Ауыл шаруашылығы саласының 021 жылы қарашасына атқарылған жұмыстары туралы мәлімет



бет1/9
Дата02.01.2022
өлшемі25.64 Kb.
#454195
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Доклат 1.11.2021г


Ауыл шаруашылығы саласының 2021 жылы 1 қарашасына атқарылған жұмыстары туралы мәлімет.

1.11.2021 жыл

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарға өз жолдауында бірінде «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес.» деген болатын. Осы орайда ауданымыз географиялық оңтайлы орналасуы облысымыздың ауыл шаруашылығы саласында, мал шарушылығы бойынша ірі қара, қой, жылқы және түйе өсіру ірі өңірлерінің бірі болып табылады. Негізгі жұмыс мал шаруашылығын дамытуға мал басын көбейту, өнімділігін арттыру және шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. (1-кесте) Аудан бойынша ауыл шаруашылығымен айналысатын жылдың басында 542 шаруа қожалықтары болса, қазіргі таңда 551 шаруа қожалықтары тіркеліп 9 шаруашылыққа өсіп отыр. 11 ауыл шаруащылығы кооперативі тіркелген, оның 5-і ағымдағы жылы құрылды. 2017 жылы отбасылық мал бордақылаумен жұмыс істейтін 3 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. бұл кооперативтерді құрған себебіміз «Береке» бағдарламасымен несие алу үшін кооперативтің мүшесі болу керек болды. 53 адам 149 млн. теңге несие алды. Бірақта құрылған кооперативтеріміз дұрыс дәрежеде жұмыс істей алмады. Кәсіпкерлік палатасымен бірге төрағаларында қайта сайладық. Күні бүгін олар жұмыс істемей тұр. (2-кесте) Ірі қара малының аналығы 50 бастан асатын 236 шаруа қожалығы, қой малы 300 бастан асатын 46 шаруашылық, жылқы 25 бастан асатын 235 шаруа қожалығы тіркелген. Жылдан жылға орта-ірі шаруашылықтарымыздың саны өсуде. 2021 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі мен көрсетілген қызметі 10 млрд. 223 млн. 100 мың теңгені құрады, 2020 жылы осы кезеңмен салыстырғанда 101,3% өсіп отыр.



(3-кесте) Қазіргі таңда аудан бойынша - 518 қыстақ пункттері бар, соның 356-сі құм өңірінде орналасқан. Қыстақта 1181 адам отыр. Ондағы автокөлік саны 422 дана, трактор саны 355 дана. Қыстақтардың 226-і электр жүйесіне қосылған. 22 қыстақ өз қаржысымен газ өткізді, тағыда өткізуге құжаттарын жинақтап жатырған шаруашылықтарымыз бар. Электр жүйесін тартып жатырғандарда бар. 264 қыстаққа электр қуатын беретін жел және күн генератор қондырғылары орнатылған. Казіргі таңдада күн генераторларына сұраныс бар, бірақта 80% субсидиялау ережесінен алып тастағаннан кейін тоқтап қалды. Ауданда электр бақташы орнату жұмыстары қолға алынып, 9500 гектар жер қоршалды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет