Қарағанды облысының кейбiр ауылдық елдi мекендерi мен ауылдық округтерiн қайта атау туралы
Бiрлескен Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 27 мамырдағы N 15/02 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының XХV сессиясының 2010 жылғы 17 маусымдағы N 311 шешiмi. Қарағанды облысының Әдiлет департаментiнде 2010 жылғы 16 шiлдеде N 1882 тiркелдi
"Орталық Қазақстан", 2010 жыл 22 шiлдедегi, N 116 (20 899); "Индустриальная Караганда" от 22.07.2010 г., N 82 (20945)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, "Бұқар жырау ауданының кейбiр селолық округтарының атауларын қолданыстағы заңнамаға сәйкестендiру және Березняки селосы мен Березняки селолық округiн қайта атау жөнiнде ұсыныстар енгiзу туралы" Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 11 наурыздағы N 07/26 бiрлескен қаулысы мен Бұқар жырау ауданы мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы N 4 шешiмiн ескере отырып, Қарағанды облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
1. Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданы бойынша келесi ауылдық елдi мекендерi мен ауылдық округтерi:
Березняки ауылы Қызылқайың ауылы болып;
Березняки ауылдық округi Қызылқайың ауылдық округi болып;
Бабаев селолық әкiмшiлiгi Үмiткер ауылдық округi болып;
Ленинское селолық әкiмшiлiгi Самарқанд ауылдық округi болып;
Кузнецкий селолық әкiмшiлiгi Тоғызқұдық ауылдық округi болып қайта аталсын.
2. "Қарағанды облысының кейбiр ауылдық елдi мекендерi мен ауылдық округтерiн қайта атау туралы" облыс әкiмдiгiнiң бiрлескен қаулысы мен облыстық мәслихаттың шешiмiнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.О. Қырықбаевқа және облыстық мәслихаттың әлеуметтiк-мәдени даму және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi тұрақты комиссиясына (С.М. Әдекенов) жүктелсiн.
3. Осы бiрлескен қаулы мен шешiм олардың алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қарағанды облысының әкiмi С. Ахметов
Cессия төрағасы А. Найзабеков
Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Жұмабеков
Достарыңызбен бөлісу: |