамандарын даярлайтын оқу орны болғанымен, бүгінде ашылғанына 20 жыл толған қазақ тілі кафедрасының ұйытқы болуымен мәдениет пен өнерге де тиісті дәрежеде көңіл бөліп отырады. Студенттер өздерінің кәсіби біліміне сай дәріс алумен қатар, рухани құндылықтарымызды да қатар меңгеруде. Әртүрлі әдеби, мәдени шаралар, Астанадағы зиялы қауым өкілдері, мәдениет, қоғам қайраткерлері, өнер жұлдыздарымен жүздесу дәстүрге айналды десе болғандай.

Кафедра ұстаздарының ұсынысымен жыл сайын оқу орнына қабылданған талапкерлер қалаған мамандығы жайлы жазған өтінішіне қоса өзінің қандай өнерге бейімі бар екендігі жөнінде де мағлұмат береді. Міне, осы деректер бойынша, олардың қайсысы қандай өнер саласына бейім екендігі анықталып, алдағы атқарылатын шараларға тартылады. Өздерінің өнердегі алғашқы қадамдарын осы университетте бастаған өрендердің бірқатары қалалық, республикалық байқаулардың дипломанттары, жүлдегерлері қатарында өнер көрсетіп жүр. Ал оқу орнының көңілділер мен тапқырлар клубы (КВН) командасының атағы республикамыздан тыс Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдеріне мәлім болып отыр. Бұған қоса көптеген түлектер әртүрлі өнер үйірмелерінің құрамында Астанадағы түрлі мәдени көпшілік шараларға қатысып, оқу орнының абыройын асқақтатуда.

Әдетте «оқу мен тәрбие - егіз» деген ұғым қалыптасқан. Оқу орнындағы, Елордамыздағы қандай да бір мәдени шара болсын оның ортасынан Айман Қапсытбайқызы жетекшілік ететін кафедра ұжымын көреміз. Мәселен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 10 жыл», «Әз Астана, елдің даңқын асырдың!», «Ұлыстың ұлы күні», «Қазақстан халықтарының тілдер апталығы», оқу жылы бойы ұйымдастырылатын тағы да басқа шаралардың бел ортасында Айман Қожахметованы көреміз. Айталық, осыдан екі-үш жыл бұрын Елордамызда Наурыз мерекесі кезінде Бәйтеректі қоршай тігілген ақшаңқан киіз үйлердің қатарындағы осы Агроуниверситеттің қара қосынан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дәм татып, халқымыздың ұмыт бола бастаған «Сілікпе» деген тағамын әзірлегендеріне ризашылығын білдіріп, рахмет айтып батасын берген еді. Осы тағамды әзірлеуге ұйытқы болып жүрген де Айман Қапсытбайқызы болатын. Келесі бір Наурыз тойында осы оқу орнының қара қосына келген меймандар Бұхар жырау жырларында мысалға келтірілген «Жорық үйтпесінің» дәмін де татқан еді.

Білім ордасы Сәкен Сейфуллин есімімен аталады деп жоғарыда айтып өткен болатынбыз. Ақиық ақынның, қоғам қайраткерінің туған күні мен жаламен мерт болған күндерін дәстүр бойынша атап өту Елордамызда осы университеттен бастау алады. Ал осы шараға ерекше мән беру, оның мазмұнын байыту осы кафедра ұжымының жауапкершілігінде.

Иә, осыдан жиырма жыл бұрын Республикамыздағы жоғары оқу орындары қатарында алғашқылардың бірі болып қабырғасы қаланған қазақ тілі кафедрасының мәртебесі бүгінде өз дәрежесінде деп толық сеніммен айтуға болады. Алғашқы жылы өз жұмысын 3 оқытушымен бастаған оның құрамында бүгіндө жоғары білімді 17 маман еңбек етеді. Оның 4-еуі ғылым кандидаты, 4-еуі ғылым магистрі.

...Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамбыл ауданына қарасты Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектепті алтын медальмен бітірген Айман Қожахметова арада бірнеше жылдар өткенде ана тілінің маманы, жанашыры боламын, осы жолда ғылыми еңбектер, әдістемелік оқу құралдарын жазамық кітап бастырып шығарамын деп ойламағаны анық. Бірақ «Өмір» атты көшкеруен жолының бір белесі осы жолды таңдапты. Оған өзі еш өкініш білдірмейді де. Айман Қапсытбайқызының қаламынан шыққан ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Қазақ тілі» практикалық курсы, «Қазақ тілінің тәжірибелік сабақтары» кітаптары, отызға тарта ғылыми мақалалары мен баяндамалары көз майын тауысқан ізденістерінің жемістері, отбасының тірлігіне, балашаға, немерелерінің тәрбиелеріне араласып жүріп тындырған еңбегі.

«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, доцент секілді марапаттар мен ғылыми дәрежелер Айман Қапсытбайқызы Қожахметованың кафедраны 20 жыл бойы басқарып, ана тіліміздің мәртебесін арттыруға, қолданыс аясын дамытудағы сіңірген еңбегіне берілген баға деп бағалауымыз ләзім. Бұған қоса айтарымыз, жуырда Университеттің ғылыми кеңесінде Айман Қожахметоваға «Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінің құрметті қызметкері» деген атақ берілді.



...¥л-қыздары Нұрай, Салтанат, Гүлжан, Дулаттың абзал анасы, есімі елге мәлім Нұрғожа есімді ақын ағамыздың жарты ғасыр бойы отасып келе жатқан асыл жары, немерелері Марал, Айым, Айжан, Ерсұлтанның алтын әжесі, шөбересі Назеркенің ақ әжесі бүгінде мерей жасын атап өткелі отырған Айман Қап-сытбайқызының жиырма жылдан бері ана тіліміздің жаңашыры болып, жеке басымен үлгі көрсетіп келе жатқаны бүгінгі ұрпаққа жақсы өнеге болары анық.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет