«Арал Теңізі» ҚБ 20 -28 ақпан
аралығында атқарылған жұмыстар туралы
Мәлімет.
Балық шаруашылығы:
21 – 22 ақпан аралығында «Арал Теңізі» ҚБ білім беру менеджері С Дүйсенбаев Жалаңаш, Тастүбек, Ақесе елді мекендеріне іс-сапармен барып келді. Іс-сапар мақсаты күзгі және қысқы балық аулау жөнінде мәлімет жинау, Атыраудан әкелінген ау-құралдарды жарнамалау және ау-жабдықтарға балықшылардын сұраныстарын білу болды.
«Арал Теңізі» ҚБ тоқсандық жұмыс барысында қоғамның Басқарма мүшелері және Еріктілер Орталықтарының жетекшілеріне тренинг өткізуге дайындық жасауда. Тренинг «Уақыт үнемдеу» және «Тренерлерге арналған тренинг» атты тақырыптарда өткізілуі жоспарлануда.
«Арал Теңізі» ҚБ білім беру бағдарламасы бойынша аудан оқушыларына және ересектерге арналып компьютер және ағылшын курстарын өткізуді бастады.
БАҚ құралдарыменен жұмыс – «Кызылординские вести» №37, 23.02.07 газетінде «Саксаул на дне Арала» атты мақала шақты. Мақалада Германиялық техникалық бірлесу қоғамының жетекшісі Кристофер Вебер «Орта Азиядағы тартылған Арал теңізінің табаның қалпына келтіру» атты 1 миллион АҚШ доллар туратын жобаны ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: |