«Арта берсін бірлігің»



Дата03.07.2016
өлшемі192.5 Kb.
#174439
«Арта берсін бірлігің»

Зеренді өңірінде қазақтың слт-дәстүрін сақтаған , ұлдары – ибалы, қыздары – инабатты болып өскен Ақадыр атты нағыз қазақи ауыл бар. Ауылда мектептен басқа жұмыс көзі болмаса да, халық өз бетінше күн көріп жатыр.Бірақ тұрғындардың жағдайы ешкімнен кенде емес... Әр отбасы тәрбиесімен, өнерімен , үлгісімен өзінше бір Отан.



«Тәуелсіздіктің туы – білімді ұрпақтың қоланда» деген қағиданы қатаң ұстанған мектеп тынбай еңбек етуде. Водопьяновка (қазіргі Ақадыр) орта мектебі 1956 жылы негізі қаланған. 1959 жылы негізгі мектеп, 2001 жылдан бері орта мектеп статусымен жұмыс істеп келеді. 2006 жылы 150 орындық жаңа мектеп ғимараты бой көтеріп, жаңа орынға қоныс аударды. Ұстаздардың барлығы дерлік арнайы оқу орнын бітірген мамандар, өз ісінң шебері деп мақтанышпен айта алам. Мектепте барлығы 111 оқушы білім нәрімен сусындауда. Мектепте “Балбұлақ ” кіші орталығы жұмыс жасайды, онда 20 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мектеп тарихына үңілсем, ұзақ жылдар бойы мектептің басшысы қызметін атқарған, Мухамедрахимова Маруаш Жұмабайқызының есімін ерекше атар едім. Ол кісіден тәлім алған шәкірті , кейіннен әріптес болып , тәжірибесін алған, көзін көрген – біздей жас мамандар неге жаман боламыз...

Білім ордасымен қатар ауылда мәдениет ошағы жұмыс істейді. Мәдениет ошағының кірпішін қалаған азаматтар да ауыл тұрғындары. Білім мен өнерді қатар алып жүрген оқушылар әр сайыс пен додаларда алдына жан салмайды. Өз бойына сіңірген асыл қасиеттері мен өнерінің арқасында, оқу-орындарында мектебінің мерейін көтеріп жүрген шәкірттерімізде баршылық.



Ақ сақалды – аталар мен ақ жаулықты – әжелердің тәрбиесін көріп өскен біздің ауылдың жастарында арман жоқ. Ауыл жастары, жалпы тұрғындар имандылық – дін жолын қатаң ұстанады. Сондықтан-да болар ешқандай келеңсіз жағдай, ұрыс-керіс болмайды. Ауылдағы әжелер мен апайлардың көбі дерлік «алтын» және «кіміс» алқа иегерлері.

Қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл өмірде, ауылдың ұйыған бірлігінің арқасында той-думан мен кез- келген науқанды да ауыл болып бас қосып бірге атқарады.

Сондай мерекелердің бірі , дүбірлі той – Наурыз. Нағыз қазақтардың ерекше думанды қалай тойлайтынын көрем десеңіз ауылымызға қонақ болып қайтыңыз !!!- дей келе , ардақты – әкем Мұрат Бох ұлының ауылға арнаған мына бір өлең жолымен сөзімді түйіндегім келеді...

Ақадырда ауылым

Аққайың, шырша, терек, қарағайлы,

Көк орай шалғын шөбі малға жайлы.

Төрт түлік төскейінде өрістеген,

Өлкесі Ақадырдың малға жайлы.

Ақадырда ауылым,

Сағынсаң кел бауырым.

Бас аман да, мал түгел,

Той шашуда қауымым.

Ұлдары ер жүректі, сом білекті,

Қыздары инабатты, ақ жүректі.

Қарттары үміт күтіп келер күннен,

Ұрпаққа әр қашан да бақ тілейді.

Ақадырда ауылым,

Шақыртпай кел бауырым.

Бас аман да, мал түгел,

Той шашуда қауымым.

Айсауле Мұратқызы

Ақадыр орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет