Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы



бет1/12
Дата28.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#163676
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы N 316 қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 14, 176-құжат

      " Автомобиль көлiгi туралы " 2003 жылғы 4 шiлдедегi және " Автомобиль жолдары туралы " 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қоса берiлiп отырған Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдау қағидалары бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 19.03.2013 № 259 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жiберiлген қауiптi жүктердiң тiзбесi бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң      
2004 жылғы 12 наурыздағы
N 316 қаулысымен   
бекiтiлген      

Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдау
қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 19.03.2013 № 259 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).



1. Жалпы ережелер

      1. Осы Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шiлдедегi, «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.


      2. Қағидалар қауiптi жүктердi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауға байланысты заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
      Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен халықаралық тасымалдау Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде оларға тән ерекшелiктерге байланысты техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылуына, өртенуiне немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтiмiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiстiк және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылады.
      4. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде «Қауiптi жүктер. Сыныптау және таңбалау» 19433-88 МемСТ және Қауiптi жүктердi халықаралық жолдарда тасымалдау туралы еуропалық келiсiмнiң (ҚЖХЖТ) қолданыстағы стандарттарына сәйкес қауiптi жүктердiң сыныптамасы қолданылады.

2. Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен тасымалдауды
ұйымдастыру

      5. Қауiптi жүктердi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарының жүргiзушiлерi және қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланылатын автокөлiк құралдары осы Қағидалардың 4 және 5-тарауларында жазылған белгiлi бiр талаптарға сәйкес келедi.


      6. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-класты қауiптi жүктi тасымалдау рұқсат беру құжаты – Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктi тасымалдауға арналған арнайы рұқсат негiзiнде, арнайы бейiмделген автомобильмен немесе осы мақсаттар үшiн арнайы қайта жабдықталған басқа да автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 20.12.2013 № 1381 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      7. Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 20.12.2013 № 1381 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      8. Жүк жөнелтушi (жүк алушы) мен тасымалдаушы арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауiптi жүк тасымалын жүзеге асыруға шарт жасалады.
      Қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған шарт өзiндiк ерекшелiктерiне байланысты, сондай-ақ мынадай:
      1) автокөлiк құралдарын арнайы өңдеу жөнiндегi iс-шаралар туралы;
      2) iлесiп жүрудi ұйымдастыру (қажет болған жағдайда) туралы;
      3) жүргiзушiлердi жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету тәртiбi туралы;
      4) қауiп және қауiптi жүктi бейтараптандыру туралы ақпарат жүйесiнiң элементтерiмен қамтамасыз ету тәртiбi туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс.
      9. Қауiптi жүктi тасымалдау шартын жасасу тауар-көлiк жүкқұжатын жасаумен расталады.
      Қауiптi жүктi тасымалдау кезiнде тасымалдаушының үш данада жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүк жөнелтушi мен тасымалдаушы қол қоятын тауар-көлiк жүкқұжаты болуы тиiс.
      10. Тауар-көлiк жүкқұжатының нысаны және оны қолдану тәртiбi уәкiлеттi орган бекiткен автомобиль көлiгiмен жүктердi тасымалдау қағидаларымен айқындалады.
      11. Жүк жөнелтушi тасымалдаушыға қауiптi жүктердi тасымалдауға жасалған шартпен бiрге мыналарды:
      1) әрбiр автокөлiк құралына ақпараттық табло;
      2) қауiптi жүктiң әрбiр түрiне жүргiзушiге арналған нұсқаулықты ұсынады.
      Көрсетiлген құжаттар тасымалдау бағдарын жол полициясы органдарымен келiсу мақсатында, тасымалдау шарты жасалғаннан кейiн, бiрақ тасымал басталғанға дейiн 5 күннен кешiктiрiлмей ұсынылуы мүмкiн.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 20.12.2013 № 1381 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      12. Қауiптi жүктердiң тiзбесiне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға рұқсат берiлетiн 1, 6 және 7-сыныпты қауiптi жүктi тасымалдауға тасымалдаушы қауiптi жүктi тасымалдау бағдарын әзiрлейдi.
      Тасымалдау бағдарын әзiрлеген кезде тасымалдаушы мынадай негiзгi талаптарды басшылыққа алады:
      1) бағдар маңында iрi өнеркәсiп объектiлерi болмауы тиiс;
      2) бағдар iрi елдi мекендер арқылы өтпеуi тиiс. Қауiптi жүктердi iрi елдi мекендердiң iшiмен тасымалдау қажет болған жағдайда бағдар ойын-сауық, мәдени-ағарту, оқу, мектепке дейiнгi және емдеу мекемелерiнiң қасынан өтпеуi тиiс;
      3) тасымалдау бағдарында көлiк құралдарының тұрақ орындары көзделуi тиiс.
      13. Бағдар бiр облыстың шегiнде өткен кезде тасымалдау бағдары осы облыста орналасқан жол полициясы бөлiмшелерiмен үш жұмыс күнi iшiнде келiсiледi.
      Бағдар бiрнеше облыстың аумағы арқылы өткен жағдайларда, жол қозғалысының қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы орган бес жұмыс күнi iшiнде тасымалдау бағытын келiсудi жүргiзедi.
      Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 770 шешiмiмен бекiтiлген Кеден одағының «Пиротехникалық бұйымдардың қауiпсiздiгi туралы» техникалық регламентiнiң Пиротехникалық бұйымдары бар қауiптi жүктердiң сыныптамасына сәйкес 1.4-төменгi сыныбы бар пиротехникалық бұйымдарды тасымалдау кезiнде тасымалдау маршрутын келiсу және тасымалдауға рұқсатты ресiмдеу талап етiлмейдi.
      14. Қауiптi жүктi тасымалдаудың келiсiлген бағдары 12 айға жарамды болады.
      Адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiппен, қоршаған ортаға және мәдени құндылықтарға келтiрiлетiн залалмен, сондай-ақ тасымалданатын жүктiң қауiпсiздiгiне байланысты күтпеген мән-жайлар болған кезде қауiптi жүктi тасымалдаудың келiсiлген бағдарын тасымалдаушы жол полициясы органымен келiсiм бойынша өзгертуi мүмкiн.
      15. Көрiнуi 300 метрге дейiн шектелген болса (тұман, жаңбыр, қар және т.б.) қауiптi жүктердiң жекелеген түрлерiн тасымалдауға тыйым салынуы мүмкiн, ол нақты қауiптi заттар мен бұйымдарды қауiпсiз тасымалдау шарттарында көрсетiледi.

3. 1, 6 және 7-сыныпты қауiптi жүктi тасымалдауға арнайы рұқсат
алуға өтiнiш беру, оны қарау және келiсу тәртiбi

      16. Автокөлiк құралымен 1, 6 және 7-сыныпты қауiптi жүктi тасымалдауды жүзеге асыруға арнайы рұқсат (бұдан әрi – арнайы рұқсат) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық уәкiлеттi органы (бұдан әрi – аумақтық көлiктiк бақылау органы) бередi.


      17. Арнайы рұқсат бiр немесе бiрнеше бiрдей тасымалдауға, сондай-ақ белгiленген бағдар арқылы тасымалданатын қауiптi жүктер легiне 6 айдан аспайтын мерзiмге берiледi.
      Арнайы рұқсаттардың бланкiлерi қолдан жасаудан арнайы қорғаумен баспаханалық әдiспен жасап шығарылады және қатаң есептегi бланкiлер (осы Қағидаларға 1-қосымша) болып табылады.
      18. Арнайы рұқсатты алу үшiн тасымалдаушы немесе оның өкiлi аумақтық көлiктiк бақылау органына тасымалдауды жүзеге асыру басталғанға дейiн кемiнде 9 жұмыс күнi қалғанда белгiленген нысандағы өтiнiшпен (осы Қағидаларға 2-қосымша) жүгiнедi.
      19. Өтiнiшке:
      1) қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланылатын көлiк құралын тiркеу туралы куәлiктiң, сондай-ақ егер ол тасымалдаушының меншiгi болып табылмаса, осындай көлiк құралын иелену құқығын заңды негiздерде растайтын құжаттың көшiрмесi;
      2) осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетiлген құзыреттi органдармен келiсiлген қауiптi жүктi тасымалдау бағдары;
      3) қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралы жүргiзушiсiнiң дайындығы туралы куәлiктiң (қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлiк) көшiрмесi;
      4) тасымалдауға арналған қауiптi жүкке арналған қауiпсiздiк туралы ақпараттандыру жүйесiнiң авариялық карточкасы;
      5) тасымалдаушының өкiлi уәкiлеттi органға өтiнiш берген жағдайда өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжаттар қоса берiледi.
      Жоғарыда көрсетiлген құжаттармен қоса, өтiнiштi мемлекеттiк қызметтердi ұсынған кезде уәкiлеттi орган пайдаланатын ақпараттық жүйенi қолдану арқылы электрондық түрде беруге рұқсат етiледi.
      20. Аумақтық көлiктiк бақылау органы өтiнiш келiп түскен күнi оны үлгiге (осы Қағидаларға 3-қосымша) сәйкес өтiнiштердi тiркеу және арнайы рұқсаттарды беру журналына тiркейдi.
      21. Аумақтық көлiктiк бақылау органы өтiнiштi толтырудың дұрыстығын, көлiк құралының техникалық сипаттамаларының мәлiмделген қауiптi жүктi тасымалдау кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету талаптарына сәйкестiгiн, ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығын тексередi және бiр күн iшiнде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
      1) егер өтiнiш дәйексiз немесе толық емес ақпаратты қамтитын болса, оны қайтарады;
      2) өтiнiштi қарауға қабылдайды.
      22. Арнайы рұқсатты беру немесе беруден бас тарту туралы шешiмдi аумақтық көлiктiк бақылау органы арнайы рұқсатты алуға өтiнiштi тiркеген күнiнен бастап 8 жұмыс күнi iшiнде қабылдайды.
      Аумақтық көлiктiк бақылау органы тасымалдаушыға немесе оның өкiлiне қабылданған шешiм туралы мәлiметтердi жазбаша түрде бередi.
      23. Арнайы рұқсатты беруден бас тарту үшiн:
      1) Қауiптi жүктердi халықаралық жолдарда тасымалдау туралы еуропалық келiсiмнiң (ҚЖХЖТ) және осы Қағидалардың мәлiмделген қауiптi жүктiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарын бұзудың анықталуы;
      2) осы Қағидалардың 13-15-тармақтарының талаптарын бұзуды болдырмау үшiн белгiленген бағдарлар бойынша көлiк құралдарының қозғалысына қатысты талаптарға мәлiмделген қауiптi жүк қауiпсiздiгiнiң сәйкес болмауы;
      3) осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес өтiнiмге қоса берiлетiн құжаттардың толық көлемде ұсынылмауы немесе жалған деректердi қамтуы негiздеме болып табылады.
      24. Аумақтық көлiктiк бақылау органы берiлген арнайы рұқсаттардың тiзiлiмiн жүргiзедi, онда:
      1) арнайы рұқсатты берген органның атауы;
      2) тасымалдауға рұқсат берiлген қауiптi жүктiң сыныбы, нөмiрi, атауы және сипаттамасы;
      3) белгiленген бағдар және ол арқылы қозғалыс шарты;
      4) жүктi iс жүзiнде тиеу және түсiру орны;
      5) жүк жөнелтушiнiң және жүк алушының орналасқан орны;
      6) тасымалдаушы туралы мәлiмет;
      7) арнайы рұқсаттың қолдану мерзiмi және берiлген күнi;
      8) арнайы рұқсаттың нөмiрi көрсетiледi.

4. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдарына
қойылатын талаптар

      25. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдары мынадай талаптарға:


      1) қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарының конструкциясына, жабдығына және техникалық жай-күйiне қойылатын жасап шығарушы зауыттың құрылымдық-техникалық сипаттамаларына және Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарына;
      2) тiркеу құжаттарының деректерiне;
      3) белгiленген тәртiппен келiсiлген тасымалдануға тиiс нақты қауiптi заттар мен бұйымдарды қауiпсiз тасымалдау шарттарына;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автокөлiк құралдарына қойылатын санитариялық-гигиеналық өлшемдерге;
      5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесiне (бұдан әрi – Жол қозғалысы ережесi) және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне;
      6) жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркейтiн бақылау құрылғыларымен (тахографтармен) жабдықталуына;
      7) Жол қозғалысы қағидаларына және Қауiптi жүктердi халықаралық жолдарда тасымалдау туралы еуропалық келiсiмге (ҚЖХЖТ) сәйкес тану белгiлерiмен жабдықтау;
      8) Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк құжаттарына сәйкес жарамды құралмен және жабдықпен жинақталуына;
      9) қажет болған жағдайларда тасымалданатын қауiптi затты бейтараптандыратын құралдармен және жүргiзушi мен iлесiп жүрушi қызметкердiң жеке қорғану құралдарымен жасақталуына;
      10) бақылаусыз төгiлу, қауiптi жүк шығарынды болған жағдайда халықты хабардар етудiң жергiлiктi жүйесiмен жабдықталуына сәйкес келедi.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 20.12.2013 № 1381 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      26. Автокөлiк құралының конструкциясындағы өзгерiстер автокөлiк құралын жасап шығарушы зауытпен келiсiлуi тиiс.

5. Қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушiлерге
қойылатын талаптар

      27. Автокөлiк құралымен қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушiлер мынадай талаптарға сәйкес келедi:


      1) тиiстi санаттағы көлiк құралын жүргiзу құқығына куәлiгiнiң болуы;
      2) осы санаттағы көлiк құралының жүргiзушiсi ретiнде кемiнде үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлiнiң болуы;
      3) белгiленген тәртiппен кәсiби жүргiзушiлер үшiн жол парағына белгi қоя отырып, жалпы медициналық куәландырудан және рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуi;
      4) жүргiзушiге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қауiптi жүктi тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлiктiң болуы.

6. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту тәртiбi

      28. Тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушi сапар басталғанға дейiн қауiптi жүктердi тасымалдау бойынша рейс алдында нұсқау алуы және оның мынадай iлеспе құжаттары болуы тиiс:


      1) автокөлiк құралына тiркеу құжаттары;
      2) «Қауiптi жүк» белгiсi бар, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тасымалдау бағдары көрсетiлген жол парағы;
      3) жүргiзушiлерге арналған нұсқаулық (4-қосымша);
      4) жүргiзушiге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қауiптi жүктердi тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлiк (5-қосымша);
      5) қауiптi жүктер тiзбесiне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жiберiлетiн 1, 6 және 7-сыныпты қауiптi жүктi тасымалдау бағдарының бланкiсi (6-қосымша);
      6) тауар-көлiк жүкқұжаты;
      7) жүк жөнелтушi әзiрлеген авариялық жағдайда әрекет ету жоспары;
      8) тасымалдаушының, жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, қозғалыс бағдары бойынша орналасқан көлiктi қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етудi бақылау, жол қозғалысы қауiпсiздiгi, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi уәкiлеттi органдардың мекенжайлары мен телефондары.
      29. Жүргiзушi қауiптi жүк тасымалының белгiленген және келiсiлген бағдарын және тұрақ орындарын қатаң сақтайды.
      Қауiптi жүгi бар автокөлiк құралын жүргiзу кезiнде жүргiзушiге:
      1) автокөлiк құралын орнынан кенеттен қозғауға;
      2) кенеттен тежеуге;
      3) қозғалтқыш пен iлiнiсуi ажыратылған күйде қозғалуға;
      4) қозғалыс кезiнде автокөлiк құралында темекi шегуге (тоқтаған кезде автокөлiктiң тұрған орнынан кемiнде 50 м жерде темекi шегуге рұқсат етiледi);
      5) отты ашық пайдалануға (ерекше жағдайларда тамақ дайындаған кезде автокөлiктiң тұрған орнынан кемiнде 200 м қашықтықта от жағуға рұқсат етiледi);
      6) автокөлiк құралын қадағалаусыз қалдыруға болмайды.
      30. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қозғалуы Жол қозғалысы ережесiне және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
      31. Қауiптi жүк тасымалдайтын автокөлiк құралында бiр тiркемеден (немесе жартылай тiркемеден) артық болмауы тиiс.
      32. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде автокөлiк құралдарының қозғалыс жылдамдығын шектеу Жол қозғалысы ережесiне сәйкес белгiленедi.
      Қауiптi жүктi тасымалдау кезiнде қозғалыс жылдамдығын белгiленген шектеу жағдайында автокөлiк құралында рұқсат етiлген жылдамдық көрсетiлген тану белгiсi орнатылуы тиiс.
      33. Қауiптi жүктердi 5 және одан көп автокөлiк құралдарынан тұратын колоннамен тасымалдаған кезде оның құрамында жүктiң осы түрiн тасымалдауға арналған резервтi бос автокөлiк құралының болуы мiндеттi. Резервтiк автокөлiк құралы колоннаның соңында жүруi тиiс.
      34. Автокөлiк құралдарының колоннасымен қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi (жүк алушы) бөлетiн iлесiп жүру автомобилiнiң (автомобильдерiнiң) болуы мүмкiн.
      Iлесетiн автомобиль iлесiп жүретiн көлiк құралдарының алдында жүруi тиiс.
      Iлесiп жүру автомобилi тасымалдау кезiнде мiндеттi түрде қосылуға тиiс қызғылт сары түстi жарқылдауық маякпен жабдықталады.
      35. Егер қозғалыс процесiнде жол жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысын реттеу жөнiндегi қосымша iс-шараларды жүргiзудiң қажеттiлiгi туындаса, жол полициясы патрульдiк автомобилiнiң iлесiп жүруi жүзеге асырылады.
      36. Ерекше қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде жүргiзушiлердiң елдi мекендерде демалуға тоқтауына тыйым салынады.
      Тұрғын үй құрылыстары мен адамдардың көп шоғырланған жерiнен кемiнде 200 метр қашықтықта немесе осыған арнайы бөлiнген жерлерде тұруға рұқсат етiледi.
      Автокөлiк құралы аялдаған немесе тоқтап тұрған кезде тоқтау тежегiшi мiндеттi түрде қосылуы тиiс, ал еңiсте қосымша сырғуға қарсы тiреуiш қойылуы керек.
      Қауiптi жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдарының тоқтайтын және тұратын орындары қауiптi жүктi тасымалдау бағдарында көрсетiледi.
      37. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдары мүмкiндiгiнше жалпы пайдаланымдағы автожанармай құю станцияларында қосымша жанармай құймай, бүкiл сапар жолына жетерлiктей отынмен қамтамасыз етiледi.
      Қажет болған жағдайда жалпы пайдаланымдағы автожанармай құю станцияларында жанармай құю автожанармай құю станциясының аумағынан кемiнде 25 метр қашықтықта орналасқан алаңда станциядан темiр канистрлермен немесе арнайы осы мақсаттар үшiн көзделген жылжымалы май құю станцияларынан алынып жүргiзiледi.
      38. Жол-көлiк оқиғасы туындаған жағдайда жүргiзушi:
      1) оқиға болған жерге бөтен адамдарды жiбермейдi;
      2) зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетедi және қажет болған кезде жедел медициналық жәрдем шақыртады;
      3) болған оқиға туралы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы уәкiлеттi органға, сондай-ақ басқа да мүдделi органдарға хабарлайды;
      4) жүргiзушiге арналған нұсқаулықтағы нұсқамаға және апаттық жағдайда iс-қимыл жоспарына сәйкес апаттық ахуалдың салдарын алғашқы жою бойынша шаралар қабылдайды;
      5) оқиға болған жерге келген осы қағидалардың 28-тармақтың 8) тармақшасында атап көрсетiлген уәкiлеттi органдардың өкiлдерiн қауiп-қатер және қабылданған шаралар туралы хабардар етедi.
      39. Қауiптi жүк тасымалдайтын автокөлiк құралдарына iлесiп жүретiн персоналдың қауiптi жүктерге iлесiп жүру құқығын куәландыратын куәлiктерi болады. Куәлiк iлесiп жүретiн адамның жеке басын куәландыратын құжаты көрсетiлгенде жарамды болады.
      40. Қауiптi жүктердi тасымалдауға қатысушылар адамдардың денсаулығы мен өмiрiне, қоршаған ортаға зиян келтiрудi болдырмау мақсатында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi тиiстi ұйымдастыру және техникалық шаралар қабылдайды.
      Қауiптi жүктердi жөнелтушiлердiң және (немесе) тасымалдаушылардың негiзгi немесе қосымша қызметi қауiптi жүктердi тасымалдауды немесе онымен байланысты тиеу-түсiру операцияларын қамтыса, өз құрамында тасымалдау процесiнiң қауiпсiздiгiне жауапты қызметкерлерi болады.
      Қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн барлық қолданыстағы маршруттардан адамдардың денсаулығы мен өмiрiне, қоршаған ортаға зиян келтiрудi болдырмау мақсатында тасымалдаушы қауiптiлiгi мейлiнше төмен маршрутты таңдайды.
      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 20.12.2013 № 1381 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      Жарылғыш, тез тұтанатын, радиоактивтi, улы және басқа да қауiптi жүктердiң жөнелтушiлерi (жүк алушылары) жүктердi тасымалдау кезiнде авариялық жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ авариялардың салдарларын жою үшiн қажеттi құралдары мен ұтқыр бөлiмшелерiнiң болуы арқылы оларды тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.

Автомобиль көлiгiмен қауiптi 


жүктердi тасымалдау қағидаларына
1-қосымша           

Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыруға
№           арнайы рұқсат

Тасымалдаушының атауы




Тасымалдаушының орналасқан жерi және телефоны




Тасымалданатын қауiптi жүктiң сыныбы, БҰҰ нөмiрi, атауы және сипаттамасы




Көлiк құралының түрi, маркасы




Автомобильдiң мемлекеттiк тiркеу белгiсi




Тiркеменiң (жартылай тiркеменiң) мемлекеттiк тiркеу белгiсi




Арнайы рұқсаттың қолданылу мерзiмi

__________ бастап ________________ дейiн
_________________________ жүруге жарамды

Тасымалдау бағдары




Жүк жөнелтушiнiң мекенжайы және телефоны




Жүк алушының мекенжайы және телефоны




Тасымалдау бағдарының аралық пункттерiнiң мекенжайы және авариялық қызмет телефондары




Тұрақ орындары және жанармай құю орны




Уәкiлеттi органның лауазымды адамының Т.А.Ә., мөрi және берiлген күнi

М.О.




Арнайы рұқсатты қолданудың ерекше шарттары

Қадағалаушы бақылау органдарының лауазымды адамдарының белгiлерi



















Шектеулер










Автомобиль көлiгiмен қауiптi 
жүктердi тасымалдау қағидаларына
2-қосымша          

Үлгi


  Тiркеу нөмiрi және күнi
(Аумақтық орган ресiмдейдi)

                          ___________________________________________


                          (аумақтық көлiктiк бақылау органының атауы)

                              Өтiнiш

_____________________________________________________________________
   (заңды тұлғаның атауы немесе дара кәсiпкердiң және жеке тұлғаның
                     Т.А.Ә., паспорт деректерi)
_____________________________________________________________________
(тасымалдаушы тасымалдауды жүзеге асыратын қауiптi жүктiң сыныбы, БҰҰ
              нөмiрi, атауы және сипаттамасын көрсету)
қауiптi жүктi тасымалдауға арнайы рұқсат ресiмдеудi (қайта
ресiмдеудi) сұрайды.
      Тасымалдау ____________________________________________________
_____________________________________________________ көлiк құралымен
   (көлiк құралының түрiн, маркасын, автомобильдiң,
   тiркеменiң және жартылай тiркеменiң мемлекеттiк
             тiркеу нөмiрлерiн көрсету)
___________________________________________________ жүзеге асырылады.
(тасымалдау бағытын, қауiптi жүктi тасымалдау күнiн
   және мерзiмiн, тиеу және түсiру орнын көрсету)
      Қосымша хабарлаймын:
_____________________________________________________________________
(қауiптi жүктi жөнелтушiнiң және жүк алушының атауы, нақты пошталық
    мекенжайы, телефон нөмiрi, факс немесе электрондық поштасының
                              мекенжайы)
Қажеттi құжаттар өтiнiшке қоса берiледi. Ұсынылған құжаттардың
тұпнұсқалылығын және дұрыстығын растаймын.

      Арнайы рұқсаттың қолдану мерзiмiн ___________ бастап __________


дейiн _____________________ сапарға белгiлеудi сұраймын.

      Лауазымы                                                   Қолы

      М.О.

Автомобиль көлiгiмен қауiптi 


жүктердi тасымалдау қағидаларына
3-қосымша           


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет