Қаржы рыногының субъектілері (қаржылық ұйымдар, акционерлік ұйымдар)



Дата03.07.2016
өлшемі55.79 Kb.
#174294
2007 жылғы қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) жеке, заңды тұлғалардан, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметіне қатысты түрлі мәселелерге байланысты мемлекеттік органдардан 104 өтініш келіп түсті.

Қыркүйек айының ішінде Агенттікке банк қызметінің мәселелері жөнінде 39 өтініш түсті, оның ішінде 7-і Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан келіп түсті.



Төменде екінші деңгейдегі банктер бөлігінде және олардың өтініш берудегі жалпы көлемінің үлес салмағы бойынша мәліметтер келтірілді:



Қаржы рыногының субъектілері

(қаржылық ұйымдар, акционерлік ұйымдар)

Есепті мерзімде

Келіп түскен өтініштер

Қаралуы аяқталғандар

Есепті кезеңнің соңына қарай қаралу үстінде

саны

қаржы рыногының тиісті секторындағы келіп түскен өтініштердің үлес салмағы, %

саны**






Банк қызметі

1

«Альянс Банкі» АҚ

8

20,51

1

7

2

«Валют – Транзит Банк» АҚ

7

17,95

7

0

3

«Темір Банк» АҚ

5

12,82

2

3

4

«АТФ Банк» АҚ

4

10,26

1

3

5

«Казкоммерцбанк» АҚ

4

10,26

1

3

6

«Каспийский» Банкі» АҚ

3

7,69

0

3

7

Басқалар (2-ден кем)

8

20,51

3

5




Жиынтығы:

39

100

15

24

37,5*

* - қаржы рыногындағы сектордың үлес салмағы

** - барлық өтініштер негізді емес

Төменде екінші деңгейдегі банктер бөлігінде 2007 жылғы 1 қыркүйекке дейін қаралуға келіп түскен және қаралуы аяқталмаған өтініштер туралы мәліметтер келтірілді:



Қаржы ұйымының атауы

2007 жылғы 1 қыркүйекке дейін келіп түскен және қаралуы аяқталмаған өтініштер

саны

қаржы рыногының тиісті секторындағы келіп түскен өтініштердің үлес салмағы, %

2007 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша қаралуы аяқталғандар,

саны **




Есепті кезеңнің соңына қарай қаралу үстінде,

саны

1

«Валют – Транзит Банк» АҚ

4

23,53

4

0

2

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

3

17,65

0

3

3

Басқалар (2-ден кем және таратылғандар)

10

58,82

9

1




ЖИЫНТЫҒЫ:

17

100

13

4

**- барлық өтініштер негізді емес

Агенттік шағымдарды қарау нәтижелері бойынша өтініш берушілерге, атап айтқанда таратылған «Валют-Транзит Банкі» АҚ» және «Наурыз банкі» АҚ» банктерінің салымшыларына депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемдерді алу ресімдері жөнінде қолданыстағы заңнаманы түсіндіру, сондай-ақ «Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның өндірмеген салымдарының қалған сомасын алуға байланысты ұсыныстар жіберді.

Сонымен қоса, тұрғын халық үшін мына мәселелер өзекті болып қалуда:


  • банктердің банк қызметіне төлем үшін жоғары мөлшерлемеде комиссияларды және кредиттер бойынша сыйақы алулары;

  • екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банктер) заем шарттары және банк салымдары бойынша есептелген сыйақының мөлшерін дұрыс анықтауы;

  • кредиттер бойынша төлемдер кестесінің толық болмауы – сыйақы сомасын және кредит бойынша негізгі борышты нақтылаусыз;

  • кепілге қойылған мүлікті соттан тыс сату;

  • банк банкоматтарының тиісті емес қызмет етуі.

  • Жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері еместерінің, жоғарыда аталған және басқа сұратулары бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

Қыркүйек айында Агенттік «Қазақстан Халық банкі» АҚ-нан Банктің заңнаманы шынайы емес мәліметтерді беру бөлігінде бұзуы бойынша міндеттеме-хат талап етті.

Агенттік қыркүйек айында «Альянс Банкі» АҚ-на жоспарлы іріктеп тексеруді аяқтады.

Сондай-ақ Агенттікке қыркүйек айында мыналар келіп түсті:

- қаржы ұйымдарынан ҚР заңнамасының нормаларына түсінік беруді ұсыну туралы өтінішпен 18 сұрату;


- Агенттікпен реттелмейтін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың 5 өтініші.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет