Ақша аударымдары банкаралық жүйесі мен банкаралық клирингтің ағымдағы жағдайы



Дата25.02.2016
өлшемі75 Kb.
#22014
Ақша аударымдары банкаралық жүйесі мен банкаралық клирингтің ағымдағы жағдайы
2006 жылдың 2–ші тоқсанында Aқша аударымдарының банкаралық жүйесі (ААБЖ) мен Банкаралық клиринг арқылы жасалған төлемдер саны 6 893.0 мың трансакция құрап, бұл төлемдердің сомасы 24 587.6 млрд. теңге болды. 2005 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда төлемдер саны 17.3%-ға артып, ал төлемдер сомасы 79.5% -ға артқан.

Бұл ретте, ААБЖ –сі арқылы жасалған төлемдерге 2006 жылдың 2–ші тоқсанында еліміздің төлем жүйелерінде жасалған барлық төлемдер санының 31.2%, ал төлемдер көлемінің 97.9% келеді. Банкаралық клиринг арқылы жасалған төлемдерге, сәйкесінше төлемдер санының 68.8%, ал жалпы жасалған төлемдер көлемінің 2.1% келеді.




ААБЖ

2006 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ААБЖ-і қатысушыларының саны 53 болып, оның ішінде:



  • 34 екінші деңгейлі банктер және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ;

  • Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Казначейлік Комитеті;

  • 10 банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

  • Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталық (3 шот ашылған);

  • Мемлекетаралық Банк;



  • ҚРҰБ және Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының Банк-Кастодианы (ҚРҰБ МОЕБ).

2006 жылдың 2–ші тоқсанында ақша аударымдарының банкаралық жүйесі арқылы сомасы 24 078,9 млрд. тенге құрайтын 2 150.8 мың трансакция жасалған. 2005 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда төлемдер саны 6.2%-ға артып, ал төлемдер сомасының 80.5%-ға артуы болған.

2005 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 2006 жылдың 2–ші тоқсанында байқалып отырған ААБЖ-гі төлемдер көлемінің артуы келесідей операция түрлері бойынша төлемдер көлемінің артуымен байланысты болды: ҚР резиденттерінің бағалы қағаздармен операциялары – 17.5%-ға, банктер мен олардың клиенттерінің депозиттері мен жеке қаражаттарының аударымдары - 4.8 есе, шетел валютасы мен бағалы металдар бойынша операциялар - 88.5%-ға. Бұл төлемдер көлемінің арту сомасы ААБЖ-гі төлемдердің жалпы көлемінің өсімінің 88.4% құрады.

ААБЖ-гі төлемдер саны мен көлемінің артуы нәтижесінде қарастырылып отырған кезеңде ААБЖ-де өңделген төлемдердің орташакүндік санының артуы да байқалады. Төлемдердің орташакүндік саны 34.1 мың трансакция болып, сомасы 382.2 млрд. теңге құрады. Бұл 2005 жылдың 2-ші тоқсаны деңгейінен саны бойынша 2.0 мың трансакцияға (6.2%), ал сомасы бойынша 170.5 млрд теңгеге (80.5%) артық. Бұл ретте, бір төлемнің орташа сомасы 2006 жылдың 2–ші тоқсанында 11.2 млн.тeңге құрап, 2005 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 4.6 млн. теңгеге (69.9%-ға) артқан.



2006 жылдың 2-ші тоқсанында жүйеде жасалған төлемдер ағындарының айлар мен пайдаланушылар топтары бойынша мәліметі 1 және 2 Кестелерде келтірілген.
Ақша аударымдары банкаралық жүйесіндегі төлемдер көлемі

Кесте 1

Айы

2005ж. II тоқсан

2006ж. II тоқсан

Өзгеріс( %)

Саны

(мың тр.)



Сомасы

(млрд. теңге)



Саны

(мың тр.)



Сомасы

(млрд. теңге)



Саны

Сомасы

Сәуір

711.4

4 277.1

693.5

7 438.2

-2.5

73.9

Мамыр

648.5

4 087.3

720.4

8 200.4

11.1

100.6

(2 есе)

Маусым

665.0

4 976.1

736.9

8 440.3

10.8

69.6

II тоқсан

2 024.8

13 340.5

2 150.8

24 078.9

6.2

80.5


Ақша аударымдары банкаралық жүйесіндегі төлем айналымының пайдаланушылар топтары бойынша бөлінісі


Кесте 2

Топ

Төлемдер көлемі (млрд. теңге)

Өзгеріс

2005ж.

II тоқсан



2006ж.

II тоқсан



млрд. теңге

%

Бес ірі банк

3 628.9

8 264.0

4 635.0

127.7

(2.3 есе)

Шетел қатысуындағы банктер

1 556.9

2 427.6

870.7

55.9

Басқа да банктер

1 479.6

2 025.6

546.0

36.9

Банкілік емес ұйымдар

4 238.9

5 366.2

1 127.3

26.6

Басқа қатысушылар

2 436.1

5 995.5

3 559.4

146.1

(2.5 есе)

Жалпы нәтижесі

13 340.5

24 078.9

10 738.4

80.5


Банкаралық клиринг


2006 жылдың 1-ші шілдесіндегі жағдай бойынша Банкаралық клирингтің қатысушыларының саны 34 болған болса, оның 26 екінші деңгейлі банктер, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Казначейлік Комитеті, «Казпочта» АҚ және «ТАТ Кредит» НС, Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық (3 шот ашылған), ҚРҰБ және Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қоры Банк-Кастодианы (ҚРҰБ МОЕБ).

2006 жылдың 2–ші тоқсанында бөлшек төлемдер ағыны сомасы 508.6 млрд.теңге болатын 4 742.2 мың құжатты құрады. 2005 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда Банкаралық клирингте жасалған төлемдер саны 23.1%, ал сомасы 42.2%-ға артты.

2005 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда 2006 жылдың 2–ші тоқсанында Банкаралық клирингтегі төлемдер көлемінің өсуі тауарлар мен материалдық емес активтер бойынша төлемдердің 40.7%-ға, көрсетілген қызметтер бойынша төлемдердің 46.6%-ға, бюджетке төленетін төлемдер мен бюджеттен төленетін төлемдердің 40.2%-ға және зейнетақы жарнасы бойынша төлемдердің, әлеуметтік аударымдарының 54.5%-ға артуымен байланысты болды. Осы төлемдер түрлері өзгерісінің жалпы үлесі Банкаралық клирингтегі төлемдер көлемінің жалпы өсуінің 89.0%-н құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде клирингтік жүйеде өңделген транзакциялардың орташа күндік көлемі 8.1 млрд. теңге сомасындағы 75.3 мың құжатты құрады. 2005 жылдың 2-ші тоқсанымен салыстырғанда төлемдердің орташа күндік санының 14.1 мың құжатқа (23.1%-ға), сондай-ақ төлемдердің орташа күндік сомасының 2.4 млрд теңгеге (42.2%-ға) артуы байқалады.

Бұл ретте, бір төлемнің орташа сомасы 2006 жылдың 2–ші тоқсанында 107.3 мың теңге болып, 2005 жылдың 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 14.4 мың теңгеге (15.5%-ға) артқан.

2006 жылдың 2-ші тоқсанында Банкаралық клирингте жасалған төлемдер ағындарының айлар мен пайдаланушылар топтары бойынша мәліметі 3 және4 Кестелерде келтірілген.
Банкаралық клирингтегі төлемдер көлемі

Кесте 3

Айы

2005ж. II тоқсан

2006ж. II тоқсан

Өзгеріс ( %)

Саны

(мың тр.)



Сомасы (млрд. теңге)

Саны

(мың тр.)



Сомасы (млрд. теңге)

Саны

Сомасы

Сәуір

1 381.4

113.2

1 686.0

153.1

22.0

35.3

Мамыр

1 187.3

114.3

1 490.6

171.7

25.5

50.2

Маусым

1 282.5

130.2

1 565.6

183.8

22.1

41.2

II тоқсан

3 851.3

357.6

4 742.2

508.6

23.1

42.2



Банкаралық клирингтегі төлем айналымының пайдаланушылар топтары бойынша бөлінісі

Кесте 4

Топ

Төлемдер көлемі (млрд. теңге)

Өзгерістер

2005ж. II тоқсан

2006ж. II тоқсан

млрд. теңге

%

Бес ірі банктер

119.7

186.2

66.5

55.5

Шетел қатысуындағы банктер

48.6

67.3

18.7

38.4

Басқа да банктер

74.3

97.3

23.0

31.0

Банкілік емес ұйымдар

14.1

20.1

5.9

41.8

Басқа қатысушылар

100.8

137.8

37.0

36.7

Жалпы нәтиже

357.6

508.6

151.0

42.2


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет