Арқа ажары. – 2013. №76. – 13 шілде Ресей құрамасы көш бастап келеді



Дата16.06.2016
өлшемі18.43 Kb.
#140044
Арқа ажары. – 2013. - № 76. – 13 шілде
Ресей құрамасы көш бастап келеді
Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында студенттердің XXVII Бүкіләлемдік жазғы уни­версиада сайыстарында жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатары көбейе түсуде.

Бүгін спортшылар бәсекесінің сегізінші күні. Бұған дейін сынға түскен қыздар мен жігіттер жарыстың 200-ден астам түрінде бақтарын сынап үлгерді. Спортшылары көп Ресей құрамасы бүгінгі күнге дейін 143 наградаға (74 алтын, 38 күміс, 31 қола) ие болып, сенімді түрде көш бас­тап келеді. Олар жеңіл атлети­ка, белбеу күресі, бокс, дзюдо, суға секіру, сайыс, суда ырғақты жүзу, спорттық гимнастика, академиялық қайық есу, жүзу және ауыр атлетикадан алтын медальдарды күреп алды.

Екінші орында Қытай Халық Республикасы келеді. Олар спорттың он екі түрінен чемпион атанды. Сондай-ақ, 16 күміс пен 7 қолаға қол жеткізіп отыр. Жапония мен Оңтүстік Корея спортшылары да 12 алтын медальдан олжалап, командалық есепте үшінші және төртінші орындарда тұр.

Қазақстан құрама командасының да аяқ алысы жаман емес. Бүгінгі күнге дейін Қазан төрінде еліміздің Әнұраны екі мәрте орындалды. Күміс жүлделер қатарын белбеу күресінен балуанымыз Эскархан Осканов боксшыларымыз Рустам Рустамов (56 келі), біздің жерлесіміз Жан Кособуцкий толықтырды. Ақмолалық спортшы ақтық сында Ресей өкілі Магомед Омаровқа жол берсе, Ру­стам бауырымыз шаршы алаң иесі Сергей Водопьяновқа ұтылды. Ал, қола медальдың иегері 49 келі салмақта шаршы алаңда сынға түскен Ержан Жомарт болатын.

Өткен бейсенбі күні жеңіл ат­летикадан сынға түскен Ники­та Филиппов биіктікке сырықпен секіруде үшінші орын алды. Қазақстанның семсерлеушілері қола медаль үшін таласта Швей­цария құрамасын 35:34 есебімен тізе бүктірді.

Еркін күрес шеберлері Аслан Какидзе, Бердах Примабаев, Самат Омаров жэне Ержан Дүйсенбеков те белдесулерін өткізді. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бердах жеңіс тұғырының үшінші сатасына көтерілді. Сондай-ақ, әйел дзюдошылар Меруедт Иманғалиева, Алтынай Балтина, Назгүл Қүбашева, Мархабат Қуатбекова, Замзагүл Файзолланова, Альбина Амангелдиева жэне Зульфия Мухамедиярова Украина құрама командасындағы құрбыларына қарсы тұрды.



Сондай-ақ, ақмолалық Кирилл Агоев ұзындыққа, Ирина және Екатерина Эктовтар үш мәрте секірудің финалдық бәсекесіне қатысты. Біздің желаяқ Иван Обьезчик жартылай финалдық бәсекеде 800 метрге жүгірді.

Бүгінгі күнге дейін қоржынымызға 2 алтын, 6 күміс және 8 қола медаль түсті. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 14-ші орында келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет