Асфальто–бетон минералды материалдар түйіршіктері байланыстырушы зат битуммен цементтелген типтік конгломерат, қатты және сұйық компонеттен тұратын диффузды гетерогенді жүйе.
Минералды материалдар. Арнайы ұнтақтағыш қондырғылардан өткен қатты материалдар (щебень) монолиттің негізгі каркасын құрса, арасындағы бос қуыстарды құм толтырады. Минералды каркас негізгі күшті көтереді. Асфальто-бетонның физико-химиялық қасиеттері, беріктігі минералды түйірлердің битуммен бекуіне, бірігуіне тәуелді. Сондықтан ол минералды түйірлердің мөлшеріне және физико-химиялық қасиеттеріне байланысты. Минералды материалдардың битуммен беттік жанасуы кезінде мынадай құбылыстар орын алады:физикалық адсорбция, хемосорбция, компонеттердің диффузиясы,минералды материалдар қасиеттерінің өзгерісі.
Физикалық адсорбция кезінде битумның макромолекулалық қабатында химиялық өзгерістер болады. Хемосорбция кезінде битум мен минералды метериалдар физикалық адсорбциядан кейінгі күйінен беріктігі артады, түзілген жүйе суда ерімейді.
Қышқылды тау жыныстарымен (құрамында 65%-ден астам SiO2) битум жанасуы кезінде хемосорбция құбылысы жүрмейді, нәтижесінде асфальто-бетонның беріктігі кемиді, сондықтан беттік активті заттар (ПАВ) қосылады.
Асфальто-бетон беріктілігінің шарттары:
өте тығыз минералды скелетінің болуы;
битум мен минералды материалдардың оптимальды ара қатынасы;
хемосорбция жүруіне қолайлы болатын минералды материалдар құрамын таңдап алу.
Асфальто-бетонның құрылысы температураның күрт өзгеруінен және ұзақ уақыт ылғалданып тұрғанда бұзылады. Температура артқан сайын битумның тұтқырлығы кемиді, соның нәтижесінде асфальто-бетон беріктілігінашарлайды.
Кесте 11.2. Асфальтты-бетон тұтқырлығының температураға тәуелділігі
toС
|
200
|
00
|
-350
|
Беріктілігі, кг/см2
|
25-30
|
80-130
|
180-300
|
Сондықтан температура өзгерісіне тұрақты битум таңдап алған жөн, сонда ғана жаз кезінде төселген асфальто-бетон бетінің тегістігі (толқынды болмай) қамтамасыз етілсе, қыс кезінде оның бетінде сызаттар пайда болмайды.
Асфальто-бетонның температура өзгерісіне тұрақтылығы оны әзірлеу кезінде қолданылатын минералды ұнтақтар құрамына да байланысты. Егер известь ұнтақтары пайдаланылса, жылуға және деформацияға төзімділігі артады, ал көмір күлі, кварцты қосу оның жылуға төзімділігін кемітеді.
Асфальто-бетонның пластикалығы неғұрлым жоғары болса, оның жылуға төзімділігі төмен болады. Арнайы ұнтақтағыш қондырғыдан өткен минералдар қосылған асфальто-бетон пластикалығы құм қосылғанынан төмен болады.
Асфальто-бетон неғұрлым тығыз болса, соғұрлым беріктігі жоғары болады. Оның тығыздығын арттыру үшін жоғарыда көрсетілген үш шарттан басқа оны механикалық жолмен тығыздау қажет. Асфальто-бетон тығыздығы оның су тартқыштық қасиеті арқылы сипатталады, ол оның көлемінің 3-5%-н құрауы тиіс.
Ылғалды климатта, әсіресе асфальто-бетон төселіп жатқан кезде жауын-шашынды болса, төселген асфальто-бетонның суға төзімділігі нашарлайды.
Асфальто-бетонның беріктілігі оның бетін өңдеуге де тәуелді, ол үшін бетіне битум төгіп (0,3-0,4 л/м2), асфальто-бетонның минералды қоспасынан жұқа қабат түзе себу (5-6 кг/м2) және соңынан арнайы механикаландырылған жүйе көмегімен нығыздап, тығыздығын арттыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |