Қарағанды облыстық Мәслихаты XXIV сессиясының 2006 жылдың 14 желтоқсандағы № шешімімен бекітілген


- «Металл кремний өндірісі бойынша зауыт құрылысы»



бет2/6
Дата05.07.2016
өлшемі0.52 Mb.
#180435
1   2   3   4   5   6

- «Металл кремний өндірісі бойынша зауыт құрылысы» «SILICIUM KAZAKHSTAN» ЖШС Теміртау қ. Индустриалдық парктің территориясында. Жоба жылына өндіріс қуаттылығы 25,0 мың тонна кремний өндіруге бағытталған. Жобаның құны 13,4 млрд. Теңге. Зауытты іске қосу мерзімі – 2008 жыл.

- «Поликристалл кремний өндірісі бойынша зауыт құрылысы» «SILICIUM KAZAKHSTAN» ЖШС Теміртау қ. Индустриалдық парктің территориясында. Жоба жылына өндіріс қуаттылығы 2,0 мың тонна поликристалл кремний өндіруге бағытталған. Жобаның құны 28,2 млрд. Теңге. Зауытты іске қосу мерзімі – 2008 жыл.




Инвестициялық және инновациялық жобаларды аймақтық деңгейде жүзеге асыру

2007-2008 жж. Кәсіпорындар мен екінші деңгейлі банктердің өз қаражаты есебінен келесі жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда:


Сәтпаев қ.:

Кірпіш зауытының құрылысы ( «SAT»ЖШС) – құрылыс кірпішін шығару бойынша жобаны аяқтауды жоспарлап отыр. Жаңа 30 жұмыс орны ашылады. Жобалық қуаты жылына 20 млн. Штук. Жобаның құны 23 млн. Теңге.

Ферросплав зауытының құрылысы ( «Арман»ЖШС). Жоба құрамында 37% марганец бар 150-200 мм фракциялы марганец концентратын алу мақсатында Керегетас темірмарганец кен орнын өндіру мен қайта өңдеуді ұйымдастыруға бағытталған. Бұл жобаның өндірістік қуаттылығы жылына 18 мың тонна. 30 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Жобаны ңқұны 420 млн. Теңге.

«Спирт зауыты» ЖШС «люкс» өте жоғары сапалы спирт алу үшін және көмір қышқылын іріктеу үшін компрессор цехының спирт зауытын іске қосу жоспарланып отыр. Осы жобаның мақсаты Жезқазған мен Сәтпаев қалаларын спирт өндірісі үрдісінде алынатын көмір қышқылымен, бүгінгі күні Қарағанды облысынан сыртқары жерлерден алынатын, қамтамасыз ету болып табылады, ал ол өз кезегінде газдалған минералды су мен сусындар өндірісіінде маманданған цехтарға қажет. Бұл осы өнімнің өзіндік құнын түсіруге және 100 адамға жұмыс табуға мүмкінлік береді. Жобалық қуаты жылына 360 мың дал. Жобаның құны 50,0 млн. Теңге.
Жезқазған қ.:

Динас отқа төзімді заттар шығару бойынша зауытты іске қосу ( «Еркін Огнеупор»т ЖШС). Бұл жобаның жаңалығы минералдық шикізатты қайта өңдеуде, династы отқа төзімді зат өндірісі, керамикалық кірпіш, кварц өндіру болып табылады (фракция 0,06-0,5-ден және жоғары). Осы өнімнің негізгі тұтынушылары өнеркәсіптің келесі салалары болады: металлургиялық (балқыту пештерін құю), мұнай өңдеуші (скважиналарды цементтеу), құрылыс индустриясы.Жобалық қуаттылығы жылына 10 мың тонна. Өндірісте 150 адам қатысады.Бұл жобаның құны 600 млн. Теңге.

«Жезқазғансирекмет»РМК нәтижесінде рений қоспалы композит пен құймалар алу бойынша бірлескен кәсіпорындар құратын жоғары қосымша құнды жаңа кәсіпорындар құру бағдарламасын жүзеге асыру үшін ұнтақ, штабик және таблеткалар түріндегі металдық рений өндірісі бойынша сирек металдар цехын іске қосу болып табылады. Осы жобада өндірісте рений негізінде қиын балқитын және ыстыққа төзімді құймалар мен композициялық материалдарды пайдалану жоспарлануда. Онда 50 адам жұмысқа тартылады. Жобалық қуаты айына 500 кг. Жобаның құны 150 млн. Теңге. Өзін-өзі ақтау мерзімі 5 жыл.

Теміртау қ.:



Арнайы құймалардан жоғары дәлдікті дайындамалар мен прфильдер өндірісі ( «Стил Саэнс» ЖШС Батысөнеркәсіптік зона) өзінің жобасын 2007 жылдың ІІ кварталында аяқтауды жоспарлап отыр. Өндірістік қуаттылығы жылына 1 мың тонна. Өндірісте 120 адам жұмыс істейді. Бүгінгі күнге 500 мың доллар шамасындағы сомаға құрал-жабдықтар сатып алынды, жер алынды, өндірістік ғимарат бойынша жоба орындалды, іргетас құю жұмыстары басталды. Жобаның құны 140,0 млн. Теңге.

Перфорленген қаптама кірпіш өндірісі бойынша цех ( «Теміртау кірпіші»ЖШС) өндіріс қуаттылығы жылына 20 млн. Шт., 50 адам жұмыс жасайтын болады. Жобаның құны 1100,0 млн. Теңге.

Сортопрокат өндірісінің құрылысы ( «Миттал Стил Теміртау АҚ») жоба балка, швеллер т.б. өндірісіне бағытталған. Өндірістік қуаттылығы жылына 450мың тонна. 560 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаның құны 18450,0 млн. Теңге.

Құрғақ әдіспен цемент өндірісі( «Central Asia Cement»АҚ) Бұл өндіріс дат құрал-жабдықтарын және кеңесші швейцар фирмасын пайдаланады, жобалық қуаттылығы 1180,0 мың тонна құрайды, өндірісте 200 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның құны 6300,0 млн. Теңге.

«Аксай»ЖШС (Батыс промзона Теміртау қ.) 2008 жылы минераловаталық бұйымдар өндірісі бойынша зауыт іске қосуды жоспарлап отыр, өндірістік қуаттылығы жылына 80 мың куб. Метр. Жергілікті бальзат кенін пайдалана отырып экологиялық таза өнім өндіру. Минераловаттық бұйымдар өндірісінде қолданылатын құрал-жабдықтар Украйнадан әкелінген. Жобаның құны 82,0 млн. Теңге. Ашылатын жұмыс орны – 120 адам.

- «ДСК XXI Века»жобасы «Востокэнергоремонт» ЖАҚ Өндіріс қуаттылығы жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үй, онда 80 адам жұмысқа тартылатын болады. Жобаның құны 337,2 млн. Теңге.


Теміртау қаласындағы Индустриалдық парк аумағында «Металлургия-Металлөңдеу» кластері аясында келесі жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда:

- АПУП «Гефест» ферроқұйма өндірісі бойынша зауыты жобалық қуаттылығы жылына 20 мың тонна. Жобаның құны 15,0 млн. АҚШ доллары.

- АПУП «Гефест» сорттық илек өндірісі бойынша зауыт жобалық қуаттылығы жылына 100 мың тонна. Жобаның құны 17,0 млн. АҚШ доллары.

- АПУП «Гефест» темір кенді металл өнімдерінің зауыты жобалық қуаттылығы жылына 250,0 мың тонна. Жобаның құны 16,0 млн. АҚШ доллары.

- АПУП «Гефест»құю-механикалық зауыты жобалық қуаттылығы жылына 10 мың тонна құйма. Жобаның құны 15 млн. АҚШ доллары.

- «ТММ» ЖШС электр дәнекерлеуші болат құбырлар зауыты зауыты жобалық қуаттылығы жылына 120,0 мың тонна құйма. Жобаның құны 52,0 млн. АҚШ доллары.

- «ТММ» ЖШС мыс құбырлар өндірісі бойынша зауыт жобалық қуаттылығы жылына 120,0 мың тонна . Жобаның құны 87,0 млн. АҚШ доллары.

Және басқа да өндірістер (өтініш түсуіне қарай).

Саран қаласында:



«Amarantos Golden Kazakhstan»ЖШС амарантты май өндірісі бойынша «Таврия – Сары-Арқа» жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.Алынған қазіргі заманғы шетелдік құрал-жабдықтар амарантты май өндірісінің қуаттылығын жылына 150 тоннаға дейін арттыруға, сондай-ақ тауар сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Өндірісте 80 адам жұмысқа тартылатын болады. Бүгінгі күнге қазақстандық нарықта осы өндірістің теңдесі жоқ. Амаранттық май европа елдері мен АҚШ-қа экспортталады. Жобаның құны 500 млн. Теңге.

«Қаз-Изотерм»ЖШС құрылыс индустриясында қолданылатын пенополистирол (полистироид) дайындау жобасын жүзеге асыруды бастауды жоспарлап отыр. Өндірісте 15 адам жұмысқа тартылады. Жобалық қуаттылығы жылына 100 мың тонна куб.

«Duvaer»ЖШС 2007 жылы кірпіш зауытының құрылысын жоспарлап отыр, онда 100 адам жұмыспен қамтылатын болады. Күтілетін өнім көлемі жылына 30 млн. Штук. Жобаның құны 90 млн. Теңге.
Шахтинск қ.:

Қапиама кірпіш өндірісі бойынша зауыт ( «Қарағанды кірпіш зауыты» ЖШС) 2007 жылдың ІІІ кварталында іске қосуды жоспарлап отыр. Күтілетін өнім көлемі жылына 40 млн. Штук, күнделікті балшықты өңдеу 300 тонна. Жобаның құны 115 млн. Теңге. Ашылатын жұмыс орны саны – 150 адам.

Приозерск қ.:



Приозерск балық тауарлық кешені ( «Көгал» ЖШС) өз жобасын аяқтауды жоспарлап отыр, онда мынадай өндірістік кешен ұйымдастыруды қарастырады: балық шаруашылығы ( жобалық қуаттылығы жылына 20-25 млн. Бекіре, 5-10 млн. Сазан), 35 адам еңбекке тартылатын Балқаш көлінен балық өндіру. Жобаның құны 80 млн. Теңге.Өзін-өзі ақтау мерзімі – 5 жыл.

Жаңаарқа ауданында:



«Жеңіс»АҚ қымызды өдіру мен консервілеуді бастауды жоспарлап отыр, өндірісте 4 адам еңбекке тартылады. Күтілетін өнім көлемі жылына 75 тонна. Жобаның құны 20 млн. Теңге.

Нұра ауданында:



«Зерде-Инвест» ЖШС суқоймаларының шөгінділері (өзен, көлдер) шикізат болатын мал рационы үшін минералдық тыңайтқыштар өндірісін бастауды жоспарлап отыр. Өндірісте 50 адам жұмысқа тартылады. Жақын және алыс шетелдік технологияны қолдану. Жобаның құны 10,0 млн. Теңге.

Ұлытау ауданына :



«Ардагер» ЖШС ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша диірмен кешенін іске қосуды жоспарлап отыр. Күтілетін өнім көлемі тәулігіне 32 тонна. Жобаның құны 10,08 млн. Теңге. Ашылатын жұмыс орны – 6 адам.
Облыс кәсіпорындарында ISO сериялы сапа менеджменті стандарттарын енгізу
Облыста шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ИСО сериялы сапа менеджменті стандарттарын енгізу жұмыстары жалғасатын болады. Осы қызмет аясында келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізіледі:

  • жыл сайынғы «Қарағандылық сапа» байқауын өткізу;

  • облыс кәсіпорындары базасында стандартизация бойынша техникалық комитеттер құру мәселесін қарастыру;

  • Сапа менеджменті мәселелері(МС ISO 9000: 2000) бойынша семинарлар, маман дайындау курстарын өткізуді ұйымдастыру ;

  • Халықаралық сапа жүйесін әзірлеу, енгізуді түсіндіру мен насихаттау;

  • осы процеске кәсіпорындарды барынша тартуды көздейтін облыс кәсіпорындарында ISO 9000 сериялы сапа менеджменті стандарттарын енгізудің жыл сайынғы болжамын әзірлеу;

  • Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде сапа менеджменті стандарттарын енгізу;

Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде облыстың 70 кәсіпорнында ИСО сериялы сапа менеджментінің халықаралық стандарттары енгізіледі.

Инновациялық инфраструктураны дамыту

2007-2008 ж.ж. инновациялық инфрақұрылымды дамыту жалғастырылады.

2007 жылы «Технопарк UniScienTecһ» ЖШС базасында облыста бірінші рет бұйымдарды автоматтандырылған жобалау мен тәжірибе үлгілері мен прототиптер өндірісі функциясы бар конструкторлық-технологиялық орталық құру жоспарланып отыр. Келесі жылы осында қазіргі заманғы құралдармен,материалдың құрылымын және микроқұрылымын зерттейтін приборлар мен технологиялармен жабдықталған орталықтандырылған және көп профильді лаборатория жұмысы жүреді деп күтілуде. Бұл үшін жарықтық микроскопия бойынша «Carl Zeiss», үлгі дайындау үшін «Leco Corporation» құралдары алынды. Технопаркті жарықтық микроскопияның жаңа құралдарымен жабдықтау геологобарлау, кен байыту және металлургиялық кәсіпорындарының, машинажасау мен құю зауыттарының, химиялық өнеркәсіп пен құрылыс индустриясының мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Зерттеу жұмыстары өнімнің барлық бөліктерінде жүргізілетіндігін айта кеткен жөн.

Облыс әкімдіктерімен технопаркпен бірлесе отырып ғылыми және инновациялық жобаларды қаржыландыру үшін аймақтың ірі кәсіпорындарының, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ мен облыстық бюджет қатысуымен венчурлік қор құру мәселесі қарастырылып жатыр.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті аймақтағы инновациялық қызметті жандандыру, технопарктің Қарағанды облысының қалалары мен аудандарымен ынтымақтасуына қатысты конференция, «дөңгелек үстел», семинарлар өткізуге көмектеседі.

2007 жылдың екінші кварталында Индустриалдық парктің инфрақұрылымы құрылысының жобалау-сметалық құжаттарын тапсыру және транспорттық және инженерлік- коммуникациялық желілер енетін аумағы 360 га парк территориясын кезең бойынша игеру жоспарлануда.

2007 жылы «Теміртау қ. Индустриалдық парк» ЖШС офистік кеңсесінің жөндеу жұмыстары, негізгі құралдарды, оргтехника, жиһаз және т.б. тауарларды сатып алу жүргізіледі, бұл Теміртау қаласындағы индустриалдық парктің құрылысын тездетіп бастауға мүмкіндік береді. «Теміртау қ. Индустриалдық парк» ЖШС осы жобаға қатысушылар жұмысының үйлестірушісі болады, Индустриалдық парктің сайтын құрады, потенциалдық инвесторларды тарту жұмыстарын бастайды, парк территориясында орналастыру үшін инновациялық жобалардың базасы мен оларды іріктеу критерийлерін қалыптастыруға кіріседі. Индустриалдық парк территориясында еркін экономикалық аймақ құру жоспарлануда.

Республикада алғашқылардың бірі болып Қарағанды ірі көлемді жобаны жүзеге асыруды бастайды: аймақ үшін үлкен әлеуметтік маңызы бар «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын құру. Республика үкіметі Қарағандыда «Сарыарқа» ӘКК құруға 284 млн. Теңге бөлді.

«Сарыарқа» ӘКК мәні мынада: қаржылық қолдаудың арқасында жоғары технологиялық инвестициялық жобалар өмірге келеді. Жаңа жобаларды жүзеге асырумен бірге ӘКК аса табыссыз жұмыс жасап тұрған кәсіпорындарды аяғына тұрғызумен де айналысады.

Бағдарламаға енгізілген облыстың инвестициялық және инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік даму институттары – Ұлттық инновациялық қор, Қазақстанның инвестициялық қоры, Даму банкі, Технологяның инжинирингі мен трансферті орталығы, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы, Маркетингтік-талдаушылық зерттеулер орталығы, Кәсіпкерлікті қолдау орталығымен өзара іс-қимыл жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде сапа менеджменті стандарттарын енгізу.

ҮІ. Бағдарламаны жүзеге асыру механизмі


Бағдарламаны орындау – шаралар жоспары арқылы жүзеге асырылатын болады. Қарағанды облысының 2007-2008 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30,06,2006 ж. №609 қаулысында қарастырылған шаралар енеді.

Шаралар жоспарында облыстың индустриалдық-инновациялық дамуының негізгі бағыттары көрсетілген, нақты шаралар қарастырылады, нақты орындаушылар және орындалу мерзімі анықталған.

Облыстың инвестициялық және инновациялық басым жобалары мемлекеттік даму институттарының көмегімен іске асырылады.

Аймақтық технопарктің Эксперттік кеңесімен бірлесе отырып келешегі бар инвестициялық және иновациялық жобаларды қарастыру мен іріктеу, оларлы қаржыландыру көздерін анықтау (даму институттары, отандық және шетелдік инвесторлар, екінші деңгейлі банктер, бюджеттік несиелеу т.б.) бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Қарқынды жобаларды қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасады.

Кәсіпкерлер мен кәсіпорын басшылары арасындағы мемлекеттік құрылымдардың, даму институттарының, консалтингтік фирмалардың кең түсіндірме жұмыстары оларға орталық және жергілікті органдардың әзірлеген өндірісті инновациялық дамыту шараларына көмек көрсетулеріне мүмкіндік туғызады

Кәсіпорындар мәселесін шешу үшін конференциялар, кеңестер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Жергілікті тауарөндірушілердің өнімінің бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін және дамытуды ынталандыру үшін көрмелер, байқаулар, бизнес, қаржы институттары өкілдерінің аймақаралық, халықаралық кездесулері өткізіледі.
ҮІІ. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламада қарастырылған инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін Даму банкінің, Инвестициялық қордың, Инновациялық қордың, кәсіпкерлікті дамыту қорының, екінші деңгейлі банктердің қаражатын тарту көзделіп отыр. Одан басқа, жаңа жоғарытехнологиялық және ғылымға негізделген өндіріске, инфраструктураны дамытуға бағытталған басым және тиімді жобаларды жүзеге асыру үшін отандық және шетелдік инвесторлар қаражатын тарту көзделеді.

Кәсіпорын, коммерциялық банк несиелері, аймақтық технопарк, «Сары-Арқа» ӘКК АҚ қаражаты инновациялық қызметті қаржыландыру көздері болады.

Теміртау қаласында индустриалдық парк құру үшін 2007 жылдың облыстық бюджетінен жарғылық капиталды толықтыру үшін - 4,0 млн. Теңге бөлу қажет.

2007 жылы облыстық бюджеттен бөлінетін 1,0 млн. Тенгеге , 2008 жылы 1,5 млн.теңгеге «қарағандылық сапа» көрмесін ұйымдастыру және өткізу қарастырылуда. «Қарағандылық сапа» байқауының дипломанты немесе лауреаты болған кәсіпорындар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Байқау лауреаттары республикалық «Алтын сапа» байқауына қатысады. Аймақтық байқаулар жергілікті өндірушілерді ынталандырады және Қарағанды облысында шығарылатын өнімдердің өсу деңгейін көрсетеді.

Аймақтағы инновациялық қызметті жандандыру бойынша конференциялар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізу үшін, инновациялық жобаларды жүзеге асырудың бастапқы және ағымдағы сатысын басқаруға, Қарағанды облысының қала және аудан әкімдіктерімен технопарктің ынтымақтаса жұмыс істеуіне 2008 жылы жергілікті бюджеттен 4,0 млн. Теңге көлемінде қаражат қажет.

Тікелей инвестициялар тарту мақсатында Қарағанды облысының инвестициялық мүмкіндіктері, оның өнеркәсіптік, инновациялық, саудалық дамуы , қаржыландыруды керек ететін инвестициялық жобалар ( пилоттық кластер), трансұлттық корпорацияларға қарсы ұсыныстар, Теміртау қ. Индустриалдық парктің дамуы туралы ақпараттан тұратын ақпараттық пакет құру және оны үнемі жаңартып отыру қажет. Ақпараттық пакетті әзірлеу және шығару үшін облыстық бюджеттен 1,0 млн. Теңге көлемінде қаражат қарастыру қажет.


ҮІІІ. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
Бағдарламаны жүзеге асыру мыналарға мүмкіндік береді:

  • 2008 жылы өнеркәсіптік өнім өндірісін 2006 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге арттыру;

  • өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде қайта өңдеу өнеркәсібінің үлесін 86-88 % деңгейінде сақтау;

  • әлемдік нарықта металл бағасының өзгерісіне аса тәуелді болмайтын тұрақты экономика құру жолымен өнеркәсіп құрылымында сапалы өзгерістер жасау. Солай ете отырып, 2008 жылы қайта өңдеу өнеркәсібі көлемінде машинажасау және химия салаларының үлес салмағының өсіміне қол жеткізу;

  • 20-дан кем емес индустриалдық-инновациялық жаңа өндіріс құруды қамтамасыз ету;

  • инвестицияның құйылу өсімін 2007-2008 жылдары 1,4 есеге арттыру;

  • тауарларды экспорттауды 2,2 есеге арттыру ;

  • 70 кәсіпорында ИСО сериялы сапа менеджментінің халықаралық стандарттарын енгізу жолымен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру ;

  1. 2 кластерді құру және дамыту үшін жағдай туғызу.

«Қарағанды облысының 2007-2008 жылдарға арналған

индустриалдық-инновациялық дамыту бағдарламасының жобасы туралы»

облыс әкімдігінің 2006 жылғы қарашадағы «___»

№____қаулысына №1 қосымша
2007-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын индустриалдық-инновациялық дамыту Бағдарламасының

Қарағанды облысында жүзеге асыру бойынша 2007-2008 жылдарға арналған

ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ




р/с

Шаралар

Аяқтау формасы

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзімі

Болжанған шығындар

(млн.теңге)



Қаржылан

дыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1 Ақпараттық-талдаушылық қамтамасыз ету

1.1 Талдау және зерттеулер

1.1.1

Мемлекеттік даму институттарына жіберілген жобалардың талдауы мен мониторингі

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат

КжӨД


квартал сайын

Талап етілмейді




1.1.2

2006-2008 жылдары облыс кәсіпорындарының сапа менеджменті жүйесі стандарттарын енгізу жоспарының мониторингі

ИСМ-не ақпарат

КжӨД


Ай сайын, 5-не

Талап етілмейді




1.1.3.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде сапа менеджменті стандарттарын енгізу

Сапа сертификаты

КжӨД

2007 ж.

1,2

бюджетті нақтылағанда



Облыстық бюджет

1.2 Ақпараттық жарықтандыру

1.2.1

Индустриалдық-инновациялық даму аймағындағы шетелдік тәжірибені зерттеу және оны 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын индустриалдық-инновациялық дамыту Стратегиясын жүзеге асыруда қолдану бойынша семинар, трентнг, оқыту курстарын өткізу

ИСМ-не ақпарат, облыс әкімінің бағыттаушы орынбасарына



КжӨД, «Технопарк»ЖШС (келісім бойынша)

«Атамекен»ҚКЖЖО ҚФ, облыстың кәсіпкерлер ассоциациялары (келісім бойынша).



30 қаңтарға,

жыл сайын


Квартал сайын

2008 жыл-4,0


Облыстық бюджет



2 Институттық даму

2.1 Аймақтық даму

2.1.1

Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігі бекіткен формалар бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мониторингісін жүргізу

ИСМ-не есеп беру

КжӨД

5 қаңтарға және

5 шілдеге, жыл сайын



Талап етілмейді




2.1.2

Жаңа өндіріс құру мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту есебінен жаңа жұмыс орындарын ашудың мониторингін жүргізу

ЕХӘҚМ, ИСМ-не ақпарат

КжӨД, қала мен аудан әкімдері

30 шілдеге ,

30 қаңтарға жыл сайын



Талап етілмейді





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет