Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII Заңы
МАЗМҰНЫ
Арал проблемасы планетаның орасан зор экологиялық апаты ретінде аса өткір сипат алып отыр. Осыны негізге ала отырып, "Арал өңірінде тұратын халықтың өмір сүру жағдайын түбірінен өзгерту жөніндегі шұғыл шаралар туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қаулысымен Арал аймағының Қазақстан бөлігі экологиялық қасірет аймағы деп жарияланған болатын. Айналадағы табиғи ортаның тез арада шөл далаға айналуы және оның құлдырауының қалпына келмейтіндей тұрақты процесі, тіршілік жағдайының нашарлауы, аурудың көбеюі экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын халықты әлеуметтік қорғау шараларын заң жүзінде шешіп, құқықтық жағынан реттеуді талап ететін жаңа әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ахуал туғызды.
І бөлім.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Заңның мақсаты мен міндеттері
Осы Заң Арал экологиялық апаты салдарынан зардап шеккен азаматтардың қорғалуын қамтамасыз етуге тиіс және олардың статусын, аумақтардың топталуын айқындайды, әлеуметтік оңалту шараларына мұқтаж адамдарға өтем мен жеңілдіктер белгілейді, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау, тұрақты тіршілік жағдайын қамтамасыз ету, халықты экологиялық таза тамақ өнімдерімен, медицина құралдарымен, ауыз сумен басым жабдықтау, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту жүйесін қалыптастыруға принципті көзқарастарды баянды етеді. Заң Арал өңірінің әлеуметтік проблемаларын шешу жөніндегі шараларды жүзеге асырудың негізгі амалын белгілейді.
2-бап. Арал өңірі Қазақстан бөлігінің экологиялық қолайсыз аумағын топтау
Қалыптасқан экологиялық қолайсыз жағдайдың ауыртпалық дәрежесін, айналадағы табиғи ортаның шөл далаға айналуы мен ластануының адам денсаулығына әсерін ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының тұжырымдамасы негізінде Арал өңіріндегі экологиялық қасірет аумағы:
экологиялық апат; экологиялық дағдарыс; экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақтар болып бөлінеді.
3-бап. Экологиялық апат аймағы
1. Экологиялық апат аймағы шекарасын белгілеудің негізгі өлшемдері мыналар: халық өлімінің тұрақты өсуі; экологиялық себептерге байланысты амалсыздан көшіп кету; айналадағы табиғи ортада ластаушы заттар шоғырлануының жол берілетін шекті нормативтерден халық өміріне қауіп төндіретін мөлшерде асып кетуі; экологиялық жүйенің толық күйреуі және олардың өздігінен қалпына келу қабілетін жоғалтуы; су объектілерінің ғасырлар бойы ауытқудан асып түсетін апатты жағдайда тайыздауы. 2. Экологиялық апат аймағына Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарының, Ақтөбе облысының Шалқар ауданының аумақтары кіреді.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 4-бап. Экологиялық дағдарыс аймағы
1. Экологиялық дағдарыс аймағы шекарасын белгілеудің негізгі өлшемдері мыналар: халықтың ерекше ауруларының тұрақты өсуі; айналадағы табиғи ортада ластаушы заттар шоғырлануының жол берілетін шекті нормативтерден халық денсаулығына қауіп төндіретін мөлшерде асып кетуі; экологиялық жүйелердің түр-тұқым құрамының азаюы мен құрылымдық тұтастығының бұзылуы, экологиялық жүйелердің биологиялық өнімділігінің 75 процентке төмендеп кетуі; су объектілерінің орташа көп жылдық ауытқудан асып түсетін мөлшерде дағдарысты жағдайда тайыздауы. 2. Экологиялық дағдарыс аймағына Қызылорда облысы аудандарының (3-бапта көрсетілгендерінен басқа) аумақтары, Қызылорда қаласы және әкімшілік-аумақтық бағынысына кіретін елді мекендерді қоса алғанда, Байқоңыр қаласы кіреді.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 5-бап. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ
1. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ шекарасын белгілеудің негізгі өлшемдері мыналар:
халықтың экологиялық дағдарыс жағдайына себепті байланысы бар ауруларының тұрақты өсуі; айналадағы табиғи ортада ластауыш заттар шоғырлануының жол берілетін шекті нормативтерден тұрақты асып кетуі; экологиялық жүйелердің сан жағынан алғанда түр-тұқымы құрамының азаюы және олардың биологиялық өнімділігінің кемінде 50 процент төмендеп кетуі; су объектілерінің орташа көп жылдық ауытқудан асып түсетін мөлшерде тайыздауы. 2. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймаққа Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар (бұрынғы Мұғалжар ауданының елдi мекендерi шекарасының шегiнде), Темiр аудандарының; Оңтүстiк Қазақстан облысының Арыс (оның iшiнде Арыс қаласы), Отырар, Созақ, Шардара аудандарының және Түркiстан қаласының, сондай-ақ Қарағанды облысының Ұлытау ауданының (бұрынғы Жезқазған облысының Жездi ауданының елдi мекендерi шекарасының шегiнде) аумақтары кiредi.
