«Мен үшін ҰБТ...» жаттығуы
Қатысушылар әрқайсысы бір ақ қағазды алып ҰБТ – ға байланысты сезімдерін сурет арқылы бейнелейді.
«Көрші» сергіту сәті
Көршіңді оң жақтан құшақтап,
Көршіңді сол жақтан құшақтап,
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып
Оң жақтағы көршіңе оң көзіңді
Сол жақтағы көршіңе сол көзіңді қысып,
Оң бір қарап, солға бір қарап шын жүректен тілегімізді айтайық.
Бейнематериал
Минидәріс «Стресс»
Емтихан болсын, тест болсын бұл – оқушылар, ұстаздар және ата-аналар үшін стресс болып келеді. Стресс деген не?
Стресс – қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айталған адамның ерекше күйі.
Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрі байқалады.
Стресс үш кезеңнен тұрады:
Үрейлену – жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте тауатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
Төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзуреакциясы туады. Бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі.
Әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда бейімделудің нашарлап жойылуы пайда болады. Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.
Стресті жою үшін не істеу керек?
Стрестік жағдайда адам ағзасындағы дәрумендер, әсіресе В тобы көп мөлшерде жұмсалады. Көптеген дәрігерлер дәруменді күнделікті қолдануға кеңес береді.
Дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залға бару, жаттығу жасау, билеу, ән салу, бассейн, монша, қыдыру.
Үйлесімді өмір, жанұя достарының қолдауы.
Психикалық және дене релаксациясы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |