Ақсан ауылдық округі әкімінің Ақсаң ауыл
тұрғындарының алдындағы есеп беру кездесуінің баяндамасы
Жылма-жыл дәстүрге айналған барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен жүздесуі және істелінген істерге есеп беруі оларды шешу жолдарын қарастырып, алдағы уақытта жоспарлау- басты міндетіміз . Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында айтылған мәселелер ауыл әкімдеріне , басшылыққа үлкен міндеттер жүктейді. Барлық Қазақстандықтарды жұмысқа тарту, оқыту, және жұмысқа орналастыру, кәсіпкерліктерді дамыту қол жетімді баспана, жас отбасыларды жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз деп көрсетті. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, сот құқық қорғау жүйесін жаңғырту және т.б айтылғандарды орындауға міндетпіз. Осы мақсатқа жеткізу бәріміздің міндетіміз деп ойлаймын.
Ақсан ауылдық округінің әкімі аппараты жасаған жоспарын басшылыққа ала отырып , төмендегідей атқарған жұмыстарға бүгін сіздермен өзімінің 1 жылдық есебімді бергелі отырмын.
Ақсан ауылдық округі бойынша 3 елді мекеніміз Ақсаң, Қаражар Жалғыз-кайың ауылы және мал қыстақтары орналасқан. Жалпы 117184 га жер көлемін алып жатыр. Ауыл тұрғындарымыздың барлық саны - 945 адам. Оның ішінде Ақсаң ауылы – 350 , Қаражар ауылы – 329 адам және Октябрь ауылы -266 адам тұрады. 115 зейнеткер, 24 тыл ардагері, 31 алтын, 13 күміс алқа иегерлері бар. Жалпы округ бойынша 32 мүгедектер тіркелген , оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалар саны-7 мүгедек жастар -11 бала.
Сондай-ақ округте ауыл бойынша 2 мектеп, 3 дәрігерлік пункт , 1 мәдениет үйі , 3 ауылдық клуб және 2 дүкен 2 шағын балабақша , 48 шаруа қожалықтары бар.
Ақсаң ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері Ар-намыс кодексін сақтап, ауыл тұрғындарына қалтықсыз қызмет етудің нәтижесімен сапасын арттыру мақсатында бақылауға алынған
Ауыл азаматтарынан 2012 жылы барлығы жеке тұлғалардан жазбаша және ауызша 217 өтініш түсті.
2013 жыл басынан азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін біріңғай «ЕУОЛ» бағдарламасы бойынша есептеу автоматтандырылған ақпараттық жүйе бойынша тіркеп, уақытымен аудан әкімшілігіне беріліп отырылады.
2001 жылғы 23 қаңтардағы ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы » , 2001 жылғы 17 шілдедегі ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы » Заңдарын орындау мақсатында округ бойынша Мемлекеттік әлеуметтік көмек алушы округ бойынша -жоқ..1 жастан 18 жасқа дейінгі балалары бар 6 отбасы 23 балаға жәрдем ақы тағайындалды.
Бүгінгі күні жұмыссыздар тіркемінде тұрғандар саны- 34 адам. Осы жұмыссыздар арасынан қоғамдық жұмысқа 19 адам қамтылды. Барлық округ бойынша тұрақты жұмыс істейтіндер саны - 266 адам болып отыр. 6 адамға Баянауыл жұмыспен қамту бағадарламалар бөлімі арқылы бір реттік берілетін жәрдем ақы көрсетілді.(Альжанов Кайролла , Айгозин Бейсембек, Жумагельдина Лаураш, Шамсутдинова Зухра, Шамсутдинова Марина, Абишева Роза )
2012 жылы округ бойынша барлық тұрақты жұмысқа қабылданғандар саны - 17 адам . Жалғызқайың ауылдық клубына -7 адам , Жалғызқайың ауылының дәрігерлік пунктіне -1 адам, Қаражар және Жалғызқайың ауылдарының кітапханаларына 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасын іске асыру мақсатында негізгі мынадай бағыттар бойынша жұмыстар атқарылды.
1–бағыт. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу бойынша
Баянауыл жұмыспен қамту орталығы арқылы шәкіртақының төленуімен, тегін біліктілікті арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына жолдама болды. 3 ай мерзімге Баянауыл № 27 кәсіптік лицей арқылы тегін оқуға Байгулова Айман Шакарымқызы және Қаражар ауылынан Рощин Юрии Сулейманович оқып қолдарына сертификаттарын алып тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жастарды оқытуға үлкен мүмкіншіліктер болып отыр, жұмыссыздар тіркемінде тұрған көп ауыл азаматтарына осы көрсетілген курстар бойынша оқуға тартылды, бірақ оқуға жіберу өкінішке орай көп қиыншылық туғызуда. Әр түрлі сылтаулар айтып бармаудың жолын табады.
Ауыл тұрғындарының есептік кездесуде қойылған сұрақтар бойынша, өткен есеп беру кездесуінде түскен сұрақтардың барлығы орындалу мезгіліне қарай сараптама жасалып отырылды. Осы өтініштер бойынша оң шешімін тапқан Жалғызқайың дәрігерлік пункті ашылып бүгінгі күні көшіріліп жұмыстарын атқаруда.) жұмыстары істелініп жатыр.
Баянауыл ауданы әкімдігінің 2011 жылдың 28 қарашадағы № 254/11 қаулының 1-қосымшасына сәйкес Баянауыл аудандық сот шешімі бойынша Жалғызкайың ауылында орналасқан дүкен ғимараты Ақсаң ауылдық мәдениет үйінің балансына беріліп , бүгінгі күні осы ғимаратты өз күшімізбен күрделі жөндеу жұмыстарын жасап іске қосылуына көп жұмыс атқарылды. Осы желтоқсан айында ашылу рәсімі өткізілді.
Білім саласы бойынша 2011-2012 жылында екі мектепте барлығы 135 оқушы білім алып, 57 мұғалім еңбек етуде, дені саудың жаны сау демекші денсаулық сақтау жүйесін ілгерлетумен бірге салауатты тұрмыс салтын насихаттау жұмыстарын жүргізіп келеміз. Оқушылар арасында және ауыл тұрғындары жастар арасында жиі спорт шаралары өткізіліп отырылады. Мектеп оқушылары әрдайым аудан облыс көлемінде жүлделі орындарға иеленіп жүр. Екі мектепте де шағын бала бақша жұмыс істеп тұр.
Денсаулық сақтау саласы бойынша 3 медициналық пункт
жұмыс істеп тұр. Мұнда барлығы 4 медбике қызмет көрсетуде. Ауылдық округ бойынша биыл дүниеге 12 нәресте келді. Қаражар ауылы бойынша -2 бала, Ақсаң ауылы бойынша – 7 бала, Жалғызқайың ауылы бойынша -3 бала. Денсаулық сақтау саласы бойынша күнделікті жұмыстары атқарылуда. Ауылдық округ медбикелері ай сайын салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында халыққа қызмет көрсетуде.
Тазалыққа келсек округ бойынша ауылдық елді мекендерінде санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілуде. Тазалық айлығын және сенбіліктер ұйымдастырылп отырылды.
Айтып кететін мәселе 2012 жылға « Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру мақсатындағы басты мәселе – елді мекендерді жарықтандыру және елді мекендердің қоқысын шығару болып отыр. 3 елді мекен бойынша көшелер жарықтандырылып жұмыстар жалғауда.
Мәдениет және спорт шаралары
Ақсаң ауылдық округі бойынша мәдениет саласында көптеген жұмыстар атқарды десек болады. Атқарып жатқан жұмыстары және аудан көлеміндегі жетістіктерін айта кетсем ;
30.03.2012 жылы «Туған өлкем Баянауыл» атты фестивальға ауыл өнерпаздары қатысып 3-орынға ие болды. Лекер ауылында өткен «Жігіт сұлтаны» байқауында округ бойынша Набиболла Қуандық Зайроллаұлы 3-орынды жеңіп шықты. Жаңатілек ауында өткен «Астана ән байқауына» Ақсаң мәдениет үйінің көркемжетекшісі Бекмағамбетова Мирагуль қатысып марапатталды.
Ауылшаруашылық саласы бойынша Ақсаң ауылдық округі бойынша белгіленген күн тізбе бойынша тұрғылықты халықтың саны мен олардың меншігіндегі мал мен құс және техникасының есебі алынып шаруашылық кітаптарына тіркелініп отырылады. 1.01.2012 жылға ірі қара 2569 бас, қой мен ешкі -6514 бас , жылқы 1378 бас, және құстар-1376 тіркелінсе , 01.01.2013 жылға жылға ірі қара 2694 бас, қой мен ешкі -8370 бас , жылқы 1276 бас, және құстар-1376
48 шаруа қожалықтары бар. Олардың малы техникасы жұмыскерелерінің саны түгелдей заңды түрде тіркелінген. Округ бойынша өткізіліп жатқан іс-шараларына мерекелерде үнемі демеушілік көрсетуде. Оның ішінде малмен айналасушы шаруа қожалықтарының саны -22. Қалған шаруа қожалықтары жерлері бар шөп шабумен айналысуда. Аудан бойынша жақсы көрсеткіштерге ие болып жүрген шаруа қожалықтарын ауыл шаруашылық күніне байланысты аудан әкімінің алғысхатымен марапаттап және бағалы сыйлықтарға ие болған «Әлихан» шаруа қожалығының басшысы Баймағамбетов Амирхан Дуабекұлы ,
« Талапкер» шаруа қожалығының басшысы Дюсембаева Гульзираш Умирзаққызы.
Павлодар облысының 75 жылдығына орай төмендегідей азаматтар медалдармен мараппаталды. Альжанов Кабыкен, Акимбеков Жеңис және Бапышев Орымбай. «Ерен еңбегі үшін» медалімен Абдуллина Екатерина Жомартқызы және Баймағамбетов Амирхан Дуабекұлы мараптталды.
Ақсан ауылдық округінің әкімшілігі келесі жылға жоспар бойынша жасағанда төмендегі жұмыстарға баса назар аударады:
-Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы Жолдауын, қаулы қарарларын орындау мақсатында арнайы іс-шаралар жасап бақылауға алу.
- Ақсаң ауылдық округ тұрғындарының өтініштері мен шағымдарын уақытында қарап жазбаша жауап беру.
-Жастарды мәдени спорт шараларына барынша жұмылдыру, округте салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жұмыс жасау.
-Ауылды санитарлық тазалық жұмыстарын одан әрі жақсарту елді мекендерді көгалдандыру және көшелерді жарықтандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру.
-
Ауыл тұрғындарының экономикалық әлеуметтік жағдайларын жақсарту, кедейшілікпен күресу мақсатында тұрғындарды бау- бақша егуге, мал өсіруге, огород салуға мүмкіндігінша ықпал жасау.
-
Соғыс арадгерлеріне , тыл ардагерлеріне , жалғыз басты қарт адамдарға мүгедектерге, көп балалаы аналарға , көмек көрсетуді ұйымдастыру.
-
Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне сәйкес қалтықсыз қызмет етудің нәтижесімен сапасын арттыру.
Құрметті ауылдастар тұтастығымыз берік, елдігіміз мәңгі болсын. Жаңа келген жыл құт береке әкелсін, еліміздің еңсесі биік, халқымыздың ырысы мол болсын.
Тыңдағандарыңызға рахмет !
Достарыңызбен бөлісу: |