Арал аудандық мәдениет үйлері мен клубтары мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының 2014 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы мәлімет
Аудандық мәдениет үйі жанындағы жылжымалы демалыс кешені дәстүрлі Елбасы жолдауына орай «Жолдау және ел үні» атты үгіт насихат концертімен Ақбай, Қосжар, Аралқұм, Қамбаш елді мекендерін аралап келді. Сонымен қатар «Әсерлі-әсем әуен» қойылымымен Бөген, Қарашалаң және Қаратерең ауылдарына ақылы концерт берді.
Қарашалаң елді мекеніндегі жаңадан салынған мектеп ғимаратының ашылу салтанатты түрде аталып өткізіліп, ауыл тұрғындарынан арнайы концерт ұйымдастырлыды.
Ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай «Қыран қанатты ақын» атты кеш ұйымдастырылып өткізілді.
Елімізге белгілі З.Шүкіровтың туған күніне орай қалалық мәдениет үйінде «Ғазиз жүрек, қайсар қазақ» атты әдеби әуенді кеш болды.
Қазіргі жастардың заману билеріне орай «Көңілді ырғақтар» атты би сайысы өткізілді.
Совет әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай «Болашақтың қамқоршысы – еліміздің ерлері» атты ауған соғысының ардагерлерінің қатысуымен тақырыптық кеш болды.
Жергілікті ақын Бекұзақ Тәңірбергеновтың «Жыр ғұмыр» атты өлеңдері жинақталған кітаптың тұсау кесер рәсімі өткізілді.
Аудандық мәдениет үйінде «Әйел. Ана - Тіршілік» мерекелік концерт берілді.
Қалалық мәдениет үйінде «Айдай сұлу аруым» атты ару қыздардың қатысуымен байқау болды.
Жазушы Сайлаубай Жұбатыровтың қатысуымен «Аралдың асқақ перзенті» атты шығармашылық болды.
Жас өнерпаздардың қатысуымен «Көктемгі махаббат әуендері» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді.
Ұлы наурыз мерекесіне орай орталық алаңда «Ұлысқа мерей сыйла, нұрлы Наурыз» атты мәдени-көпшілік мерекелік шара өткізілді.
Дәстүрлі балалар шығармашылығын дамытуға орай ХІV «Бозторғай» байқауының аудандық туры өткізілді.
Сыдықовтар отбасылылқ ансамблі қаладағы №262, 62 мектептерде «Өнерлі-өмірім» атты шығармашылық есепті концертін берді.
Аудандық мәдениет үйі жанындағы «Тамаша» ойын сауық отауы Қазалы ауданында болған әзіл-сқақ отауларының облыстық байқауына қатысып, І орынды иеленіп қайтты.
Жылжымалы мәдени демалыс кешен ұжымы «Болашақтың қамқоршысы-еліміздің ерлері» атты концерттік бағдарламасымен Сексеуіл, Қосаман және Ақеспе елді мекендеріне концерт қойып келді.
Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен әндерінен «Жүрегіімнің түбіне терең бойла» атты тақырыптық кеш болды.
Қазанғап Тілепбергенұлының 160 жылдығына орай «Күмбірле күй, күмбірле» атты аудандық күйшілер байқауы өткізілді.
Ақтөбе облыстық филармониясы жанындағы «Арайлы Ақтөбе» және «Аққу» би ансамбльінің қатысуымен концерт берілді.
Қалалық мәдениет үйінде жергілікті сазгер Д.Омаровтың «Дабыл аға – сазгер аға» атты шығарамашылық кеші болды.
1 мамыр Қазақстан халықтары бірлігі мерекесіне орай «Достықты ту еткен –Қазақ елі» атты мерекелік шеру болды.
9 мамыр Ұлы Жеңістің 69 жылдығына арналған орталық алаңда «Майлангерлер айбынды ерлер» атты театрландырылған қойылым қойылып, мерекелік концерт берілді.
Сазгер К.Дүйсекеев атындағы «Туған жер» атты аудандық байқау өткізіліп, жеңімпаздар облыстық байқауға жолдама алды.
Аудандық мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы» атты қаладағы мектептерден қатысқан жанұялар арасында аудандық байқау болды.
Әнші М.Ералиеваның 60 жасқа толуына орай «Ақбаян» атты аудандық байқау ұйымдастырылып өткізілді.
21 мамыр мәдениет қызметкерлерінің күніне орай облыстық мәдениет басқармасы аудандық мәдениет үйіне «Зерде» автокөлігі берілді.
Мәдениет қызметкерлерінің мерекесіне орай «Бағалы өнер, келбеті кемел – мәдениет» атты концерт берілді. Мерекеде мәдениет саласының қызметкерлерін аудан әкімі құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.
Термеші Жаңылсын Жәрменова «Ата берген аян» атты шығармашылық кешін қала халқына ұсынды. Осы концертік бағдарламасымен елді мекендерді аралап келді.
31 мамыр –Қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні темір жолы вокзалы жанындағы ескерткіш жанында «Алашпын деп күбірлейді тордағы үн» атты театрландырылған қойылым қойылып, еске алу митингісі жасалынды.
1 маусым балаларды қорғау күніне орай орталық алаңда «Әр қашан күн сөнбесін» атты мәдени көпшілік серуен, аудандық мәдениет үйінде «Әнші балапан» байқауы және «Балалуса» атты бала бақша бүлдіршіндері арасында сайыс өткізілді.
Рәміздер күніне орай қала орталығындағы рәміздер алаңында «Елімнің нышаны- елдігімнің белгісі» атты мерекелік жиын болды.
Аудандық мәдениет үйінде мектеп бітіруші түлектерге арналған «Сәт сапар, жас түлек» тақырыбында іс-шара болды.
Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Мамандығым-мәртебелі міндетім» атты салтанатты кеш өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |