Арал аудандық ТҚҚ басқармасының
2014жылдың І-ші жарты жылдығында
атқарған жұмыстары туралы
Арал аудандық ТҚҚ басқармасы бойынша 2014 жылдың І-ші жарты жылдығында төмендегі іс-шаралар атқарылды:
Қызылорда облыстық ТҚҚ департаментінің 29.05.2014ж №4-14/1897 хатына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2014 жылы атқарылатын іс-шаралар жоспары» дайындалды. Іс-шара жоспарына сәйкес «Сенім телефоны» белгіленіп, «Жеке азаматтарды қабылдау кестесі», «Ашық есік күнін өткізу» кестесі жасалды. «Жергілікті азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарауға сала мамандарын тағайындау туралы» бұйрықтары шығарылып, жауапты мамандар бекітілді. Сонымен қатар көрнекі жерге «Азаматтардың шағымдары мен өтініштеріне арналған жәшік» және «Мемлекеттік қызметкерлердің этикасын бақылау» кітаптары жаңартылды.
Басқарма бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге 201 өтініш пен 1 шағым түсіп, 188 өтініш қанағаттандырылды, 5 өтініш және жеке тұрғыннан түскен 1 шағым құзіретімізге кірмейтін болғандықтан тиісті сала басшыларына жолданды. Бүгінгі таңға дейін Арал аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына аудандағы 5 балабақшаның медициналық бөлмелеріне лицензия алу үшін құжаттар тапсырылып, Арал аудандық ТҚҚ басқармасына Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы өтініштер түсіп, 5 балабақшаның өтініштері қаралып, 4-нің санитарлық талапқа сәйкестігі туралы, 1-нің санитарлық талапқа сәйкес еместігі туралы қорытынды берілді. Сонымен қатар қала тұрғыны Н.Файзуллаеваның арызы негізінде, Арал қаласы Наурыз алаңында орналасқан ЖК Б.Туремуратованың кіші нан цехының қамыр илеу бөлмесінің жұмысын уақытша тоқтату туралы Қызылорда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз 16.01.2014жылы жолданып, қанағаттанарлық шешімі шықты.
2014 жылдың 1-жартыжылдығына барлығы 74 нысан жоспарланған. Оның ішінде жеке кәсіпкерлік субьектісі-60, мемлекеттік мекемелер-14.
14 мемлекеттік мекемелерге жоспарлы тексеру жүргізіліп, анықталған кемшіліктерге байланысты 20 әкімшілік шаралар көріліп, 9 санитариялық нұсқама берілді.
Басқарма басшысы аудан тұрғындарымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы атқарылып жатқан жұмыстары туралы» тұрғындармен 3 рет кездесу өткізді.
Аудан деңгейінде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау мақсатында басқарма мамандары арасында 2 құқықтық семинар және «Нұр Отан» партиясының Арал ауданындағы филиалының 1-ші орынбасарымен, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының Арал ауданы бойынша өкілімен 23.05.2014жылы 1 дөңгелек үстел, 30.05.2014 жылы 1 құқықтық семинар сабақ, ҚР Бас Прокурорының 16.11.2011жылғы №109 бұйрығымен бекітілген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесі тақырыбында Қызылорда облыстық құқықтық статистика маманының қатысуымен семинар кеңес өткізілді, сонымен қатар басқарманың алқа мәжілісінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау» мәселесі қаралды.
Басқарманың «Ашық есік күндерін өткізу кестесі», басқарманың «Сенім телефоны», басқарма басшысының «Жеке азаматтарды қабылдау кестесі» аудандық «Құрылтай» газетінде жарық көрді.
Бүгінгі таңда басқармада жеке және заңды тұлғалармен жұмыс істеу барысында «Бір терезе» қағидасы бойынша берілген талаптардың сақталуы қамтамасыз етіліп, өтініш берген тұлғалармен арнайы кабинетте түсіндіру, қажеттілігіне қарай қорытынды беру немесе Заңда көрсетілген баптарға сәйкес өтінішін қайтару, 2012 жылы МСЭҚБ-ның 3 сәуір 2013 жылғы селекторлық мәжіліс хаттамасы бойынша ҚР ДСМ МСЭҚК-нің 2012 жылғы 18 сәуір №98 рұқсат беру құжаттарын кеңселер арқылы бір терезе қағидаты бойынша жүргізілуде. Басқармада қабылданатын құжаттарды есепке алу, тіркеу, орындау регламенті сақталған. Құжаттарды қабылдау және келушілерге кеңес беру бөлмелері қаралған, бейне бақылау орнатылған.
«Арал аудандық МСЭҚ басқармасының 2013 жылы атқарған жұмыстары мен 2014 жылы алға қойған міндеттері туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау – басты міндет», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа бағыттары» және облыстық ТҚҚ департаментінің тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге тиым салынған өнімдер» атты мақалалары аудандық «Толқын», «Құрылтай», «Үмітті Арал» газеттерінде жарық көрді.
2014 жылға алынған меморандум бойынша жыл соңына дейін мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтуды 86% жеткізу жоспарланып, оның ішінде 2014 жылдың 6 айында ыстық тамақпен қамту көрсеткіші 85,8 %-ды құрап отыр. Алдағы уақытта ыстық тамақпен қамту деңгейін негізінен типтік жобадағы мектептерден санитарлық талапқа сай келетін жағдайда ғана буфеттер ашу арқылы ұйымдастыру жоспарлануда.
Арал аудандық ТҚҚ басқармасының ұйымдастыруымен балалар сауықтыру ұйымдарында балалардың құқықтарын қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, тұтынушылардың сауаттылығын жетілдіру, балалар арасында жұқпалы іш аурулары мен тағамнан уланудың алдын алу мақсатында «Балалардың қауіпсіз және салауатты демалысы» тақырыбында «Ұландар» Арал лагерінде 01.07.2014жылы аудандық акция өткізілді. Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында «Ұландар» Арал лагерінің тамақтарына микробиологиялық, химиялық зерттеулер жүргізуге Арал аудандық ОСЭСО филиалымен келісім-шартқа отырды.
Қазіргі таңда 11 тағам өндірісі нысандарына есептік нөмір алынды.
Өндірісті қадағалау бағдарламасы аясында тәуекелді талдау және сын бақылау жүйесін енгізген (НАССР) тағам өндірісі нысандарының саны 2. Атап айтсақ ЖШС «Арал-Сервис» және «Арал балық өңдеу» ЖШС зауыттары. «Аралтұз» АҚ –на НАССР жүйесін ендіруге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатынас хат жолданды.
«Тұтынушылар күні», «Әр үйде қауіпсіз тағам» атты аудандағы «Қанағат» коммуналдық базары мен «Алтай», «Береке» сауда қатарларында және «Тұтынушыларды сапалы азық-түлік өнімдерімен, балалар ойыншықтарымен қамтамасыз ету» тақырыбында «Қанағат» ЖШС коммуналдық базары, «Алтай», «Береке», «Дархан» сауда қатарлары, «Қожа», «Жансая», «Назарбек» сауда үйлері мен «Бірлік» дүкенінде 6 аудандық акция өткізілді. Тағамнан уланудың алдын алу мақсатында «Ботулизмнің алдын алу» тақырыбында жергілікті «Құрылтай» газетінде мақала жарық көрді.
19-20.06.2014жылы «Нұр Отан» партиясы, Арал аудандық кәсіпкерлік бөлімімен Арал аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшылығымен бірлесе отырып, базар мен сауда қатарларындағы санитарлық талаптардың орындалуы және сауда мәдениетінің қалыптасу жағдайы қаралып, партиялық бақылау жасалды, нәтижесімен аудан әкіміне қаладағы «Қанағат» коммуналдық базары, «Алтай», «Дархан», «Береке» сауда қатарларын санитарлық талапқа сәйкестендіру және сауда мәдениетін дамыту жөнінде» ұсыныс хат берілді.
Аудан көлемінде көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында 2014 жылдың 17 наурызында аудан әкімдігінің көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту 2 айлығын өткізу туралы №123 «қ» қаулысы шықты.
Арал аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық айлығының іс-шара жоспары дайындалып, аудан әкімінің орынбасарымен бекітілді.
Қала 5 мөлтек ауданға бөлініп, әрбір мөлтек ауданға аудан әкімінің 26.03.2014 жылғы №106 өкімімен ұйымдастырылған қала әкімшілігі, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы, ішкі істер бөлімі қызметкерлерінен және көше комитеттері төрағаларынан құралған (мобильді) жұмысшы топтармен күнделікті санитарлық тазарту шараларының жүргізілу сапасына рейдтер жүргізіліп, анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мәліметтер аудандық ішкі істер бөліміне жолданып, әкімшілік шаралар көрілді.
Аудан, қала әкімшілігінен бекітілген жауапты адамдармен бірлесіп санитарлық тазарту айлығының жүргізілу сапасына қадағалау жүргізуге Арал аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы мамандары мен ОСЭСО филиалы мамандарынан құрылған 5 топ ұйымдастырылып, басқарма басшысының 17.03.2014 жылғы №14 бұйрығымен бекітілді.
Қалада 6200 жеке тұрғын үйлер бар болса, соның 900 тұрғын үйі лас қоқыс тастауға арналған контейнерлермен қамтамасыз етілген, яғни-14,2% құрады.
Қазіргі таңда қала бойынша тазалық айлығы басында анықталған 23 жердегі лас-қоқыс үйіндісі, 11 сорлы аймақ, 1 саябақ тазаланды. Қала бойынша 10518 тонна лас - қоқыс шығарылды. Көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарына осы кезге дейін аудан бойынша 1365 мекемеден 39724 адам қатысып, 515 техника жұмылдырылып, барлығы 26045 тонна лас-қоқыс шығарылды. 9 панно, 1 арка сырланып, 128 ғимарат пен үйлер әктеліп, 10964 көшет отырғызылды. Осы кезге дейін аудан бойынша мобильдік топтармен 134 тұрғынға аудандық сот шешімімен айыппұл салынса, 227 тұрғынға ескерту жасалып, 82 азамат қоғамдық орындарды ластағаны үшін қамауға алынды.
Қаланың санитарлық тазалығының жағдайы мен шешімін таппай отырған өзекті мәселелерді көтеріп, нақты ұсыныстармен аудан әкіміне - 4 ұсыныс хат слайдтармен және елді мекендерге көктемгі көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазарту айлығының жүргізілу барысы туралы 8 хабарлама фотосуреттермен берілді. Көктемгі көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазартудың 2 айлығын өткізу барысы туралы басқарма басшысының хабарламалары, ұсыныс хаттары 4 рет аудан әкімшілігінің мәжілісінде, штаб отырысында тыңдалып, берілген ұсыныстар бойынша аудан әкімі тиісті сала басшыларына қатаң талап қойып, тапсырмалар беріліп, хаттамаланды.
Санитарлық тазарту айлығының өткізілу барыстарына жүргізілген қадағалау қортындысымен аудандық «Толқын» газетінде 6 мақала облыстық «Сыр табиғаты» газетінде 1 мақала жарық көрді.
Ауданда «Арал – Сарбұлақ» топтық су құбырынан 33 елді мекен тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етіліп, халықтың қауіпсіз ауыз сумен қамтылуы - 94,5% құрап отыр.
Бүгінгі таңда аудандағы Сексеуіл кенті, Шөміш, Шижаға, Қамыстыбас елді мекендеріндегі су айдау насосты стансалары мен ішкі су желілерінің санитарлық-техникалық жағдайлары ешбір сын көтермейді. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Аманөткел, Бөген, Шөміш, Қамыстыбас, Шижаға су айдау насосты стансалары мен ішкі су желілеріне жаңғырту жұмыстарына қаржы қаралып, құжаттары дайындалуда.
Аудан бойынша барлық су құбырларына залалсыздандыру жұмыстары толық жүргізілді.
Басқармада қоғамдық бірлестіктер мен тиісті уәкілетті органдардың мамандарының арасында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша», «Жақсы жол, жайлы көлік-жол мұраты» тақырыбында аудандағы жолаушылар тасымалдайтын автокөліктердің жолаушыларға жайлы жағдайына, ахуалына негізгі мәселелерді анықтау мақсатында дөңгелек үстелдер өткізіліп, ондағы көтерілген мәселелер туралы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері», «Жақсы жол, жайлы көлік-жол мұраты» атты мақалалар жергілікті БАҚ-да жарық көрді. Дөңгелек үстелде айтылған кемшіліктерге байланысты аудан әкіміне 2 ұсыныс хаттар жолданды.
Аудандық мешітте 04.07.2014ж жұма намазға жиналған жамағатпен тұтынушылардың құқықтарын қорғау, салауаттылығын көтеру мақсатында «Арал аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының жаңа бағыттары мен міндеттері, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатындағы ақпараттармен таныстыру» тақырыбында кездесу өткізілді.
Арал ауданы әкімінің 19.05.2014 жылғы №215қ қаулысы негізінде, 30.05.2014 жылы аудандық ТҚҚ басқарма басшысының «Ауданда мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ өткізілуіне байланысты ҰБТ өткізілетін орынның, түлектердің жатын және тамақтанатын орындарының санитариялық-гигиеналық жағдайына қадағалауды ұйымдастыру» туралы №52 бұйрығына сәйкес, түлектердің тамақтанатын орны - «Балықшы қыз», жатын орындары - №2 санаториялық жобадағы мектеп-интернат және №71 орта мектебінің жатақханасы, ҰБТ өткізілетін орын-№262 мектеп-гимназиясын қадағалауға, бақылауға мекеме басшысымен қоса, жауапты мамандар бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізді.
ҰБТ-ға қатысатын ауылдық мектептің балалары аудан орталығындағы «Балықшы қыз» мейрамханасында тамақтандырылып, тамақтан улану жағдайлары болған жоқ.
«Ұландар» Арал лагері Қамбаш көлі жиегінде орналасқан. «Ұландар» Арал лагері 1989 жылы салынған. Салынғалы лагерь ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, жыл сайын ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Лагерь ауласы темір қоршаумен қоршалған, 50 пайыз көгалдандырылған, балалар жүретін жол бетондалған. Мәдени іс-шаралар өткізетін клуб үйі ғимаратының құлау қаупінде тұруына байланысты, 2008 жылы Қызылорда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен клуб ғимараты тұрақты түрде жабылған. Арал «Ұландар» лагерінің клуб үйі ғимаратының құлау қаупінде тұруына байланысты аудан әкіміне, аудандық білім бөлімі басшысына Ұсыныс хаттар жолданып, нәтижесінде Клуб үйі ғимаратына облыстық экспертиза мамандары келіп, «бұзылуға жатады» деп қортынды жасалынды, қазіргі таңда бұл ғимаратты бұзу жұмыстары заңдылық аясында жүргізілуде.
Лагерге сауықтыру маусымында тұрақты түрде жұмыс істейтін арнайы тіс дәрігері бөлмесі санитариялық талапқа сай әрленіп, 970 мың теңге қаржыға компрессор, автоклав қондырғылары алынды, сонымен қатар балаларға сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында, лагерде маусым кезінде тұрақты жұмыс істейтін дәрігер педиатр алу керектігі туралы басқарманың қойған талабының нәтижесінде 0,5ст балалар дәрігерінің маусымда тұрақты жұмыс жасау мәселесі шешілді. Биылғы жылы 4 ауысымда 600 баланы демалдыру жоспарланып отыр. (әр ауысымда 150 баладан). Лагерь ауласына 29.05.2014жылы «Дезинфекция и К» толық серіктестігімен кенеге, кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру шаралары жүргізілді. Аудандық «Толқын» газетіне «Ұландар» лагерінің жағдайы қалай атты мақала жарық көрді.
Аудан бойынша 40 мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлері 2 маусымнан бастап ашылды, 3 мектеп жанындағы (№227 Көктем, №237 Ақеспе, №69 Сапақ) күндізгі тынығу лагерлері ашылмады. Себебі №227 Көктем, №237 Ақеспе негізгі мектептерінің ғимараттары апаттық жағдайда болуына байланысты Қызылорда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен тұрақты түрде жабылса, №69 Сапақ орта мектебінің асханасы санитарлық талапқа сай келмеуіне байланысты Қызылорда мамандандырылған экономикалық сотының шешімімен тұрақты түрде жабылған.
Арал ауданы көлемінде 2014 жылдың І-ші жартыжылдығында тұрғындар арасында құрөзек, сіреспе, көкжөтел, вирусты гепатит А,В,С түрлері,іш сүзегі, қылау, қызамық, сарып,сал аурулары,Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы,құтырма аурулары тіркелген жоқ. Дегенмен жұқпалы ішек аурулары өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда 4 жағдайдан 7 жағдайға өскен.Туберкулез ауруының 34 жағдайы тіркеліп,100 мың халыққа шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 44,9 құрап отыр,2 жасөспірім туберкулезбен ауырды.
2013 жылдың І-ші ж/ж және 2014 ж. І-ші ж/ж тіркелген жұқпалы аурулардың салыстырмалы көрсеткіші :
р/с
|
Жұқпалы аурулардың атауы
|
2013ж.І ж/ж
|
2014ж.І ж/ж
|
Барлығы
|
14 ж.д.
|
Барлы
ғы
|
14 ж.д.
|
|
1
|
Вирусты гепатит «А»
|
0
|
0
|
0
|
0
|
2
|
Вирусты гепатит «В»
|
0
|
0
|
0
|
0
|
3
|
Сальмонеллез
|
0
|
0
|
0
|
0
|
4
|
ЖЖұқпалы ішек ауруы, барлығы,
о оның ішінде :
|
4
|
4
|
7
|
5
|
5
|
ЖІАанықталын баған түрі
|
0
|
0
|
0
|
0
|
6
|
ЖІА нақтыланған түрі
|
3
|
3
|
4
|
2
|
7
|
Ротовирус
|
0
|
0
|
3
|
3
|
8
|
Дизентерия
|
1
|
1
|
0
|
0
|
9
|
Сарып
|
2
|
0
|
0
|
0
|
10
|
Туберкулез
|
43
|
1
|
34
|
0
|
11
|
Шошқа мойын
|
0
|
0
|
1
|
1
|
12
|
Суық тию
|
483
|
307
|
565
|
294
|
13
|
Тұмау
|
2
|
1
|
0
|
0
|
14
|
Құтырма
|
1
|
0
|
0
|
0
|
2014 жылдың эпидмаусымы кезеңінде тұрғындар арасында жұқпалы ішек ауруларын, тамақтан улану жағдайларын болдырмау, алдын алу мақсатында Арал аудандық ТҚҚБ, амбулаторлық-емханалық қызметі бар «Арал аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК, ОСЭСО-ң Арал аудандық филиалы тарапынан 25.04.2014ж. №25/205ө-а/36-ө «Жіті ішек инфекцияларын және тамақтан улануларды алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы» бірлескен бұйрығы шығарылған. Аталған бұйрыққа сәйкес аудандық медициналық штаб құрамы және кешенді іс-шара жоспары бекітілген.
-Арал аудандық ТҚҚБ мамандарының ұйымдастыруымен 2014 жылдың мамыр айының 13-ші жұлдызында ауылдық емханалардың, дәрігерлік амбулаториялардың, медициналық пункттердің медицина қызметкерлеріне арнап «Жұқпалы ішек инфекцияларының және тамақтан уланудың клиникасы, диагностикасы, эпидемиологиясы және алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізіліп,оған барлығы 63 адам қатысты.
-Арал аудандық ТҚҚБ, амбулаторлық-емханалық қызметі бар «Арал аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК, ОСЭСО-ң Арал аудандық филиалы тарапынан 25.04.2014ж. №25/205ө-а/36-ө «Жіті ішек инфекцияларын және тамақтан улануларды алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы» бірлескен бұйрығы шығарылды.Сонымен қатар аудандық ТҚҚБ-сы мен амбулаторлық-емханалық қызметі бар «Арал аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның №37/244-ө28.05/02.06.2014ж.«Ауызбен суландыру бекет- терінің жұқпалы ішек ауруларының маусымдық кезеңіне дайындығы» бірлескен бұйрығы шығарылып,бекітілді. Осы бұйрықтарды орындау мақсатында ауданда 2 жасқа дейінгі балалар арасында жұқпалы ішек ауруларының алдын алу мақсатында 14 ауылдық емханалар мен дәрігерлік амбулаторияларда 22 медициналық пункттерде барлығы ауызбен суландыру бекеттерінде 75 төсектен 80 төсекке көбейтіліп, ұйымдастырылды. Соның ішінде аудандық жұқпалы аурулар бөлімшесінде 4 керуетке арналған ауызбен суландыру палатасы қарастырылған. Маусымдық кезеңде ауызбен суландыру бекеттеріне «Диарея»диагнозымен 18 науқас бала жатқызылып, емделді,оның ішінде жіті жұқпалы ішек инфекциясына ұласып,аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылып, емделгендері-2. Аудан көлемінде бүгінгі таңда іш өту белгісі бар балаларды ерте анықтау мақсатында күнделікті үй аралау жұмыстары ұйымдастырылып,жүргізілуде.
- Жыл басынан бастап тұрғындар арасында жұқпалы жедел ішек, тамақтан улану жағдайларын алдын алу шараларын насихаттау мақсатында ЖШС «Қанағат» коммуналдық базарымен «Береке» сауда қатарында аудандық ТҚҚБ мамандарымен «Тұтынушылар күні», «Әр үйде қауіпсіз тағам өнімдері» тақырыбында акциялар өткізілді.
Парентеральды вирусты гепатиттердің қоздырғыштарын қан құрамында ерте анықтау мақсатында 2011 жылдан бастап аудан тұрғындарының белгілі бір тобын ИФА,ПЦР әдістемелерімен зерттеу жүргізіліп келеді. 2014 жылдың жоспары бойынша аудан тұрғындарын скрининг әдісімен вирусты гепатиттің «В» және «С» маркерлеріне тексеруге барлығы 702 адам жоспарланды,оның ішінде тиісті контингенттер бойынша: медицина қызметкерлерінің саны-548, онкологиялық науқастар-80, іш және кеуде қуысына ота жасатқан науқастар-30, гемодиализдегі науқастар- 4, қан және оның компоненттері құйылғандар-32,қан аурулары-8.
Үстіміздегі жылдың 6 айында барлығы ИФА-зертханасына қан сараптамасын тапсырғандар:
1.Медицина қызметкерлері-533, вирусты гепатиттердің маркерлеріне оң нәтиже көрсеткендері- 4 («В» вирусты гепатит маркеріне-3, «С» вирусты гепатит маркеріне-1).Оның ішінде орталық аурухананың диагностикалық бөлімшесінің лаборанты-1 (ВГВ), терапия бөлімшесінің аяжаны-1 (ВГС), Сексеуіл дәрігерлік емханасының фельдшері-1 (ВГВ ),Қаратерең ДЕ-ның аяжаны-1 (ВГВ). ПЦР-әдістемесінде тексерумен қамтылғаны-4, оның ішінде теріс нәтиже көрсеткені-1 (ВГС),«В» вирусты гепатит маркеріне «оң» нәтиже көрсеткені-3.Облыстық гепатоорталықта дәрігер-инфекционист тексеруінен өткізіліп, науқастар «В» вирусты гепатиттің созылмалы түрімен» «Д» есепке алынды.
2.Онкологиялық науқастар саны-45, вирусты гепатиттердің маркерлеріне оң нәтиже көрсеткендері -4,оның ішінде ПЦР әдістемесінде тексеруден өткізілгені-3, 1-і теріс нәтиже көрсетсе, 2-і «В» вирусты гепатит маркеріне «оң» нәтиже көрсеткен. Науқастардың төсек тартып, ауыр халде жатуына байланысты облыстық гепатоорталықтан дәрігер-инфекционист тексеруінен өткізілген жоқ.Қалған 1-і ПЦР-әдістемесімен енді қамтылмақшы.
3.Іш және кеуде қуысына ота жасатқан науқастар саны-37, «В»вирусты гепатиттің маркеріне «оң» нәтиже көрсеткені-11 («В» вирусты гепатит маркеріне -9, «С» вирусты гепатит маркеріне -2).ПЦР әдістемесінде тексеріл- гені-11, «оң» нәтиже көрсеткендері-10, облыстық гепатоорталықтан дәрігер-инфекционист тексеруінен өткізілгені-4,«В»вирусты гепатиттің созылмалы түрі» диагнозы қойылды,қалғандары тексерілуде.
4.Реципиенттер саны-27,«В» вирусты гепатиттің маркеріне «оң» нәтиже көрсеткені-1,ПЦР әдістемесінде нақтыланып,дәрігер-инфекционист тексеруі нен өткізілді, «В» вирусты гепатиттің созылмалы түрімен аудандық емхананың жұқпалы ауруларды тіркеу кабинетіне «Д» есепке алынып, бүгінгі таңда инфекционист көрсетілімімен тиісті емдерін алуда.
5.Қан ауруымен науқастанушылар саны-5, вирусты гепатит маркерлеріне «оң» нәтиже көрсеткендері жоқ.
6.Гемодиализдегі науқастар саны-1, «теріс» нәтиже көрсеткені-1.
2014 жылға жоспарланған 350 баланың қаңтар- маусым айларында ИФА-зертханасынан 277 бала тексеруден өтті, «В»вирусты гепатиттің маркеріне «оң» нәтиже көрсеткені-1, «С» вирусты гепатит маркеріне «оң» нәтиже көрсеткені-1.ПЦР әдістемесімен тексеріліп,нақтыланған. Облыстық гепатоорталыққа дәрігер –инфекционист кеңесіне жолданды. Нәтижесінде 1 бала «В» вирусты гепатиттің алғаш анықталған түрімен «Д» есепке алынып,бүгінгі таңда тиісті емін алуда, ошағында індетке қарсы іс-шаралар жүргізілді. 2-ші бала облыстық гепатоорталықтан дәрігер-инфекционист тексеруінен өтіп, ««С» вирусты гепатиттің созылмалы түрі» қортынды диагнозы қойылды.
2014 жылдың мамыр айында сырттан келген «қызылша» ауруына күдікті жағдаймен 2 науқас тіркелді. Науқастардың қан сараптамасын вирусологиялық лабораторияда зерттеу қортындысында ауру қоздырғышы табылмауы себепті, диагноз нақтыланған жоқ.Соған қарамастан ауру ошақтарында індеттің алдын алу шаралары уақытылы ұйымдастырылып жүргізілді.
1.«Қызылша» ауруына күдікті жағдайдың тіркелуіне байланысты ауру ошақтарында аурудың алдын алу ,оны әрі қарай таратпау бағытында төмендегі іс-шаралар атқарылды:
-Ауру ошақтарында науқастармен қарым-қатынаста болған бұрын қызылшаға қарсы толық егілмеген және егілгені туралы құжаты жоқ барлығы 8 адам қызылшаға қарсы егумен қамтылды.
-Амбулаториялық-емханалық қызметі бар «Арал аудандық орталық ауруха- насы» ШЖҚ МКК –сы мен Арал аудандық ТҚҚБ-ның 04.05.2014 ж. № 213-ө/27-а «Қызылша ауруының алдын алу шараларын ұйымдастыратын Медициналық штаб құру жөнінде» бірлескен бұйрығы шығарылып, Медициналық штаб құрылды, оның құрамы бекітілді,қызылша ауруының таралуына жол бермеу мақсатында санитариялық-індетке қарсы іс-шаралар жүргізу кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді.
-Медициналық штабтың 3 мәжілісі өткізіліп,іс-шаралар белгіленді, атқарылған жұмыстар талқыланды,мамандарға қосымша тапсырмалар беріліп отырылды.
-Амбулаториялық-емханалық қызметі бар «Арал аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК –сы бас дәрігерінің атына 7 пункттен тұратын нақты ұсыныстар берілді,Арал қаласы мен Сексеуіл кентінде медициналық байқаудың күнделікті үй аралау жұмысы ұйымдастырылып, жүргізіліп, облыстан 1000 доза қызылша, қызамық,шошқа мойынға қарсы қолданылатын вакцинасы әкелініп,мамыр айында 1 жасқа толатын балаларды алғашқы егумен және мамыр-қыркүйек айларының аралығында 6 жасқа толатын балаларды қайталап егумен қамту жүргізілді. Сонымен қатар 15-30 жас аралығындағы жастардың егілу құжатына ревизия жасалып,егу шаралары жасалды.
-Аудан әкімінің орынбасары Ә.Алдановқа «Қызылша ауруының тіркелгені жөнінде,оның алдын алу бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы» хабарлама берілді.
-Аудан әкімінің кеңейтілген мәжілісінде қызылша ауруынан қалыптасып отырған «қолайсыз» эпидемиологиялық жағдай туралы айтылып,соған байланысты атқарылып жатқан іс-шаралар туралы мәжіліске қатысушылар хабардар етілді. Осыған байланысты аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
-Аудандық білім бөлімінің басшысына ұйымдасқан ұжымдарда қызылша
ауруының алдын алу жөнінде қатынас-хат берілді.Оқушылар арасында жаттама,мазмұндамалар жазуға мәтіндер жолданды.
-Емханалар мен амбулаториялардың аймақтық медицина қызметкерлерінің қызылша ауруына күдіктілігін күшейту, күнделікті үй аралау барысында қызылша ауруының белгілері бар науқастарды ерте анықтап, уақытылы оқшаулау жөнінде Амбулаториялық-емханалық қызметі бар «Арал аудандық орталық ауруханасы»ШЖҚ МКК –сы бас дәрігерінің атына қатынас дайындалып берілді.
-Жыл басынан бері Аудандық ТҚҚБ-сы мамандарының ұйымдастыруымен қызылша ауруының эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы және алдын алу шаралары туралы аудандағы емдеу-сауықтыру мекемелері қызметкерлері арасында 5 семинар өткізілді.
-Аудандық «Толқын» газетінің бетінде «Қызылшадан сақтанайық» тақырыбында мақала жарияланды.
- Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінен келген қатынас-хатқа сәйкес,аудан көлемінде жазғы маусым кезеңінде ұйымдасқан ұжым балаларын қызылшаға қарсы егу шарасымен толық қамтылмаған жағдайда демалыс лагерлеріне жібермеу туралы аудандық білім бөліміне және амбулаториялық –емханалық қызметі бар «Аудандыдық орталық аурухана »ШЖҚ МКК бас дәрігері атына қатынас-хаттар дайындалып,берілді.Оның орындалуы аудандық ТҚҚБ-сы мамандарымен аудан көлеміндегі мектеп жанындағы 40 демалыс лагерлері мен «Ұландар» Арал демалыс лагерінің дайындығын тексеру барысында қадағаланды. Соның нәтижесінде Аралқұм мен Шижаға елді мекендеріндегі мектеп жанындағы демалыс лагеріне қабылдануға тиіс 2 баланың қызылшаға қарсы екінші егу шарасының жоқ болуына байланысты кейін қайтарылып, лагерлерге қабылданған жоқ, айлық жоспарларға сәйкес егу шарасы жүргізіледі.
- Ауданда 2014 жылдың 22-26-шы сәуір аралығында «Барлық жастағы адамдарды инфекциялық аурудан қорғау үшін вакцинаны неғұрлым белсенді пайдалану» тақырыбында иммундау апталығы өткізілді,апталық барысында жоспардан тыс бұрын егілмеген,егілгені туралы дерек жоқ 36 адам қызылша , қызамық, шошқа мойынға қарсы егілді.
Аудан бойынша иммундау шараларының жүргізілу барысы: 2014ж 6 айында аудан бойынша мақсатты топтағы 1 жасқа дейінгі бала-1675 бала, олардың құрөзекке, сіреспеге, көкжөтелге, гемофильді жұқпаға, «В» вирусты гепатитке, полиомиелитке қарсы алғашқы егілгені (АБКДС+ИПВ+Хиб+ВГВ-3) -845 бала, яғни 50,4 пайыз, оптималдық деңгейде қамтылды. Ауданда 1 жастағы мақсатты топтағы бала саны -1734 бала, олардың құрөзекке, сіреспеге қарсы қайталап егілгені (АКДС-4)-875 бала, яғни 50,4 пайыз, оптималдық деңгейде қамтылды. Бір жастағы мақсатты топтағы 1734 баланың қызылша, қызамық, шошқа мойынға қарсы егілгені 813 бала,, яғни 46,8 пайыз қамтылған. Ауданда 6 жастағы мақсатты топтағы бала саны -1740 бала, олардың құрөзекке, сіреспеге қарсы қайталап егілгені (АбКДС-5) -1231 бала, яғни 70,7 пайыз, Қызылша, қызамық, шошқа мойынға қарсы қайталап егілгені -1231 бала, яғни 70,7 пайыз. 16 жастағы 1139 жасөспірімнің 1034-і егілген, яғни 90,7 пайыз қамтылды. Аудан бойынша 2404 ересек адам құрөзекке қарсы жоспарланып, 2283 адам егілді, яғни 84,4 пайыз орындалды.
Ауданда 6 айда 769 сәби дүниеге келіп, 754 сәбиге туберкулезге қарсы алғашқы егу шарасын алды, яғни 98 пайыз, 765 сәби «В» вирусты гепатитке қарсы алғашқы егу шарасын алды, яғни 99,4 пайыз. Обаға қарсы жоспарлы егу шарасына аудан бойынша 23832 адам жоспарланып, 23810 адам егілді, яғни 99,9 пайыз орындалды.
Аудан көлемінде туберкулезден қолайсыз эпидемиологиялық жағдай сақталуда. 2013ж І–жартыжылдығында 49 туберкулез ауруы тіркелсе, оның ішінде өкпе туберкулезі -43, 2014ж І-жартыжылдығында 40 туберкулез ауруы тіркелді, оның ішінде өкпе туберкулезі -34, яғни 24 пайыз ауру деңгейі төмендеді. 100 мың халыққа шаққанда интенсивті көрсеткіш ауданда-44,9, бұл көрсеткіш облыста-38,9, республикада-29,3. Балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез ауруы біршама бәсеңдеді, 2013ж 6 айда 1 бала мен 3 жасөспірім өкпе туберкулезіне шалдықса, 2014ж 6 айда тіркелген 34 өкпе туберкулезінің арасында 2 жасөспірімнен туберкулез ауруы анықталды, 14 жасқа дейінгі балалар жоқ. Аудан бойынша 2014жылдың алты айына флюоротексеруге 23500 адам жоспарланып, 20072 адам қамтылды, яғни 84,1 пайыз, 29 адамнан алғаш рет өкпе туберкулезі анықталды. Флюоротексеру жоспарының төмен орындалу себебі жылжымалы флюороқондырғының бұзылуына байланысты Бекбауыл, Қызылжар, Жаңақұрылыс, Райым, Аманөткел, Қарақұм, Бөген, Қаратерең, Қарашалаң елді мекендеріне бара алмауы тиісті контингенттерді толық қамтуға мүмкіндік бермеді, 2014ж І-жартыжылдығындағы флюоротексерумен қамту көрсеткішіне толық талдау жасалып, аудандық аурухананың бас дәрігерінің атына талдау-хат берілді, нәтижесінде шілде айының бас шенінде Сыр бойындағы 6 елді мекен қамтылды, флюоротексерумен қамтылу көрсеткіші 84,1 пайыздан 92,7 пайыз жақсарды. Міндетті топтан 5232 адам жоспарланып, 5681 адам профилактикалық тексеруден өтті, яғни 110,6 пайыз, 4 адамнан туберкулез ауруы анықталды, оның ішінде 3-і мектеп қызметкері, біреуі бала бақша қызметкері, төртеуі де профилактикалық байқау кезінде анықталды.
Ауданда Конго-Қырым геморррагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында 8 мал тоғыту ваннасы бар,екі ванна жаңадан салынды. Барлығы 10 ванна жұмыс жасауда. Ауданда осы аурудан қолайсыз 25 елді мекенде сәуір-мамыр айларында 18900 бас ірі қара малға,7934 бас түйеге,40347 бас уақ малға,43620 шаршы метр жердегі суатқа,942919 шаршы метр қораға кенелерге қарсы залалсыздандыру шарасы жүргізілді.
Ауданда 2013 жылдың 6 айында түрлі жануарлардан жарақаттанудың, сілекейленудің 204 жағдайы тіркелсе, 2014 жылдың алты айында 179 жағдай тіркелді. Құтырма ауруының негізгі таратушы көзі-қаңғыбас иттер мен мысықтарды жоюға аудандық бюджеттен 4 млн.950 мың теңге бөлініп,бес айда оның 2 млн.114 мың теңгесі игеріліп,осы қаржыға 2009 ит,144 мысық жойылды.
Паразитарлық аурулардың 2013-2014 жарты-жылдығында тіркелу деңгейінің салыстырмалы көрсеткіш кесте түрінде төмендегідей:
Тіркелген аурулар
|
2014 ж
|
2013ж
|
Барлық ауру саны
|
14 ж.д бала
|
Барлық ауру саны
|
14 ж.д бала
|
энтеробиоз
|
41
|
40
|
56
|
56
|
Гименолепидоз
|
2
|
1
|
4
|
4
|
Эхинококкоз
|
1
|
-
|
1
|
1
|
Қышыма
|
-
|
-
|
3
|
1
|
Дерматомикоз
|
9
|
6
|
6
|
5
|
Аскаридоз
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Педикулез
|
9
|
6
|
4
|
3
|
Барлығы:
|
53
|
47
|
70
|
67
|
Келтіріліп отырған таблицадағы паразитарлық ауруларды тарқатып айтатын болсақ:
Энтеробиоз. СЭСО паразитология лабораториясымен 2886 сараптама жасалып,
16 энтеробиоз ауруы анықталған, 0,5 пайыз.
2014 жылы 6-айға перианальді әдіспен жалпы-8612 сараптама жасалып , 41 энтеробиоз ауруы тіркелген , яғни 0,4 пайыз. Тіркелген -40 энтеробиоз ауруының -34-і мектеп оқушылары, 15 пайыздан жоғары зақымданған ұйымдасқан ұжымдар болған жоқ.
Үй ошағынан санитарлық-гельминтологияға -жеміс-жидек, 431-шайынды , үй ошағынан қарым-қатынаста болған 680 адамнан соскоб сараптама алынған. «Оң» мәнді сараптамалар анықталған жоқ.
Гименолепидоз.
2014 жылы 6-айға барлығы 2 гименолепидоз, оның 14 жасқа дейінгісі -2 бала.
СЭСО лабораториясынан- 2867 сараптама жасалып, 2 гименолепидоз ауруы тіркелген. Емдеу-сауықтыру мекемелерінің клиникалық-диогностикалық лабораториясында-5472 сараптама жасалып, гименолепидоз ішек құрт ауруы анықталмаған. Ал , мектептер арасынан 22 мектептен 2922 оқушыларынан алынған сараптамадан гименолепидоз анықталған , мектеп-интернаттан-64 сараптама, бала-бақша-902 сараптама алынған, қортындысында ішек-құрт ауруы гименолепидоз анықталмаған.
Гименолепидоз ауруының 2 үй ошағы тексерілді, санитарлық-гельминтологияға жеміс-жидек-5 , шайынды-20, қарым-қатынастағы-17 адамдардан сараптамалар алынды, қортындысында анықталған ауру жоқ.
Паразитарлық ішек-құрт аурулары жөнінде -2 дәріс , 8 әңгіме , 2 санбюллентень шығарылды.
Эхинококкоз 2014жылы 6-айға 1 адамнан эхинококкоз ауруы.14 жаска дейінгі бала жоқ . Ауру ошағына барып,эпидемиологиялық зерттеулер жүргізіліп, санитарлық-гельминтологияға 5-көкөніс, 30-жұғын,3-топырақ 10-шаң, 1 су сынамалары алынды.
Эхинококкоз ауруының алдын алу жөнінде , иттерді есепке алу, қаңғыбас иттерді ату және жою жөнінде , аудан әкіміне ұсыныс хат беріліп, онда көрсетілген мәселелер аудандық мәслихат отырысында қаралып , соның нәтижесінде ит атуға және жоюға аудандық бюджеттен 2014 жылдың 1-ші жарты-жылдығында есепке алынған ит саны 4000,дегельминтизациялануға 6400 бас жоспарланған, дегельминтизация жасалғаны -3200. Қалада қаңғыбас иттер мен жабайы мысықтарды ату, аулауға аудандық бюджеттен 2014жылға 4 млн 950 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге дейін 2900 ит, 144 мысық, 1 қасқыр жойылды. Жоғарыда бөлінген қаржыдан осы мақсатқа 2 млн 144 мың қаржы жұмсалды. ҚР Ауылшаруашылық Министрлігі , ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арал аудандық аумақтық инспекциясының басшысына «Аудан көлеміндегі адамдар мен жануарларға ортақ паразитарлық аурулардың алдын-алу, эпидемиологиялық жағдайы туралы.» 07.02.2014ж №2-1-204 санды анықтама берілді.
Аудан халқы арасында аурудың алдын алу мақсатында 3 дәріс оқылып, 1 бірлескен бұйрық шығарылып,3 елді мекенде (Қосаман, Шижаға, Жақсықылыш) акция өткізілді, Қамтылған адам саны -187, таратылған үн парақ-215.Аудандық «Құрылтай» газетінде
«Эхинококкоздан сақтанайық» атты мақала жарық көрді
Дерматомикоз .Аудан бойынша 2014 жылдың 6-айында 9 дерматомикоз ауруы тіркеліп, 100 мың халыққа шаққанда инт. көрсеткіш -11,8 оның ішінде 14 жасқа дейінгі-6, 100 мың халыққа шаққанда -25,5 құрады. оның ішінде барлығы трихофития тері ауруы. Тері венеролог дәрігерімен профилактикалық тексеру кезінде қаралғаны -7626 адам , анықталғаны -9, мектеп оқушыларынан қаралғаны - 4391, анықталғаны 2 ауру, 0,05 пайызынан
Қышыма. Арал ауданы бойынша 2014жылдың 1-ші жарты-жылдығында қышыма тері ауруы тіркелген жоқ.
Залалсыздандыру бөлімшесі . Қазіргі таңда аудан көлемінде 49 емдеу-сауықтыру мекемесі тіркеуде тұр.
Емдеу-сауықтыру мекемелерінің ішінде орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылғаны 28 болса, лас су жүйесіне қосылғаны-3. Сонымен қатар залалсыздандыру камерасымен 3 емдеу орны жабдықталса, 10 мекемеде алғашқы санитарлық тазалық шараларын жүргізетін бөлмелер қаралған. Асханамен 5 емдеу орны қамтамасыз етілсе, орталықтандырылған бумен зарарсыздандыру бөлімшесі 2 мекемеде,қалған емдеу-сауықтыру мекемелерінде 1-2 бөлмеден тұратын залалсыздандыру-зарарсыздандыру шараларын жүргізетін үй-жайлар қаралған.Залалсыздандыру камерасы -3 емдеу-сауықтыру мекемесінде қаралған,жұмыс жағдайында. Жасанды ауа алмастыру жүйесі тек аудандық туберкулезге қарсы күресу диспансерінде жұмыс істеп тұр.
Өткен жылы құрылысы басталған Аралқұм, Қарақұм дәрігерлік амбулаториясы, Қамыстыбас елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияларының құрылыстары аяқталып,бүгінгі таңда пайдалануға берілді. 2014 жылдың шілде айының ортасынан бастап Сексеуіл ауылдық емханасының іргетасы қаланып,құрылыс жұмысы жүргізілуде.
Сонымен қатар аудандық перзентхана бөлімшесінде 2014 жылдың мамыр айының 23-ші жұлдызынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 112 млн теңге бөлініп, бұл жұмысты «Қазалы-Құрылыс» ЖШС мекемесі атқаруда.
Үстіміздегі жылдың алғашқы 6 айында аудандық ТҚҚБ-сы мамандарымен ОСЭСО Арал аудандық филиалының лаборанттарын қатыстыра отырып 6 нысанда жоспарлы сан-эпидтексеру жұмысы жүргізілді. Анықталған кемшіліктер бойынша және лабораториялық зерттеу қортындысында сәйкессіздік көрсеткен нәтижелерге сәйкес жауапты қызметкерлерге барлығы 6 айыппұл салынып, өндірілді. Мекеме басшыларына орын алған кемшіліктерді жою мақсатында 14 Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуды жою жөніндегі кешенді 2 нұсқама берілді.
2014 жылдың І-ші жартыжылдығында бактериологиялық зертханаға 64 ауа сынамасы, зарарсыздандыру сапасын анықтауға 110 жұғын, патогенді стафилакокке- 56 жұғын алынып, тексерілді, нәтижелері -теріс, ІТЖБТ-ға алынған 197 жұғынның 6-ынан сәйкессіздіканықталды.
2014 жылдың алғашқы 6 айында аудан тұрғындары арасында тіркелген жұқпалы және паразитарлық аурулар ошақтарына қорытынды залалсыздандыру шарасын жүргізуге емдеу-сауықтыру мекемелерінен ОСЭСО Арал аудандық филиалының дезинфекциялық шараларды жүргізу бөлімшесіне барлығы 59 сұраныс түсті,оның ішінде өкпе туберкулезі-51, трихофития-8. Тіркелген ауру ошақтарында автомакс құралын пайдалана отырып ылғалды қорытынды залалсыздандыру шарасымен қамтылғаны-51, камералық әдіспен қамтылғаны-8. Жұқпалы және паразитарлық аурулар ошағынан бактериологиялық зертханаға барлығы 230 жұғын, химсараптамаға -14 жұғын алынып,зерттелді,нәтижесінде сәйкессіздік анықталған жоқ.
2014 жылдың алғашқы 6 айында амбулаториялық және стационарлық жағдайда емделген науқастар арасында ауруханаішілік инфекция анықталған жоқ. Аудандық емдеу-сауықтыру орындарында ішкіауруханалық инфекциялардың алдын алу және күшейту мақсатында біршама жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда аудан бойынша 2 емдеу-сауықтыру мекемесінде : аудандық аурухана мен аудандық емханада біріктірілген, аудандық тубдиспансерде ауруханаішілік инфекцияларды бақылау комиссиясы қаралған.Комиссия құрамы және олардың функциональдық міндеттері мекеме басшыларымен бекітілген.Іс-шара жоспары жасалып, сол бойынша жұмыс жасауда. Аудандық емдеу-сауықтыру мекемелері зарарсыздандыру қондырғыларымен жеткілікті қамтамасыз етілген.Күнделікті медициналық манипуляция кезінде қолданылатын бірмәртелік шприц-ине,системалармен, медициналық қолғаптар және басқаларымен қамтамасыз етілген .
Аудан көлеміндегі емдеу-сауықтыру мекемелерінде ағымдағы дезинфекциялау шараларын жүргізуге Қазақстан Республикасында ұлықсат етілген залалсыздандыру препараттарын (деохлор, хлормисепт, аллсепт, аниосжель, лизоформин және басқалары) қолданылуда. Дезпрепараттарды сақтауға арналған шкафтармен, сөрелермен, қолжуғыштармен ,табиғи және жасанды ауа алмастыру жүйелерімен қамтамасыз етілген арнайы бөлмелер қаралған. Әрбір емдеу-сауықтыру орындарында дезпрепараттардың дайындалу, қолдану ережелері жазылып, көрнекі жерлерге ілінген. Дезпрепараттармен жұмыс істеу барысында медицина қызметкерлері қорғаныш заттарын пайдаланады (бетперде,халат, медициналық қолғап).
Ауданда 2 емдеу-сауықтыру мекемесі ОСЭСО Арал аудандық филиалымен өзін-өзі бақылауға келісім-шартқа отырған.Ай сайын бактериологиялық зертханаға сынамалар алынып, сараптамалар жасалуда. 2014 ж. І-ші жартыжылдығында бактериологиялық зертханаға алынған ауа сараптамасы-137/0, ІТЖБТ-ға -669/0 жұғын,патогенді м/ф-100/0,патогенді стафилакокке-669 жұғын,зарарсыздандыру сапасын анықтауға-351/0 материал алынып,тексерілді.
Достарыңызбен бөлісу: |