Ескерту. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1997.11.04. N 186 Заңымен.
ІІ-бөлім.
АРАЛ ӨҢІРІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ ПЕН ДАҒДАРЫСТЫ
ЖАҒДАЙ САЛДАРЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЗАМАТТАРДЫҢ
СТАТУСЫ
6-бап. Экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтардың статусы
Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерге мыналар жатады: 1) белгіленген тәртіппен экологиялық апат аймағы статусын алған аумақта 1970 жылдан бастап осы кезге дейін кемінде 10 жыл тұрып жатқан немесе тұрған азаматтар (он жасқа дейінгі балаларды қоса); 2) экологиялық қасіретпен себепті байланысы бар аурудан денсаулығын жоғалтқан, осы аймақта кемінде 3 жыл тұрған немесе тұрып жатқан азаматтар.
7-бап. Экологиялық дағдарыс салдарынан зардап шеккен азаматтардың статусы
Экологиялық дағдарыс салдарынан зардап шеккендерге мыналар жатады: 1) белгіленген тәртіппен экологиялық дағдарыс аймағы статусын алған аумақта 1975 жылдан бастап осы кезге дейін кемінде 15 жыл тұрып жатқан немесе тұрған азаматтар (15 жасқа дейінгі балаларды қоса); 2) экологиялық қасіретпен себепті байланысы бар аурудан денсаулығын жоғалтқан, осы аймақта кемінде 5 жыл тұрып жатқан немесе тұрғын азаматтар.
8-бап. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындау ықпалының салдарынан зардап шеккен азаматтардың статусы
Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындау салдарынан зардап шеккендерге мыналар жатады: 1) белгіленген тәртіппен экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ статусын алған аумақта 1975 жылдан осы кезге дейін кемінде 20 жыл тұрып жатқан немесе тұрған азаматтар (балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді қоса); 2) экологиялық қасіретке себепті байланысы бар аурудан денсаулығын жоғалтқан, осы аймақта кемінде 7 жыл тұрған немесе тұрып жатқан азаматтар.
9-бап. Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу тәртібі туралы
Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тұратын жері және экологиялық қасірет аймағындағы бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-бап. Аймақтар шекарасын және экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтардың статусын өзгерту
Ескерту. 10-бап алып тасталды - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-1- бап. Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен экологиялық қасірет аймақтарының шекараларын өзгерту
Экологиялық апат, экологиялық дағдарыс және экологиялық дағдарыс алды жағдайындағы аймақ шегіндегі экологиялық қасірет аймақтарының шекаралары, сондай-ақ экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтардың мәртебесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен осы Заңға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы өзгертіледі.
Ескерту. II бөлім 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ІІІ бөлім.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСІРЕТ АЙМАҒЫНДА ТҰРАТЫН
АЗАМАТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАЛУЫ
11-бап. Тамақ өнімдерімен, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудегі басымдықтар
Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар экологиялық қасірет аймағының халқын экологиялық таза тамақ өнімдерімен және сапалы ауыз сумен басымдықты түрде қамтамасыз етеді.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
12-бап. Медициналық қызмет көрсетуді, денсаулық сақтау ісін қаржыландыруды және материалдық жағынан жабдықтауды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының Үкіметі экологиялық қасірет аймағы халқына: 1) медициналық мекемелерді ұстауға қаржы бөлу нормаларын бір тұрғынға шаққанда экологиялық апат аймағында 1,5 есе, экологиялық дағдарыс аймағында 1,3 есе және экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақта 1,15 есе ұлғайтуға; 2) медицина техникасын, дәрі-дәрмектерді нысаналы бөлуді қамтамасыз етуге; 3) аймақтың барлық халқын дүркін-дүркін кешенді түрде медициналық тексеруден өткізіп отыруға, тиісті денсаулық сақтау органдарының жолдамаларымен республиканың барлық клиникаларында, медицина орталықтарында және басқа медицина мекемелерінде медициналық-санитариялық және медициналық-әлеуметтік көмек көрсетілуіне кепілдік береді. Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 13-бап. Халықты әлеуметтік жағынан қолдау
1. Экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа: 1) экологиялық апат және экологиялық дағдарыс аймақтарында тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетке шыққан азаматтардың экологиялық қолайсыз жағдайларда тұрып жатқаны үшiн мынадай аймақтар бойынша коэффициент қолданыла отырып зейнетақы алуға құқығы бар: Экологиялық апат - 1,5; экологиялық дағдарыс - 1,3; 2) экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін:
экологиялық апат аймағы бойынша - 1,5 экологиялық дағдарыс аймағы бойынша - 1,3 экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ бойынша - 1,2 коэффициентті қолдана отырып, еңбекке ақы, стипендия төлеу; 3) жыл сайын ақы төленетін қосымша демалыс (еңбектің зиянды жағдайында жұмыс істегені үшін берілетін демалыстың үстіне): экологиялық апат аймағы бойынша - 12 күнтізбелік күн экологиялық дағдарыс аймағы бойынша - 9 күнтізбелік күн экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ бойынша - 7 күнтізбелік күн беру белгіленеді; 4) еңбек демалысын берумен бірге жыл сайын сауықтыруға арнап қолданылып жүрген төлемдердің үстіне бір айлық тариф нарқы немесе қызметтік айлықақы көлемінде материалдық көмек көрсетіледі. 2. Экологиялық қасірет аймағында тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге: 1) (алып тасталды)
-
(алып тасталды)
-
(алып тасталды) 4) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде орындармен қамтамасыз етуде артықшылық алуға құқық беріледі. <*> 5) (алып тасталды)
6) (алып тасталды)
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134 Заңымен
, 13-баптың 2-тармағының қолданылуы 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын - 1999.04.07. N
374 Заңымен , 13-баптың 2-тармағының қолданылуы 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын 1999.11.16. N 481 Заңымен , өзгеріс енгізілді - 2004.12.23. N 21 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
14-бап.
Ескерту. 14-бап алып тасталды - ҚР 1999.04.07 N 374 Заңымен.
15- бап. Экологиялық апат салдарынан зардап шеккен адамдарға берілетін қосымша өтемдер мен жеңілдіктер
Осы Заңның 6-бабында аталған адамдардың:
-
(алып тасталды)
-
(алып тасталды) 3) тұратын үйін меншігіне тегін алуға құқығы бар.
-
(алып тасталды)
-
(алып тасталды)
Ескерту. 15-баптың 4-тармақшасы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.04.02. N
88 Заңымен , 15-баптың қолданылуы 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын - 1999.04.07. N 374 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 15-баптың қолданылуы 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын - 1999.11.16. N 481 Заңымен , өзгеріс енгізілді Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 21 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
16-бап. Экологиялық дағдарыс салдарынан зардап шеккен адамдарға берілетін қосымша өтемдер мен жеңілдіктер
Осы Заңның 7-бабында аталған адамдардың:
-
(алып тасталды)
-
(алып тасталды) 3) тұратын үйін меншігіне тегін алуға құқығы бар.
-
(алып тасталды)
-
(алып тасталды)
Ескерту. 16-баптың 4-тармақшасы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.04.02. N
88 Заңымен , 16-баптың қолданылуы 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын - 1999.04.07. N 374 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 16-баптың қолданылуы 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын - 1999.11.16. N 481 Заңымен , өзгеріс енгізілді Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 21 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
17-бап. Экологиялық апат аймағынан кетіп қалған адамдарға берілетін өтемдер мен жеңілдіктер
-
Осы Заңның 6-бабында аталған адамдардың: 1) жаңадан қоныстанған жерде өздерінің кәсібі мен біліктілігіне сәйкес бірінші кезекте жұмысқа орналасуға, немесе ондай жұмыс жоқ болған жағдайда өз тілектері ескеріле отырып басқа жұмыс немесе жаңа кәсіптерді (мамандықтарды) оқып-үйрену мүмкіндіктеріне, оқыту кезеңінде белгіленген тәртіппен жалақысы сақталуға құқық бар. 2) (алып тасталды)
3) (алып тасталды)
-
Экологиялық қасірет салдарынан І және ІІ топтағы мүгедектердің Қазақстан Республикасының облыс орталықтарын, республикалық маңызы бар қалаларын және астанасын қоспағанда, жаңа тұратын жері бойынша бірінші кезекте тұрғын үй алуға құқығы бар.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.23 N 21, (2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
18-бап. Экологиялық қасірет аймағына ерікті түрде жалдану бойынша жұмысқа жіберілген немесе көшкен адамдарға берілетін өтемдер мен жеңілдіктер
Экологиялық қасірет аймағына ерікті түрде жалдану бойынша жұмысқа жіберілген немесе көшкен адамдардың: 1) (алып тасталды)
-
(алып тасталды) 3) экологиялық қасірет аймағында кемінде бес жыл жұмыс істеген, тұрғын үйге мұқтаж мамандардың тұрақты тұрғылықты жері бойынша бірінші кезекте үй алуға құқығы бар.
Ескерту. 18-бап өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.23 N 21 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
19-бап. Экологиялық қасірет аймағындағы жұмыссыздарға берілетін әлеуметтік кепілдіктер мен өтемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары: 1) қаржы және материалдық қаражаттарды жаңа жұмыс орындарын құруға, ақы төлейтін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға басым бағыттауды; 2) экологиялық апат аймағынан көшіп-қонушыларды республиканың экологиялық жағынан қолайлы аймақтарында жұмысқа орналастыру жағдайын;
-
алынып тасталды - ҚР 1999.0.07 N 374 Заңымен.
-
Арал өңірі проблемаларын шешу үшін қажетті аса зәру кәсіптерді иелену жөніндегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ, оқу кезеңінде міндетті түрде жатақхана беретін кәсіптік оқытуға арналған курстарға артықшылықты пайдалана отырып (мөлшер белгілеу жолымен) түсуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.0.07 N 374, 2007.07.27 N 320 ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
20-бап. Өтемдер төлеу мен жеңілдіктер беруді өзгерту және тоқтату үшін негіздер
Өтемдер төлеу мен жеңілдіктер беру аумақтың статусы мен азаматтардың статусы осы Заңда белгіленген тәртіппен өзгерген ретте өзгереді және тоқтатылады.
21-бап. Осы Заң күшінің Арал өңірінің Қазақстан бөлігіндегі экологиялық қасіреті салдарынан зардап шеккен басқа мемлекеттер азаматтарына қолданылуы
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұратын және Арал өңірінің Қазақстан бөлігіндегі экологиялық апат немесе экологиялық дағдарыс салдарынан зардап шеккен азаматтар осы Заңда көзделген барлық жеңілдікті қабылданған мемлекетаралық келісімдерге сәйкес пайдаланады.
ІV бөлім.
ОСЫ ЗАҢДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ
ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АМАЛЫ
22-бап. Осы Заңды қаржылай қамтамасыз ету және жүзеге асыру амалы
Азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде осы Заңда көзделген ережелерді жүзеге асыру республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындардың қаражаттары, ерікті жарналар, қайырымдылық көмек есебінен қаржыландырылады. Арал өңірінің қазақстандық бөлігін экологиялық сауықтыру және әлеуметтік-экономикалық дамыту осы Заңның талаптары ескеріле отырып, нақты жобалардың, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23-бап. Осы Заңның іске асырылуын бақылау
Осы Заңның атқарылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 24-бап. Осы Заңның бұзылғандығы үшін жауаптылық
Лауазымды адамдар мен азаматтар осы Заңның талаптарын орындамағаны үшін Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болуы.
Ескерту. Орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |