Aрнаулы емтихан өткізу бағдарламасы
H 3-3.11.2022
1 баспа 02.02.2022
көрсетіледі.
Арнаулы емтиханды өткізу кезінде талапкерлер мынадай талаптарды сақтауы тиіс:
1) тыныштық сақтау және өз бетінше жұмыс істеу, емтихан алушымен және басқа
талапкерлермен сөйлеспеу;
2) емтихан материалдарымен алмаспау, көшірмеу, аудиторияға оқулықтарды,
басқа да
әдістемелік әдебиеттерді, мобильді байланыс құралдарын кіргізбеу және қолданбау;
3) аудиторияда жүрмеу, басқа орынға отырмау;
4) арнаулы емтихан аяқталғанға дейін емтихан алушының рұқсатынсыз емтихан
аудиториясынан шықпау.
Емтиханды өткізу жайлы ереже талаптарын бұзғаны үшін талапкер аудиториядан
шығарылады.
2.12 Талапкер дәлелді себептермен емтиханға кешігіп немесе келмеген жағдайда ол
арнайы емтиханды жазбаша өтініші мен арнаулы емтиханды жіберіп алуына дәлелді
себептерін растайтын құжаттарды ұсынуы негізінде ректордың
рұқсаты бойынша бекітілген,
кесте шеңберінде басқа уақытта тапсыруға жіберіледі.
Арнаулы емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептер мыналар болып табылады:
1) талапкердің ауырып қалуы (емдеу мекемесінен ауырып қалғандығы туралы
анықтаманы ұсынумен расталады, анықтама емдеу мекемесінің мөрімен бекітіледі);
2) төтенше жағдайлар, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы (мемлекеттік мекемеден төтенше
жағдайдың немесе жол-көлік оқиғасының болу фактісін айғақтайтын анықтама ұсынумен
расталады);
3) жақын туыстарының (ата-анасы, ерлі-зайып,
балалары, асырап алушылар, асырап
алғаны, толыққанды және толыққанды емес ағайындары мен апа-қарындастары, атасы, әжесі)
қайтыс болуы (анықтамамен расталады).
Дәлелсіз себептермен арнайы емтиханға келмеген талапкерлер емтихан тапсыруға
жіберілмейді. Арнаулы емтиханға қайта қатысуға және қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
2.13 Арнаулы емтиханның түрі мен мазмұны педагогикалық жағдаятты шешу. Осы
арқылы талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін айқындауға бағытталған.
2.14 Арнаулы емтиханды өту барысында пәндік комиссия талапкерлердің нәтижелерін
бағалау кезінде қалыптасқан жағдайды шешу үшін ұсынылған әдістердің негізділігі мен
сындарлылығы ескеріледі; жағдайды және оның пайда болу себептерін жедел түсіне білу; әсер
ету нәтижесін алдын-ала болжай білу;
Арнаулы емтихан бойынша педагогикалық жағдаятты өз деңгейінде шешпеген
немесе
емтиханға келмеген тұлғалар «жіберілмеді» деп бағаланады және арнаулы емтиханды
тапсырмаған болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: