Арал Теңізі ҚБ 20 -31 қаңтар аралығында атқарылған жұмыстар туралы Мәлімет. Балық шаруашылығы



Дата25.02.2016
өлшемі9.36 Kb.
#24207
Арал Теңізі» ҚБ 20 -31 қаңтар

аралығында атқарылған жұмыстар туралы

Мәлімет.

Балық шаруашылығы:

Қысқы балық аулау маусымы Тікаша, Көкарал, Шағалалалы, Тастүбек, Акеспе көлінде өткізілуде.


Қоғамның жұмысы.

23- 25 қаңтар аралығында білім беру менеджері Серік Дүйсенбаев Райым, Қызылжар, Шөмішкөл, Қаратерең, Қарашалаң, Бөген елді мекендерінде, Тікаша, Шағалалы балық аулау учаскелеріне іс- сапармен барды.



Іс- сапар мақсаты: еріктілер орталықтары жетекшілерінен газетке мақала жинақтау, Атырау қаласынан әкелінген ау- құралдарды: 50- 70 мм аралығында көкілдер, көңге жіп, арқалық және табандықтар, көзі 55- 65 мм дайын ауларды жарнамалау болды.
БАҚ құралдарыменен жұмыс – «Толқын» газетінің № 6, 25 қаңтар 07 ж «Арал Теңізі» ҚБ «Жағалау нұры» атты № 2 ақпараттық хабаршысы жарияланды. Парақ бетінде «Арал Теңізі» ҚБ Басқарма мүшелері тізімі, өткен жылдың желтоқсан айында мұз айдынында болған балықшыларға қауіп жағдай туралы балықшының пікірі, Дания елінен ақпарат, «Камбала Балық» БӨО атқарып жатырған жұмыстары туралы, Балық шаруашылығы ғылыми-өңдірістік орталығы тарапынан теңіздің Кіші Арал бөлігінің «Сырдарья өзенінің арнасын реттеу және Арал Теңізінің Солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасына өзгерістер еңгізу қажеттілігі айтылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет