Ақтөбе облысы әкімдігінің
2012 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 464 қаулысымен
бекітілген
«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Негізгі түсініктер
1. Пайдаланылатын түсініктер мен қысқартулар анықтамасы:
1) арнайы білім беру бағдарламалары – мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға арналған бағдарламалар;
2) арнайы түзетім ұйымдары – дамуында кедергісі бар мүмкіндіктері шектеулі:
есту қабілеті бұзылған (естімейтін, шала еститін, жүре пайда болғандар);
көру қабілеті бұзылған (көрмейтіндер, шала көретіндер);
тірек - қозғалыс аппараттары бұзылған;
сөйлеу қабілеті бұзылған;
ақыл-есі дамымаған;
психикалық дамуы жетілмеген;
эмоциялық еркі мен мінез-құлқы бұзылған;
дамуы күрделі бұзылған, соның ішінде көзі көрмейтін және естімейтін балаларға арналған ұйым.
3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) – мүмкіндіктері шектеулі балалардың әлеуметтік және дәрігерлік-педагогикалық түзетімдік сүйемелдеу алуын диагностикалау, білім алу түрлерін анықтау, жеке оңалту бағдарламасын құру мақсаттарын жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.
4) мүмкіндігі шектеулі бала (балалар) - 18 жасқа дейінгі физикалық немесе психикалық жетіспеушілігі бар, өмір сүруге қабілеті шектелген, туа біткен, тұқым қуалаушылықпен, жүре пайда болған аурулар мен жарақат алған балалар;
5) мемлекеттік қызметті алушы (тұтынушы) - мемлекет қызмет көрсетілуші жеке тұлғалар;
6) ҚФБ - құрылымдық функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысушы жауапты тұлғалар.
2. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік-құқықтық анықтамасы: «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау».
3. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Ақтөбе облысының арнайы түзетім ұйымдарымен көрсетіледі, олардың мекен-жайлары осы регламентке 1 - қосымшада келтірілген.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі - автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызметтің жүзеге асырылу негіздері:
1) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қаулысы.
6. Арнайы білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталуының нәтижесі болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz және білім басқармасының aktouo@rambler.ru мекенжайындағы интернет – ресурсында орналасқан.
8. Мемлекеттік қызмет арнайы түзетім ұйымдарының ғимараттарында жүзеге асырылады, демалыс пен мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліс жасай отырып көрсетіледі.
Қабылдау кезек ретімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:
1) алушы мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 3 жұмыс күннен артық емес;
2) жолыққан күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу уақытында құжаттарды тапсыру үшін жұмсалатын рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 30 минут құрайды;
3) алушы жолыққан күні сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетілетін рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды.
10. Тіркеуші органның мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуына тұтынушының құжаттарды толық ұсынбауы негіз болады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
1) Жалпы білім беру ұйымының жауапты тұлғасы мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексеруді және қабылдап алуды жүзеге асырады, өтінішті кіріс хат-хабар журналына тіркейді, қабылдап алынған күні белгіленген қабылдап алынған құжаттар туралы қолхат береді.
2) тіркелген құжаттар білім беру ұйымының басшысына түскен құжаттардың толықтығын тексеру және білім беру ұйымына қабылдау немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы бұрыштама қою үшін жіберіледі;
3) басшының бұрыштамасы қойылған құжаттар білім беру ұйымының жауапты тұлғасына білім беру ұйымына қабылдау немесе тұтынушы құжаттардың біреуін ұсынбаған ретте қызмет көрсетуден бас тарту туралы бұйрық дайындауға жіберіледі;
4) Білім беру ұйымына қабылдау және үйде жеке оқытуды ұсыну немесе дәлелді бас тарту туралы бұйрыққа бірінші басшы екі дана етіп қол қояды, ол бұйрықтар кітабында немесе шығыс хат-хабар журналында тіркеледі, оның бір данасы ұйымда сақталады, екіншісі мемлекеттік қызмет алушының заңды өкіліне беріледі.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдап алуды жүзеге асырушы адамдардың ең аз саны бір қызметкерден тұрады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
13. Арнайы білім беру ұйымының жауапты тұлғасы құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады, деректерді тексереді, кіріс хат-хабар журналына өтініштерді тіркейді.
14. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алушы мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағына сәйкес құжаттарды тапсыруы қажет.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мына құрылымдық - функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
1) арнайы білім беру ұйымының бірінші басшысы;
2) білім беру ұйымының құжаттарды қабылдап алушы және тіркеуші жауапты тұлғасы.
16. Әрбір ҚФБ әкімшілік әрекетінің (рәсімдерінің) сабақтастығы мен өзара іс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы әрбір әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімін көрсете отырып осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік әрекеттердің және ҚФБ қисындық сабақтастығының өзара байланысын бейнелейтін сызба осы регламентке 3-қосымшада келтірілген.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуші лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
18. Жауапты тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында олар қабылдаған шешімдері мен әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген тәртіппен жауапты болады.
«Арнайы жалпы білім беретін оқу
бағдарламалары бойынша оқыту үшін
мүмкіндіктері шектеулі балалардың
құжаттарын қабылдау және оларды
арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытатын арнайы білім беру ұйымдарының мекен-жайлары
№
|
Мекемелердің атаулары
|
Тұрғылықты мекен-жайлары
|
Байланыс телефондары
|
1
|
«Облыстық психикалық даму белгісі бар балаларға арналған арнаулы түзетім мектеп-бақшасы» мемлекеттік мекемесі
|
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі 96а
|
8 (7132) 542490
|
2
|
«Ақтөбе облыстық арнаулы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі
|
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы, Гришина көшесі, 13
|
8 (7132) 513843
|
3
|
«Тамды көмекші мектеп-интернаты» Мемлекеттік мекемесі
|
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Тамды ауылы
|
8 (71337) 35829
|
4
|
«Дамуында психикалық кедергісі бар балалар Жайсан арнаулы мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі
|
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Жайсаң ауылы
|
8 (71331) 28758
|
5
|
«№ 7 арнаулы (түзетім) мектебі» мемлекеттік мекемесі
|
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар көшесі, 306 а
|
8 (7132) 517867
|
«Арнайы жалпы білім беретін оқу
бағдарламалары бойынша оқыту үшін
мүмкіндіктері шектеулі балалардың
құжаттарын қабылдау және оларды
арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
1 кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктердің (ҚФБ) іс-әрекеттер сипаттамасы
Негізгі үдеріс әрекеті
|
1
|
Әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №
|
1
|
2
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы
|
Білім беру ұйымының бірінші басшысы
|
3
|
Әрекеттер (үдерістің, операция рәсімінің) атауы және олардың сипаттамалары
|
мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексеру және қабылдау
|
түскен құжаттардың толықтығын тексеру және білім беру ұйымына қабылдау немесе тұтынушы құжаттардың біреуін ұсынбаған ретте қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау
|
4
|
Аяқталу нысаны
|
өтінішті кіріс хат-хабар журналына тіркейді, құжаттарды тексеру, қол қою үшін бірінші басшыға береді, қолхат береді
|
Құжаттарды бұйрық немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау үшін жауапты тұлғаға береді
|
5
|
Орындалу мерзімі
|
30 минут
|
30 минут
|
6
|
Келесі әрекет нөмірі
|
2
|
3
|
1
|
Әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №
|
3
|
4
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы
|
Білім беру ұйымының бірінші басшысы
|
3
|
Әрекеттер (үдерістің, операция рәсімінің) атауы және оларды сипаттамалары
|
Бұйрық немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау
|
Бұйрықпен немесе бас тарту туралы жауаппен таныстыру
|
4
|
Аяқталу нысаны
|
бұйрыққа немесе бас тарту туралы жауапқа қол қою үшін бірінші басшыға беру
|
Бұйрыққа немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою
|
5
|
Орындалу мерзімі
|
3 күн ішінде
|
1 сағат
|
|
Келесі әрекет нөмірі
|
4
|
5
|
1
|
Әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №
|
5
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы
|
3
|
Әрекеттер (үдерістің, операция рәсімінің) атауы және оларды сипаттамалары
|
бұйрықты бұйрықтар кітабына немесе бас тарту туралы жауапты шығыс хат-хабар журналына тіркеу
|
4
|
Аяқталу нысаны
|
Мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсету нәтижесін беру
|
5
|
Орындалу мерзімі
|
Күн ішінде
|
2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.
1 топ
ҚФБ
Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы
|
2 топ
ҚФБ
Білім беру ұйымының бірінші басшысы
|
№ 1 әрекет
Құжаттарды қабылдау, тексеру, тіркеу
|
№ 2 әрекет
Өтініштерді қарау, тіркеу туралы шешім қабылдау
|
№ 3 әрекет
Бұйрық дайындау
|
№ 4 әрекет
Бұйрыққа қол қою
|
№ 5 әрекет
Бұйрықты бұйрықтар кітабына тіркеу
|
|
№ 6 әрекет
Бұйрықты алушыға беру
|
|
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.
1 топ
ҚФБ
Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы
|
2 топ
ҚФБ
Білім беру ұйымының бірінші басшысы
|
№ 1 әрекет
Құжаттарды қабылдау, тексеру, тіркеу
|
№ 2 әрекет
Құжаттарды қарау, шешім қабылдау
|
№ 3 әрекет
Бас тарту туралы дәлелді жауапты шығыс хат-хабар журналына тіркеу
|
№ 4 әрекет
Бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою
|
№ 5 әрекет
Бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау
|
|
«Арнайы жалпы білім беретін оқу
бағдарламалары бойынша оқыту үшін
мүмкіндіктері шектеулі балалардың
құжаттарын қабылдау және оларды
арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау»
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік әрекеттердің және ҚФБ қисындық сабақтастығының өзара байланысын бейнелейтін сызба
Достарыңызбен бөлісу: |