«Арал Теңізі» ҚБ 10 -20 мамыр
аралығында атқарылған жұмыстар туралы
Мәлімет.
Қоғам жұмысы: 11 мамыр күні білім беру менеджері С. Дүйсенбаев Қаратерең, Қарашалаң, Бөген және Аманөткел елді мекендеріне барып келді. Іс- сапар барысында «Арал теңізі» қоғамдық бірлестігі қоғам жұмысымен таныстыру/ жарнамалау және қоғамға жаңа мүше тарту. Сонымен бірге, Бөген, Қарашалаң балықшылары тарапынан алынған қайырымдылық көмекке санақ жүргізіліп, «Арал Теңізі» ҚБ жергілікті «Толқын» газетінін айлық балықшылар «Жағалау нұры» жаршысының әсерін білу мақсатында сауалнамалар таратылды.
15- 17 мамыр аралығында «Арал теңізі» ҚБ президенті Б. Пірекеев, атқарушы директор Б. Жүгінісова және білім беру менеджері С. Дүйсенбаевтар қатысуымен қоғам жұмысымен таныстыру/жарнамалау және қоғамға жаңа мүше тарту мақсатында Аманөткел, Бөген, Шөмішкөл, Қызылжар, Райым және Ақбасты елді мекендерінде, Көкарал бөгеті маңында балықшыларға жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында Көкарал бөгетіне балық қайтуына арналған қондырғы орнату жөнінде жоғарғы тараптарға үндеу жазылғаны айтылып, 100 ден аса балықшылардың қолы жиналды.
Сондай- ақ, мүшелік жарна, қоғамның құрылымы, «Жағалау нұры» жаршысы жөнінде кеңінен айтылды. Жалпы қатысушылар саны 65-тен аса.
Бөген елді мекенінің балықшылары орталықты СТК арқылы жалға беруді, осы мәселені басқарма жиналысында қарауды өтінді.
БАҚ құралдарымен жұмыс: облыстық «Сыр бойы» 98, 11.05.2007 газетінде «СПК-нің тиімділігі» атты мақала жарияланды. Мақалада су шаруашылығының дамуына қажетті СПК құру тиімділігі айтылды.
Достарыңызбен бөлісу: |