Архивтеу программалары файлдарды архивтеудің қажеттілігі



бет1/3
Дата24.04.2016
өлшемі199.5 Kb.
#78947
  1   2   3
АРХИВТЕУ ПРОГРАММАЛАРЫ

1. Файлдарды архивтеудің қажеттілігі

Сіздер кез келген информацияның белгілі бір көлемі болатынын білесіздер. Жинақтауыш қатты дискінің көлемі қаншалықты үлкен болғанымен ол шектелген, жаңа мәліметтерді жазуға дискіде орын болмай қалуы мүмкін. Бұл мәселені шешудің бірінші жолы - қажет емес файлдарды жою. Ал, егерде қажет емес файлдың бәрін жойғаннан кейін де дискідегі орын жеткіліксіз болса не істейміз? Мұндай жағдайда дискідегі орынды үнемдеп файлдың көлемін азайту үшін, мәліметтерді сығылған түрде компьютерде сақтауға арналған арнайы Архиватор программалар бар. Файлдың немесе файлдар топтарының сығылу процесі Архивтеу деп аталады.

Архиваторлар - дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Олардың сақтау -тәсілдері әртүрлі болғанымен, жалпы қызметін былай түсіндіруге болады: файлда қайталанатын фрагменттер болады, оларды түгелдей дискіде ұстаудың ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі - файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына, қысқаша басқа информацияны жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндікті пайдалану.

Әрине архиватордың әртүрлі информациялар үшін тиімділігі әртүрлі болатыны өз-өзінен түсінікті, мысалы, мәтіндік файлдарды екі есеге жуық, ал бояуларының қоюлығы онша емес сұр түсті суреттерді (РСХ немесе ВМР тәрізді форматтағы) қанықтылық ерекшеліктеріне қарай екі-төрт тіпті он есеге дейін тығыздап қысуға болады.

Архиваторлар файл көлемін 10-70%-ға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді.

Әдетге 20 Мб дискіні көшіру (СОРУ командасы арқылы) 15-ке дейін дискет (көлемі 1,44Мб) қажет етеді, ал архиватор көмегімен бұл көлемді бірнеше есе қысқартуға болады. Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, т. б. істер атқаруға мүмкіндік береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады. Архивтеу программалары тегін (SНАРЕWАRЕ) немесе делдалдық әдіспен таратылады. Олардың ішінде кең таралған архиваторлар тобына АRІ,RAR, РРKUNZІP жәнеPKZIP тәрізді программалар жатады. Бұлардан басқа да архиваторлар бар.



2. Архивтік файл

Архивтік файл - қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны (архив құрамындағы қысылған файлдар тізімі) және әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив қүрамындағы әрбір файл үшін, оның мазмұны тәрізді мынадай информациялар сақталады:

- файлдың аты;

- файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;

- файлдың соңғы рет өзгертілген мерзімі;

- архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау коды.

пернелерінің бірін басамыз немесе сол бума белгісін екі рет шертеміз. Дискінің түпкі бумасына өту үшін СІг1+\ пернглерін басу қажет.

Қажет файлдар бар бумаға кірген соң, архивтейтін файлдар мен бумаларды ерекшелеп белгілейміз. Бұны курсорды басқару-бағыттауыш пернелері немесе тышқанның сол жақ батырмасымен 8ҺШ (Сілтеу және Шіпсіошз-тың басқа да программаларындағыдай сияқты) пернесін бірге басу арқылы жүзеге асырамыз. ^іпКАР. терезесінде файлдарды ерекшелеп белгілеу үшін "Бос орын" және Іпз пернелерін қолдануға да болады. Цифрлық пернедегі <+>, <-> пернелері файлдар тобын ерекшелеп белгілеуге немесе белгілеуді алып тастау мүмкіндіктерін туғызады.

Бір немесс бірнеше файлдарды ерекшелеп алып, Қосу батырмасын шертеміз (мұны АЦ+А пернелері немесе Командалар менюінен "Файлдар архивке қосу" командасын таңдау арқылы да іске асырамыз). Пайда болған сұхбат терезесіне архивтің атын енгіземіз немесе алдын ала келісім бойынша берілген атын растау қажет. Осы жерден жаңа архивтің (КАК. немесе 2ІР) форматын, қысу тәсілін, том көлемін және басқа да архивтеудің параметрлерін таңдауға болады. Бүл сүхбат туралы архивке ат беру, параметрлер енгізу Сұхбат бөлімінде толық сипатталады. Архивті жасау үшін ОК батырмасын шерту қажет.

Архивтеу кезінде статистикалық терезе пайда болады. Егер қысу процесін кенеттен тоқтату қажет болса, сол терезеде Болдырмау батырмасын басу керек. \ҮіпК.АК. терезесін жүйелік науада (Ігау) кішірейтіп ықшамдау үшін, Фондық батырмасын басамыз. Архивтеу аяқталған соң, статистика терезесі жойылады, ал жасалған архив ағымдағы белгіленген файл күйінде қалады.

Жасалған К.АК. архивіне тасымалдау арқылы файлдарды қосуға да болады. Егер \¥іпКАК терезесінде архивті белгілеп және оның атында Епіег (немесе тышканды екі рет шертіңіз) пернесін бассақ, К.АК архивті оқып, мазмұнын

178


көрсетеді. Енді терезеде басқа файлдарды қарапайым тасымалдау арқылы архивке файлдарды қоса аламыз.

2. Файлдарды архивтен шығарып алу

WinRAR ортасында архивтен файлды шығарып алу үшін, алдымен архивті ашып алу керек. Оны төменде көрсетілген бірнеше тәсілмен жасай аламыз:

- Windows ортасында архивтік файлға екі рет тышқанды шерту немесе Еnter-ді басу (Сілтемеде немесе Жұмыс столында). Егер WinRAR орнатылған кезде (алдын ала келісім бойынша) архив-файл типімен байланысқан болса, онда архив Winrar-да ашылады. Бұл әрекетті кейіннен WinRAR-ды орнатып болған соң да "Интеграциялау" сұхбаты көмегімен жасауға да болады;

- WinRAR терезесіне немесе белгішесіне архивті тасымалдау. Бұны жасамас бұрын Winrar терезесінде басқа архивтің ашық болмағандығын тексеріп алған жөн, себебі тасымалданатын архивіміз басқасына қосылып кетуі мүмкін;

- командалар қатарынан параметр түрінде архивтік атпен WinRAR-ды іске қосу;WinRAR терезесінде архивті ашқанда, оның мазмұны шығады. Шығарып алынатын керек файлды және буманы ерекшелеп алу қажет. Ол үшін "Бос орын" және INS пернелерін қолдануға болады. Цифрлық пернедегі <+>, <-> пернелері файлдар тобын толық ерекшелеп белгілеуге немесе белгілеуді алып тастауға мүмкіндіктер туғызады.

Бір немесе бірнеше файлдарды белгілеп алған соң, WinRAR терезесіндегі Шығару батырмасын басамыз (оны АLT+Е пернелері немесе Командалар менюінен "Файлды архивтен шығару" пункітін таңдау арқылы орындаса да болады). Егер де архивтен шығарылған файлды басқа бумаға сақтағыңыз келсе Шығару... (немесе АLT+А-ны басыңыз) батырмасына шертіп, пайда болған терезеде қажет жолды керсетіп, ОК-ны басу керек. Мұнда бірнеше қосымша

параметрлерді ауыстыру болады (бұл туралы толығырақ информацияны Сұхбат бөлімінде оқи аласыз).

Архивтеу кезінде статистикалық терезені пайдаланып, қысу процесін тоқтатуға болады. Ол үшін Болдырмау батырмасын басу керек. WinRAR терезесін жүйелік науада (tгау) кішірейту үшін, Фондық батырмасын басамыз. Архивтен шығару қатесіз аяқталса, онда WinRAR өз ортасына оралады, ал кері жағдайда диагностикалық хабарламасы бар Терезе пайда болады.



3. Архивтердің тұтастығын (бүтіндігін) тексеру

Архивтегі әрбір файл үшін оның циклдік бақылау коды (СRС) жазылып сақталады. Бұл код - файлдың ішкі мәліметінің арнайы функциясы, файлға кішігірім өзгерту енгізілсе, оның бақылау коды да өзгеруге тиіс. Сондықтан бақылау коды архивтік файлдың бүлінбей дұрыс сақталғанының белгісі болып табылады. Файлдарды WinRAR программасында архивтен шығарар кезде олардың әрқайсысы үшін бақылау коды бөлек есептеледі де, ол бұрынғы жазылып сақталған кодпен салыстырылып нәтижесі экранда көрсетіледі.



4. Архивті бүлінуден сақтау

RАR архивінің форматы берілген көлемнен тыс арнайы информация типін, яғни қалпына келтіру деп аталатын мәліметті сақтайды. Егер архивте бұл мәлімет болса, онда иілгіш дискідегі информация бүлінген жағдайда да оларды қайтадан қалпына келтіре аламыз. Бірақ бұл программа ZІР форматындағы архивтерді қайтадан қалпына келтіру әрекетін орындай алмайды.

Мәліметті қалпына келтіру үшін командалық қатарда RR[N] сөз тіркесін кез келген операциялық жүйе командасының кілті ретінде қолдануымызға болады немесе бұрын құрылған архивті қорғап қою мақсатында тікелей командасын енгізуге де мүмкіндік бар. Мысалы:

а -гг пеwагс *.txt

WinRAR d -rr4 пеwагс dummу.txt

WinRAR гг oldагс

WinRAR. терезесіндегі команда құрамына архивтің атын немесе оның параметрлeрін енгізу кезінде "Қалпына келтіру информациясы" опциясын іске қосуға болады. Мұның басқаша орындалу түрі - алдын ала келісім бойынша архивтеу профиліне жоғарыдағы тәрізді опцияны іске қосу болып табылады. Мұндайда кез келген архивті өзгерткеннен кейін, оған оны қалпына келтіру информациясы автоматты түрде қосылып отырады.

Қалпына келтіру информациясы өз функциясын орындауы үшін оның құрамында 4096-ға дейін секторлар болуы мүмкін. Егер бүлінген мәліметтер үзіліссіз қатарласа орналасса, онда әрбір сектор оның бүлінген 512 байт көлемін қайта қалпына келтіре алады. Файлдың бір тектес бүлінуі бірнеше рет қайталанатын болса, онда бүл көлем де кішірейеді.

Мұндайда секторлар санын тікелей "RR[N]" коман-дасымен немесе "-RR[N]" (N=1,2..4096) параметрі арқылы беруге болады. Егер бұл параметр көрсетілмесе, онда оның мөлшері автоматты түрде файлдың көлеміне байланысты таңдалып алынады - ол жалпы архив көлемінің 1,2%-ын құрайды, бұл тәсілде бүлінген мәлімет жалпы файл көлемінің 0,7%-на дейінгі мөлшерде болғанда оны қалпына келтіре алады.

Осындай түрдегі қалпына келтіру информациясы архив көлемін шамалы ғана ұлғайтады. Қалпына келтіру информациясы көлемін шамамен мына формула бойынша анықтай аламыз:



<архив көлемі>/256 + <қалпына келтіру секторларының саны>*512 байт

WinRAR ортасында қорғалған архивтерді түзету үшін "Қалпына келтіру" командасы пайдаланылады, ол үшін командалық қатарға "г" командасы енгізіледі.

Қалпына келтірілген архив гесоvег.rаr деп сақталады. Егер бүлінген архивте қалпына келтіру информациясы болмаса немесе ол елеулі түрде зақымданып, қалпына келмейтіндей күйде болса, онда қалпына келтіру ісінің екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде тек архив құрылымы ғана жөнделеді. Мұндай операциялардан соң бақылау коды (СRС) кате болған файлдарды қалпына келтіру мүмкін емес, ал кодтары дұрыс файлдар

қалпына келтіріледі. Екінші кезеңнен өткен файлға _гесоnst.rаr деген ат беріледі.




INTERNET ЖЕЛІСІ

Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INТЕRNЕТ желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң калдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNЕТ жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі "ханшалардан" күнделікті "күңіңізге" айналып барады. Оның күрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. ЕТ желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екш. І80С (Іпіегпеі Зосіеіу — Іпіегаеі қоғамдастығы) президентінің жақында INTERNЕТ желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNЕТ бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.

29.1. Аздаған тарихи дерекгер мен статистикалық мәлімегтер

INTERNЕТ желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ қорғаныс министірлігінің АРRАNЕТ компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бүзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.

Дегенмен INTERNЕТ тек желі ғана емес, ол — желілердің желісі. INTERNЕТ көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.

Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.

INTERNЕТ-тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты ВВS тәрізді жұмыс істейді (шындығында, INTERNЕТ компьютерлерінің көпшілігі ВВS сияқты істемейді, бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады). INTERNЕТ-ке қосылу дегеніміз — басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлар көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы қүжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді жәнг т.б. цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.

INTERNЕТ информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін INTERNЕТ-тегі жүйенің нөмірін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NАSA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия архивтерін де оқуыңызға болады екен.

INTERNЕТ желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптаскан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты INTERNЕТ компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім

арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, "телефон жүйесі" қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабел құнын -кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. INTERNЕТ желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.

INTERNET-ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалангпеи жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік.

Олай болса, "skubа" (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда еягізіп, күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді).

Әлде әр түрлі заттар жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме, жоқ әлде торт жасау рецептерін іздейсіз бе? ІВМ суперкомпьютерімен шахмат ойнауға қандайсыз? Периодты әдебиет жөніндегі анықтамалықты қарап, Ресей журналдарын оқуыңызға болады.

INTERNЕТ-тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.

INTERNЕТ-пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNЕТ -ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:

- қосылып түратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);

- тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары);

- почталық байланыстар.

Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін карастырайық.

Тұрақты қосылып түратын байланыс - мұнда жеке компьютер тікелей ТСР/ІР желісіне қосылған (Тransmission Соntrol Ргоtосоl/ Іnternet Рrotocol - жеткізуді басқару

протоколы/интержеді протоколы) түрінде болады, бұл INTERNЕТ -тің бір щеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.

Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш INTERNЕТ -ке қызмет ететін компьютермен (хост-компьютері) қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен Іnternet арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер-компаниясының компьютерімен байланысуға телефон шалу қажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне Іnternet арқылы мәлімет жібере (алады) береді.

Қосылып тұратын тура байланыс көбінесе SLIР, Роint-TOРOINT Рrotocol немесе РРР деп аталады (Sегіа1 Linе internet Protocol— тізбекті желі үшін Іnternet хаттамасы, Соmpessed S1ір — тығыздалған S1ір, Роіnt-TOPOINT Ргоtocol — "нүкте-нүкте" хаттамасы). Ал ХRеmоtе деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да ТСР/IР секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.

Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс кымбаттылығына қарай әр комПьютерге қойылмайды да, оның орнына S1ір (арзан болғандықтан) қолданылып келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен бір телефон нөмірі қажет болады. Солар арқылы хост-компьютермен байланыс орнатылған соң, S1ір-пен қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір өзгеріс жоқ.



Почталық байланыс. Іnternet-пен косыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері СоmpuServe болып келген компьютерлер бірден Іnternet-пен почталық байланысқа кіре алады. Олар өз почтасын Іnternet-ке беріп, одан да бірнеше хат-хабар ала береді. СоmpuServe жүйесінде почта адресі аддына Іnternet деп жазып қойылады. Бұл ортада әр түрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмей (network gateways) деп аталады, олар Іnternet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.

Почталық қатынастың қолмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы бір түрі бар, бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да UUСР деген почталық байланыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады.



2. Іnternet-пен қатынас құру

Бізге кеягттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.

Мүндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады (Ғilе Тгansfer Protocol— ҒТР). Практикада ҒТР немесе ftр термині жиі ұшырасады. Каталогга немесе почталық хабарда "файлды алу үшін компьютерге ftр жеткізу" деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін ҒТР жүйесі қолданылатынын білдіреді. ҒТР арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер ҒТР-сервер деп аталады. Көптеген ҒТР-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез-келген адам одан администратор рұқсатымен әр түрлі мәліметтер ала алады. Бұл тәсіл анонимдік ftр деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз (аноним) болып қала береді Көбінесе пароль ретінде әркім өз почталық адресін енгізеді. Ал кей кезде мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын (nаmeid) және/немесе паролін (раssword) білу қажех болады.

ҒТР-серверінің мәліметтерімен қатынас кұру үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтимал:

ореn ftр.геlсоm.su nаmeid раssword — ҒТР-серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мүндағы:

ореn ҒТР-сервермен қатынас құру сұранысы;

ftp.геlсоm.rsu — ҒТР-серверінің қажетті информациямен толықтырылған аты;

nameid — пайдаланушының кіру аты немесе аnоnіmus;

раssword — сұраушы адамның паролі немесе оның почталық (Е-mаіІ) адресі;

Парольді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, ҒТР-сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда:

hеlр — сервер командалары бойынша анықтама беру;

quіt — сеансты аяқтау.

Пароль меи атау дұрыс болса, қатынас құру құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:

Сd каталог_аты — каталогты ауыстыру;

сd.. — жоғарғы деңгейдегі каталогқа қайту;

get файл_аты — ҒТР-серверден файл алу;

bіnаrу — екілік файлдарды жіберу/алу режиміне ауысу (типтері ехе, сот, аг}), гаг, tаг, zір және т. б.)

dir— ағымдағы каталог файлдары тізімін беру.

ҒТР-сервермен байланысу сеансында пайдалануға болатын командалар жиынтығын НЕLР командасы арқылы алуға болады.

ҒТР-серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынтығынан мысал келтірейік.

сb рub/ — барлық ҒТР-серверін пайдаланушыларға ашық РАВ каталогын (директориін) пайдалану;

dіг — сол каталог файлдар тізімін беру;

get ОЗndех.txt — ҒТР-серверден аты көрсетілген мәтіндік файлды алу;

bіnаrу — екілік файлдарды өңдеуге өту;

get fаг 140.ziр — ҒТР-серверден екілік файл алу;

Осы мысалдан командалық интерфейстің қолайсыз екені көрініп тұр. Ал егер әр түрлі каталогтардан файлдар алу керек болса және олар ішкі деңгейлерде орналасса, олардың аттары да ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігінің онша болмайтынына көз жеткіземіз. ;



Netscape Navigator және Іnternet Ехрlогег тәрізді ыңғайлы графикалық интерфейсі бар браузерлердің шығуына байланысты әрбір адамның жұмысы керек кезінде "тышқан" тетігінің батырмасын басуға ғана тірелгенін айтуға болады.

Мысал ретінде Мicrosoft Іntегпеt Ехрlогег 3.01 программасын 1 пайдалану кезіндегі ҒТР-сервермен ftр://ftр.rеlсоm қатынас құру сеансын талқылап шығайық.

Браузерді іске қосу үшін жұмыс столынан немесе есептер тақтасынан Іntегnеt Ехрlоrеr пиктограммасын табу қажет, соған курсорды алып барып, тышқанның негізгі батырмасын екі рет шерту керек.
Бұл мысал Іnternet Ехрlоrеr жұмысын Windows 98 ортасында көрсетеді, сондықтан оның іс әрекеттері осы операциялык жүйеге сәйкес баяндалады (Windows З.х ортасында жүйенің хабарлары мен терезе бейнелері басқаша болады, бірақ негізгі жұмыс кезеңдері мен орындалатын әрекеттері бірдей).

Іnternet Ехрlоrеr-ді Іске қосар алдында желімен алыстан қатынас құру программасы іске кіріседі, ол провайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады.

Мұндайда үш терезеге мәліметгер енгізілуі тиіс. Сіздің желідегі аты-жөніңіз және пароль (Бұлар сізге провайдер-компания арқылы Іnternet-ке қосылып тізімге тіркелген кезде бекітіледі), оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон нөмірі. Сіздің сеанс алдындағы ең соңғы әрекетіңіз "Байланыс орнату" (Установить связь) батырмасын басу болып табылады. Осы сәттерде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен қатынас құрған программаның бірнеше терезелері шығады. Сеанс кезінде кез келген сәтте "Болдырмау" (Отмена) батырмасын басу арқылы байланысты үзуге болады.

Егер барлық әрекеттер дұрыс орындалса, экранға Іnternet Ехрlоrеr терезесі шығады. Одан әрі жұмыс істеу барысында сізге аспаптар тақтасында бірнеше батырмалар мен меню жолдарын пайдалану керек болады. Батырмалар астындағы жазулар олардың қызметін көрсетеді, бірақ қай кезде оларды басуы керектігі онша түсінікті бола бермейді. Ал, сеанс кезінде| оқып үйрену оңай емес, өйткені желідегі байланыс орнатылған сәттен бастап, ол біткенше уақытқа ақы төленеді.

Алдымен "Адрес" өрісін қарастырайық, Бұл өрісте ҒТР адресі былай теріледі: ftр://ftр.геlсоm.ru

Адрес терілген соң, "Еntеr" пернесі басылады. Осы сәттен бастап сеанс соңына дейін пернeлер қажет болмайды, өйткені барлық әрекеттер тышқанмен орындалады.

Адрес енгізілген сәттен бастап, Іnternet терезесінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы жер шарының бейнесі көрсетілгш сурет қозғалып айнала бастайды. Қозғалып тұрған сурет бейнесінің Іntегnеt Ехрlоrег эмблемасына айналуы ҒТР- сервермен байланыстың толық орнатылып, тікелей қатынас басталғанын мәлімдейді.

Internet Explorer терезесінің жұмыс аймағындағы 1 цифры тұрған орында ҒТР-серверге кіріп отырған адамға арналған мәтін көрсетіледі. Одан ары қарай орындалатын әрекеттер осы мәтін нұсқауларына сәйкес жүргізіледі.

Құрал-саймандар тақтасындагы "Тоқта" (стоп) батырмасын кез-келген кезде басып қалып, ҒТР-сервермен өз компьютеріңіздің байланысын тоқтатуға болады. Егер сеанс кезінде бірнеше парақ мәтін алған болсаңыз, "Алға"және "артқа" батырмалары сол мәтін бойынша жылжу мүмкіндігін береді. "Таңдамалы" (Избранное) батырмасы арқылы қабылданған парақты өз бумаңызда сол күйінде сақтауға болады. Сонымен ҒТР-сервермеи сеанс аяқталғаннан кейін ол мәтінді аспай-саспай қарап шығуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет