Сөж орындаған: Гүңшебай м қабылдаған: Арынова Г.Ғ Алматы 2021ж



Дата05.03.2022
өлшемі496.62 Kb.
#455985
«Әліппе» оқулығының негізгі ерекшеліктері. (1) (1)


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



СӨЖ


Орындаған: Гүңшебай М


Қабылдаған: Арынова Г.Ғ

Алматы 2021ж
«Әліппе» оқулығының негізгі ерекшеліктері.


«Әліппе». Сонау балалық шақтың тәтті естелігі. Алғаш рет қолға қалам ұстатып, әріп танытқан ұстаз бен «Әліппе» оқулығына деген сағыныш әрбір жанның жүрегіне сәуле шашып тұратыны анық. «Әліппе» деген аты қандай! Бүгінгі кез келген саналы азамат сол «Әліппемен» өсті, есейді. Ал қазір оның атауын «Сауат ашу» деп өзгерткеннен не ұтамыз? Ілкіден келе жатқан «Әліппе» кімнің тақиясына тар келді?
Жалпы «Әліппе» сөзінің қайдан шыққанын көпшілік біле бермейді. Әу баста араб алфавитінің бірінші әрпі «алиб» пен содан кейінгі әрпі «би»-ден құралған. Екеуінің қосындысынан әліппе сөзі пайда болады. Бұл сөз тілімізге араб жазуы арқылы ертерек енді. Кейінірек 1929 жылы латын, ал 1940 жылдан баспа, кирилл алфавитіне көшті.
Әліппе– сауат ашу оқулығы. Араб әліпбиінің алиф және би деген екі әрпінен құралған. 19 – 20 ғасырларда әліппелер араб және орыс әліпбиімен жазылды. А.Байтұрсыновтың oқу құралы (1912), Жаңа Әліпбиі (1926) өз заманына лайық әліппе жасаудың озық үлгісі болды.
Тарихы
Сауат ашу Қазақстанда сан ғасыр бойы араб әліпбиі арқылы жүргізілді. 19 — 20 ғасырларда оқу-ағарту саласының 2 түрлі бағытта болуына байланысты (медреселер, орыс-қазақ мектептері) әліппелер де араб және орыс әліпбиімен жазылды. Қазақтың тұңғыш ағартушысы, педагог Ы.Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясы” (Орынбор, 1864), “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” (Орынбор, 1871) оқулықтары тұңғыш рет орыс әліпбиімен жарық көрді. Алайда “Қазақ хрестоматиясы” сауат ашуға арналған әліппе емес, оқу мен жазуды меңгерген балалардың алған білімі мен дүниетанымын дамытуды көздейтін оқулық етеді. Бұдан кейін А. Е. Алекторовтың “К мудрости ступенька. Азбука для учеников начальных русско-казахских школ” (1891), А. В. Васильевтің “Букварь для киргизских школ” (1912) сияқты тағы басқа әліппелер жарық көрді. Олар екі бөлімнен (қазақша және орысша) тұрды. Оның авторлары К. Д. Ушинскийдің басқа ұлт балалары орыс тілін саналы меңгеру үшін өзінің ана тілінде сауат ашуы қажет деген қағидасын ұстанды. Бірақ қолданылған әліппелер қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктерін түгел бере алмады.20 ғасырдың басында халқының сол кездегі тағдырына ой жіберіп, болашағын парасатпен бағдарлай алатын қазақ зиялылар қауымы өсіп-жетілді. Олар халықты сауаттандырып, өркениетті ел қатарына қосуға күш салды. Түркі зиялыларын біріктірген “Жәдитшілер ұйымының” бір топ мүшелері қазақ мектептері үшін жаңа оқулықтар жазды. Қазақ балаларын оқу мен жазуға төте жолмен үйретуді көздеді. М. Нұрбаевтың “Әліппесі” (Уфа, 1910), З. Ерғалиұлының “Қазақ әліппесі” (Қазан,1910), М. Малдыбаев пен Ж. Аңдамасовтың “Қазақша ең жаңа әліппесі” (Қазан, 1912),К. Сырғалиннің “Қазақша әліппе кітабы” (Қазан, 1913) тағы басқа осындай серпелістен туған алғашқы оқулықтар еді. Алайда бұл аталған оқулықтар кең қолданыс таба алмады. Ал ғұлама ғалым А. Байтұрсыновтың жаңа әліпби (төте жазу) үлгісімен жазылған. “Оқу құралы” (Орынбор, 1912) қазақ мектептерінің әліппеге деген сұранысына толық жауап берді. Онда шәкірттердің сөздік қорын барынша сауат ашу мақсатына тиімді пайдалану мақсаты көзделді. Қазақ тіліндегі сөздердің дыбысталу ұқсастықтары мен ерекшеліктері ескерілген ұтымды әдіс қолданылды. Сондай-ақ бір дыбысы ғана өзгерген сөздердің мағыналарын ажырату арқылы сөздің мағынасын нақтылау, қолдану дағдысы қалыптастырылды. Ана тіліміздің бай сөздік қоры, сөздердің қолданылу ерекшеліктері қарастырылды. 1925 жылы А. Байтұрсынов әдістемелік жаңалықтарды ескере отырып, қазақ бастауыш мектептеріне арналған “Жаңа Әліп-биді” (Қызылорда 1927) ұсынды. Оқулық өз заманына лайық “Әліппе” жасау ісінің озық үлгісі болды. Әліппеде сауат ашумен бірге балалардың ойы мен тілін дамыту, байланыстырылып сөйлеу дағдыларын жоғары деңгейде қалыптастыру мәселелері дидактикалық және әдістемелік тұрғыдан жетік шешімін тапты. “Жаңа Әліп-биге”: а) баланың өз атынан баяндалатын мектеп өмірі жайлы әңгімелер, ә) балаларды адамгершілікке, ізгілікке, тазалыққа тәрбиелейтін әңгімелер мол енгізілді. Жалпы А. Байтұрсынов отандық білім беру ісі тарихында оқушылардың ойы мен байланыстырып сөйлеуін дамыту жұмысына зор мән берген, осы мақсатқа жетудің жолын нақты тәжірибе жүзінде дәлелдеген алғашқы қазақ ғалымы болды. Саяси себептердің салдарынан “Жаңа әліп-би” 20-жылдардың аяғына дейін ғана қолданылды. Мұнан кейін Т. Шонановтың “Жаңалық” (Әліппе, Қызылорда, 1929) және Т. Шонанов пен М. Жолдыбаевтың “Жаңа арна” (Қызылорда, 1927) әліппелері жарық көрді. 30-жылдардың басында жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру жөніндегі үкіметтің қаулы-қаралары Кеңес Одағының аумағындағы мектеп оқулықтарының мазмұны мен құрылымы біртекті болуын қатаң бақылауға алды. Осы себеппен алғашқыда латын әліпбиімен, кейін кирилл әліпбиімен жарық көрген С. Кеңесбаевтың әліппесі орыс мектептеріндегі “Букварға” тым ұқсас болды. Бұл әліппе жиырма жылға жуық бірнеше ұрпақтың сауатын ашты. 1952 — 63 жылдары аралығында авторлар тобы (С. Кеңесбаев, Н. Миршанов, Ә. Байділдин, Ғ. Бегалиев) құрастырған, 12 басылымы жарық көрген. Әліппе қазақ білім беру жүйесінің сауат ашу тарихында елеулі із қалдырды. Әдістемелік еңбектерде “Н. Миршанов әліппесі” деп аталған бұл әліппе сауат ашудың дыбыстық талдау-жинақтау әдісімен жазылды және сауат ашу жұмысын ғылыми жүйелеп, кезең-кезеңге бөлген, оның әр кезеңінде жүзеге асырылатын мақсаттар мен міндеттерді айқын белгілеген оқулық болды. Әліппелердің кезеңдік саяси-қоғамдық өзгерістерге сәйкестігі, саяси идеяларға жауап беретіндігі ескерілетіндіктен, олар жиі алмастырылды. 1964 жылы “Н. Миршанов әліппенің” орнына М. Төрежанов пен З. Әйтенованың әліппесі ұсынылды. Бірақ оқулықта саяси әсірелікке көбірек мән берілуіне, тіл дамытуға арналған мәтіндердің тапшы болуына байланысты әліппе төрт жылдан кейін қолданыстан шығып қалды. 1967 жылы жарық көрген жаңа әліппенің жазылуына (авторлары З. Төрежанова,М. Төрежанова,М. Жұбанова) сауат ашу кезеңінің 6 айдан 3 айға дейін қысқартылуы себепші болды.Әліппе мазмұнын жаңаша құруға қазақ тілі, фонетика ғылымының, педагогика, психология, ғылымдарының соңғы табыстары негіз болды. 1984 жылы Кеңес Одағы мектептерінде алты жастан бастап оқытуға көшу оқулықтардың жаңа кешенін әзірлеуді қажет етті. Сауат ашу кезеңін бір жыл бойы жүргізуге есептелген әліппе (авторы Ш. Әуелбаев) екі жыл ғана қолданыста болды. Әліппеде алты жастағы балалардың физиология, психология қабылдау ерекшеліктерін ескермеу, грамматика ұғымдарды ерте бастан үйретуге әуестену сауат ашу жұмысына едәуір қиындық келтірді. Сондықтан 1986 жылы толықтырылған авторлар құрамымен (Ш. Әуелбаев, М. Жұбанова, М. Төржанова, З. Әйтенова) жаңа әліппе жарық көрді. Бұл оқулықта ресми бекітілген оқу бағдарламасының талаптары ескерілгенмен кемшіліктері де болды. 1990 жылы білім Министірінің әліппелерге жариялаған конкурсының жеңімпазы болған М. Жұбанованың әліппе оқулығы 1992 — 93 жылдары оқу жылынан бастап қолданылды. Әліппеде балалардың ойы мен тілін дамытуға назар аударылып, олардың дүниетанымын кеңейтуге барынша мән берілді. Әліппе мазмұны дидактикалық-әдістемелік, тақырыптық-сюжеттік нақтылығымен ерекшеленді. Бұл оқулық 1997 жылға дейін негізгі сауат ашу құралы ретінде қолданылды. 1995 жылы бастауыш сыныптардың жаңа оқу бағдарламасына орай сауат ашу кезеңі 1 жылдан 6 айға қысқартылып, жаңа әліппе (авторлары Ш. Әуелбаев,Ә. Наурызбаева, Р. Қзғұттынова, А. Құлажанова) жарық көрді. Әліппеде балаларды жас кезінен халқымыздың дәстүрлі дүниетанымы мен әдет-ғұрыпына баулу, отаншылыққа және адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты көзделді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет