«Тәрбие басы отбасы»
“Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік
болса, сонда ғана оның аты Адам болады.”
(А. Құнанбаев)
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам
деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не
көрсе соған талпынып, “ол немене?”,
“бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы
естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен,
үйренсем екен дегені. (А.Құнанбаевтың жетінші қара сөзі)
Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында
баланың мінез-құлқы,
әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың
тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.
Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер
айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі
міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына
білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық
тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана
өзіне алғаны
жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым
дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы
айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса
елдің
болашағы зор болмақ.Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен
бірлескен жұмысы жан-жақты болса жемісті болады.
Естеріңізде ұстаңыз: баланы әлсіз деп бағаламай, оның жақсылық жағын да көру
керек. Жылы сөзді аямаңыз. Бір нәрсені орындағанда мақтап, орындамағанда
сынаңыз. Мақтағанда жеке түрде мақтап, сынағанда елеусіздеу сынауға тырысыңыз.
Олардың алдына орындалатын міндеттерді қойыңыз. Бұйырудың орнына
өзіңе тең
адамша кеңес, көмек сұрауға тырысыңыз. Мүмкіндігіне қарай бір қателік үшін екі рет
жазалауға тырыспаңыз. Бала өзін не үшін жазалағанын түсінуі тиіс. Көп жағдайларда
баланы мазалау, шектен тыс талап қою нәтиже бермейді.
Ата – аналарға өсиет
Адам азса, тәрбиенің жоқтығынан азады, қоғам азса адамдардың тәрбиесіздігінен
азады. Балаға дұрыс тәрбие беру қоғамның болашақ дамуының кепілі. Сондықтан да
баланың тәрбиесін бөбекжайға тапсырып қоймай, ата-ана, бүкіл қоғам, ақпарат
құралдары болып атсалысу қажет.
Назарларыңызға рахмет!!!