«Қаржылық есептіліктің нысандарын толтыру кезінде ағымдағы бухгалтерлік есептің шоттарын жабу тәртібі»



Дата08.07.2016
өлшемі35.06 Kb.
#185378
«Қаржылық есептіліктің нысандарын толтыру кезінде ағымдағы бухгалтерлік есептің шоттарын жабу тәртібі»
      Мемлекеттік мекемелер жылдық, жартыжылдық қаржылық есептілікті тиісті құжаттармен расталған тексерілген бухгалтерлік жазбалардың негізінде жасайды.

Ағымдағы қаржы жылының бюджет түсімдерін есепке жатқызумен және бюджеттен төленентін төлемдерді жүзеге асырумен байланысты операцияларының барлығы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында аяқталады. 31 желтоқсанын қоса алғанда ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулардың қалдықтары жойылады.

Ағымдағы есепке алу шоттарын жабу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      есепті жылдың аяғында:

6090 «Бюджет қаражатының қалдықтарын қайтару» шотының дебетіне 1081 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1083 «Өзге де бюджеттердің есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1085 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1091 «Жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1094 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шоттарының кредитінен бұдан бұрын ағымдағы қызметті қаржыландырудан түсетін кірістер, трансферттер бойынша кірістер, субсидиялар бойынша кірістер ретінде танылған қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар шоттары бойынша қалдықтар есептен шығарылады;


      5011 «Күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыру» қосалқы шотының дебетіне 1082 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1092 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шоттарының кредитінен күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар шоттары бойынша пайдаланылмаған қалдықтары есептен шығарылады;
      5012 «Күрделі салымдарды сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен қаржыландыру» қосалқы шотының дебетіне 1087 «Сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредитінен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулар есептен шығарылады;
      5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотының дебетіне 6090 «Бюджет қаражатының қалдықтарын қайтару» шотының кредитінен қаржыландыруды қайтару шотын жабу жүргізіледі;

5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотының дебетіне:

7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар», 7020 «Стипендиялар төлеу бойынша шығыстар», 7030 «Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар», 7040 «Әлеуметтік салыққа арналған шығыстар», 7050 «Міндетті сақтандыруға арналған шығыстар», 7060 «Қорлар бойынша шығыстар», 7070 «Іссапарларға арналған шығыстар», 7080 «Коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша шығыстар», 7090 «Ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар», 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар», 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар», 7130 «Жал бойынша шығыстар», 7140 «Өзге операциялық шығыстар», 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар», 7220 «Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша шығыстар», 7230 «Субсидиялар бойынша шығыстар», 7240 «Субвенциялар төлеу бойынша шығыстар», 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар», 7320 «Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар», 7410 «Әділ құнының өзгеруі бойынша шығыстар», 7420 «Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар», 7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар», 7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар», 7450 «Резервтерді құру бойынша шығыстар», 7460 «Өзге шығыстар» шоттарының кредитінен есептен шығарылады;

5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотының кредитіне:

6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер», 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер», 6030 «Трансферттер бойынша кірістер», 6040 «Субсидиялар төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер», 6050 «Демеушілік және қайырымдылық көмектен алынатын кірістер», 6060 «Гранттар бойынша кірістер», 6070 «Сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырудан түскен кірістер», 6080 «Айырбас емес операциялардан алынатын өзге кірістер», 6110 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынатын кірістер», 6210 «Сыйақылар бойынша кірістер», 6220 «Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер», 6310 «Әділ құнның өзгеруінен түсетін кірістер», 6320 «Ұзақ мерзімді активтердің шығуынан алынатын кірістер», 6330 «Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер», 6340 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер», 6350 «Шеккен зиянды өтеуден алынатын кіріс», 6360 «Өзге кірістер» шоттарының дебетінен есептен шығарылады;

есепті жылдың аяғында 5220 «Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі» шотының кредитіне 5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотының дебетінен мемлекеттік мекеменің қаржылық қызметінің оң нәтижесі жазылады;



есепті жылдың аяғында 5220 «Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі» шотының дебетіне 5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотының кредитінен мемлекеттік мекеменің қаржылық қызметінің теріс нәтижесі жазылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет