Қарағанды медициналық универстеті морфология және Физиология кафедрасы



Дата10.03.2024
өлшемі17.39 Kb.
#494857
түріСабақ
PBL Эссе МВС Тілепберген Мерей


ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСТЕТІ
Морфология және Физиология кафедрасы
Студент: Тілепберген М.Е
Топ: 2-008 ОМ
Қабылдаған:Қоржымбаева А.Т


PBL бойынша эссе
Кейс тақырыбы: Пациент Борис Беков

Біз анатомия бойынша PBL сабағын өттік. Сабақта біз Борис Бековтың проблемасын қарастырдық. Борис Беков, жасы 46 да, түрлі дәрілерге аллергиясы жоқ, зиянды әдеттері жоқ, тіпті балалық шағында да ерекше жұқпалы ауруларменде ауырмған, ешқашан операция жасалмаған. Отбасы мүшелерінің арасында да ауыруға шалдыққандар жоқ яғни, тұқымқулаушылық ауруы жоқ. Пациентіміз соңғы төрт жыл бойы аптасына үш рет он шақырымды жүгіріп келген, жалпы оның денсаулығы өз жасындағы адам үшін өте жақсы. Беков бүгін жиырма шақырымдық қашықтыққа жүгіруге талпынысы болды. Жарыс барысында Беков қанша терлеп тепшіседе су өте аз ішкендігін байқайды. Тәңертеңнен бері зәр шығармағaн. Дегенмен 14:30 да оны жансақтау бөліміне әкеледі. Себебі ол жиырма шақырымды жүгіру барысында құлаған. Ол қобалжыған, абдыраған, бозарған бірақ ауырып тұрған түрі жоқ, тек қатты шөлдегеніне шағымданады. Тексеріс жүргізіп, нәтижесінде қан қысымы отырған кезде нормада бірақтан тұрған кезде қан қысымы күрт түсіп кеткен, тыныс алу жиілігіде төмен қалыпты жағдайда минутына 18-20 рет соғу қажет ал Борис Бековтың тыныс алу жиілігі минутына 12 рет ғана, қуық перкуссияланбаған, дене температурасы 37.2 болды. Қалған физикалық тексеру параметрлеріде қалыпты. Осы кезде біз өзіміз бірнеше гипотезалар ұсындық,аталған гипотезалар ішінде несептас,сонымен қатар қан қысымының күрт өзгерісі,интоксикация секілді ауруларды ойладық. Кейіннен осы гипотезаларды нақтылау үшін қан сынамасы алынды Қалған көрстекіштер мен тағайындалған УЗИ және құрсақ қуысының рентген анықтамаларыда қалыпқа сай болды сол себепті биз алда қойған гипотезаларды алып тастадық. Алайда қан анализдерінде көп мөлшерде креатини мен мочевина байқалды. Креатинин деңгейі дегидратация, бұлшықет зақымдануы және физикалық белсенділік кезінде жоғарылайды. Креатин бүйрек паренхимасынан бауырға барып метилденеді, сосын ол бұлшық еттерге барады, кратиннен креатинфосфат түзіледі. Түзілген компанент миофибриллаларда креатинин мен фосфатқа ыдырап, бұлшық ет жиырылуына энергия береді. Организм креатининді ағзадан тек шығарып тастайды, басқа ештеңеге жаратпайды. Егер белгілі бір себептерге байланысты шығарылу бұзылса креатининнің қанда жинақталуы жүреді. Қанда көп мөлшерде жиналған кезде түрлі мүшелер жүйесі уланады. Ал мочевина нәруызды заттардың ыдырау нәтижесінде бауырда түзіледі. Оның қанда көбейіп кетуі бүйрек, бауыр басқа да мүшелердің жұмысының бұзылғандығың айтады. Дегенмен көп жағдайда бүйрек дұрыс жұмыс жасамаған кезде. Бұған дейін науқас жол апатына ұшырағаның айтады, мойын жарақатын алған және үнемі напроксен қабылдайтынын айтады . Жәнеде марафонның алдында бұл дарини дозадан (1500мл ) артық қолданғаны айқын болады. Осыған байланысты біз пациентте бүйрек жетіспеушілігі деген диогноз қойдық, ауыруханага келгелі тек 100 мг ғана зәр шығарылған соң олгигурия болуы мүмкін деген гипотезалар жасадық. Пациентке бір литр натрий хлор ерітіндісін венаға еңгізді, ол екі сағат бойы тұндырылып содан кейін ұзақ уақыт бойы тағы бір литр қосылды.


PBL соңында жедел бүйрек жетіспеушілігі деген диагноз койды. Осылайша біздің бүйрек жетіспеушілігі болуы мүмкін деген гипотезамызды нaқтылады. Сосын пaциентке ішкі мойын артериясы арқылы күндізгі диaлиз тағайындалып, 14 бойы бақылауда болды. Алғашқы күндері зәр мөлшері бaяғыдай өте aз мөлшерде болды. Кейін өте көп мөлшерде, тіпті жеті литрге дейін жетті. Соңғы күндері зәр мөлшері реттеліп тұрақты 1.5- 2 литр болды. Науқас Борис Беков ем алып, жағдайы реттелді.
Осылайша бұл PBL-да біз Борис Бековтың жедел бүйрек жетіспеушілігінен туындаған проблемасын шештік. Жәнеде пациентке напроксенді қолданбауын және басқа да дәрі-дәрмектерді қолданбауын айттық себебі әр дәріні көп мөлшерде қолдансада кейін зардабы шығады. Оның орнына өзін жеңіл сезіну үшін өзіне ұнайтын тірлікпен айналысуын немесе массаж алуын ұсындық. Сабақ барысында біз өзімізді биохимия және физиология сабақтарында алған білімімізді қолдандық. Өзім үшін білген жаңа ақпаратым диализ туралы болды. Барлығымыз үшін оның жұмысы және мойын венасы арқылы қойылғаны өте қызықтрып, диализ туралы толық ақпарат іздеуге және білуге стимулдады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет