Қарағанды қаласы жастарының құрмет алтын кітабы туралы ереже жалпы ереже



Дата20.06.2016
өлшемі50 Kb.
#149046
Бекітемін_______________________

Қарағанды қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Әлиасқаров



Қарағанды қаласы жастарының құрмет алтын кітабы туралы

ЕРЕЖЕ



1. Жалпы ереже

1.1. Бұл ереже Қарағанды қаласы жастарының құрмет алтын кітабына (бұдан әрі – Жастардың құрмет алтын кітабы) азаматтарды енгізудің тәртібін анықтайды.

1.2. Жастардың құрмет алтын кітабына енгізу зияткерлік, шығармашылық, спорттық, ғылыми, өндірістік салалары бойынша әлемдік және республикалық деңгейдегі табыстарын, сонымен қатар мемлекеттік және аймақтық жастар саясатын жүзеге асыруға сүбелі үлес қосқан жастардың жетістіктерін қоғам алдына таныту мақсатында Қарағанды қаласының әкімі бекітетін ынталандыру шарасы болып табылады

1.3. Жастардың құрмет алтын кітабына төменде көрсетілген 17 номинация бойынша 20 есім енгізіледі.



29 жасқа дейінгі санатқа:

  • жылдың жас көшбасшысы

  • ҮЕҰ-ның үздік қызметкері

  • жылдың жас педагогі

  • жылдың жас спортшысы

  • шығармашыл жастардың өкілі

  • жас журналист

  • жылдың жас ғалымы

  • жас жұмысшы

  • Отанның жас қорғаушысы (әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының, ТЖМ құрылымдарының өкілі)

  • жас қызметші (мемлекеттік қызметші/азаматтық қызметші)

  • жыл студенті

  • жыл оқушысы

  • медицина саласының қызметкері (қызметінің ерекшелігіне байланысты, 39 жасқа дейін)

«Жас ерекшелігіне тәуелсіз» санатында:

  • Жастар саясаты саласындағы құрметті қайраткер

  • Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын ұйым қызметін жариялайтын БАҚ өкілі

  • Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында балалар мен жасөспірімдердің және жастар қоғамдық бірлестіктеріне қолдау көрсеткен бизнесмен

  • Жеке тұлға (жас ерекшелігіне және әлеуметтік жағдайына қарамастан ҚР мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда сүбелі үлес қосқан).

Егер аталым бойынша сұраныс келіп түспесе, аталым «Өткізілмеген» болып табылады. Әр аталым бойынша 1-ден артық есім енгізілуі мүмкін, алайда барлық аталымдар бойынша 20 есімнен аспауы керек.

1.4. Жастардың құрмет алтын кітабына қайта енгізу жүргізілмейді.

1.5. Жастардың құрмет алтын кітабы 25х35 см форматындағы қалың тоникалық қағаздан жасалады. Жастардың құрмет алтын кітабының электронды нұсқасы номинанттар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық дерекқор болып табылады.

1.6. Жастардың құрмет алтын кітабына енген әрбір тұлғаға жеке бет арналады, онда 10х15 көлеміндегі фотосурет және оның жеткен жетістіктері туралы мәтіндік ақпарат орналасады.

1.7. Жастардың құрмет алтын кітабының сақталатын орны – облыстық өлкентану мұражайы.

1.8. Жастардың құрмет алтын кітабындағы мәліметтер көпшілікке қол жетімді, бұқаралық ақпарат құралдары мен электронды сайттарда жарияланады.

2. Жастардың құрмет алтын кітабына енгізудің тәртібі

2.1. Жастардың құрмет алтын кітабына енгізу туралы ұсынысты Қарағанды қаласында орналасқан жеке меншік барлық нысандағы ұжымдық ұйымдар, мемлекеттік биліктің атқарушы органдары, жеке тұлғалар (өзін –өзі ұсыну) тапсыра алады.

2.2. Жастардың құрмет алтын кітабына ену туралы ұсыныс (бұдан әрі – ұсыныс) келесідей құжаттарды қамтиды:

а) Үміткердің жеке басын куәландандыратын құжаттың көшірмесі;

ә) Қазақ және орыс тіліндегі үміткердің анкетасы (Ережеге қосымша)

б) Аталым, үміткерді жастардың құрмет алтын кітабына енгізуге себеп болатын нақты жетістіктер көрсетілген қазақ және орыс тіліндегі түйіндеме (қысқаша өмірбаян)(А4 парағының1/2 көлемінде, Times New Roman қарпі, 12 пт. Ақпараттың көлеміне қатысты талаптар қазақ және орыс тілдеріндегі толық ақпаратты қамтиды);

в) Аталым, үміткерді жастардың құрмет алтын кітабына енгізуге себеп болатын нақты жетістіктер көрсетілген қазақ және орыс тіліндегі толық өімрбаян (2 А4 парағынан аспау керек, Times New Roman қарпі, 12 пт. Ақпараттың көлеміне қатысты талаптар қазақ және орыс тілдеріндегі толық ақпаратты қамтиды);

г) Жеткен жетістіктерін қамтитын қазақ және орыс тіліндегі ұсыныс-мінездеме, табыстарын растайтын құжаттарының көшірмесі;

ғ) 10х15 көлеміндегі үміткердің фотосуреті;

-ұсынуға негіз болған өзге де материалдар (талап бойынша)

Барлық материалдар бір папкаға жинақтаулы керек. Онда төмендегі ақпарат көрсетілуі тиіс: аталым, үміткердің толық аты-жөні, байланыс телефондары).

Сондай-ақ үміткердің анкетасы, түйіндеме (қысқаша өмірбаян), 10х15 көлеміндегі 300 dpi сапасындағы фотосуреттің электронды нұсқасы CD дискіге жазылып, конвертте тапсырылуы керек, конверт сыртында үміткердің толық аты-жөні, байланыс телефондары міндетті түрде көрсетілуі керек.

2.3. Ұсыныстар қабылдау барлық қажетті құжаттар болғанда ғана (2.2.-тармаққа сәйкес) 2013 жылдың 11 қазанға дейін жүзеге асырылады және тіркеледі


2.4. Дауыс беруге тек тіркелген номинанттар ғана қатысады.

2.4. Қабылдау 561-555 телефон нөмері арқылы алдын ала келісіммен дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 14.00-ден 17.30-ға дейін келесі мекенжай бойынша жүргізіледі: Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі 32-үй («Вектор Инфорум» аймақтық жастар журналының редакциясы).


Байқаудың іріктеуінен өте алмай қалған, алайда байқау комиссиясы қала алдындағы еңбегі зор деп таныған номинанттар алғыс хаттармен марапатталуы мүмкін.

Барлық номинанттар қатысушы сертификатына ие болады.

Алтын кітапқа енгізілгендігі туралы атаулы куәліктер салтанатты түрде табысталады.

2.4. Жастардың құрмет алтын кітабы енгізу туралы шешім интернет желісінде электронды дауыс беру арқылы қабылданады.

2.5. Үміткерлерді алтын кітапқа енгізу туралы шешімді телефон және интернет желісіндегі электронды дауыс негізінде әкім бекітеді.
2.6. Жастардың құрмет алтын кітабына енгізілген тұлғаларға Қарағанды қаласының әкімі қол қойған, номерлік таңбасы бар Жастардың құрмет алтын кітабына енгізілгендігі туралы куәлік табысталады.

2.7. Үміткерді алтын кітапқа енгізу туралы ұсыныс жолдаған ұйым жетекшісіне жастардың құрмет алтын кітабына енгізгендігін растайтын ресми хат жіберіледі.

Ережеге

ҚОСЫМША


Қарағанды қаласы жастарының құрмет алтын кітабына енгізу үшін

ҮМІТКЕРДІҢ АНКЕТАСЫ

1. Номинация

2. Тегі, аты, әкесінің аты

3. Оқу, жұмыс орны, қызметі

4. Туған күні

5. Жынысы

6. Білімі

7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, марапаттары, дипломдары (егер бар болса), марапатталған күні

8. Тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмері

9. Үміткерді ұсынған ұйым

10. Үміткерді ұсынған ұйымның орналасқан жері, телефон нөмері

11. Ұсынудың негіздері, үміткердің жеткен нақты жетістіктері көрсетілген мінездеме

12. Үміткер ұсынылды (шешім қабылдаған кім – ұжым жиналысы, уәкілетті орган немесе басқа)

 

Ұйым жетекшісі



______________________                                                                                      (қолы, аты-жөні)

Осы анкетада көрсетілген менің жеке мәліметтерімді үшінші тұлғаға (Қарағанды қаласы алтын кітабының Кеңес мүшелеріне) беруге рұқсат беремін



                                                                  _______________ (_______________)

                                           қолы              (үміткердің аты-жөні) 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет