Мекпет жасына дейінгі баланың мінез-құлқына ойынның тигізетін әсері
Жоспар
I бөлім Мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлқы және ойынның дамуы
1)Мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлқы және ойын мәселесі бойынша теориялық зерттеулері.
2) Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлық ерекшеліктері
3) Ойын түрлерінің мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлқына ықпалы.
II бөлім Мектеп жасына дейінгі мінез-құлық ережелеріне ойынның әсерін анықтау
1) Мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлқын зерттеудің әдіснамалық негізі.
2) Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлқын жақсарту
3
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар.
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі.
Тәуелсіз Қазақстанның Білім заңына орай жаңа ұлттық білім үлгісі бойынша мектепке дейінгі балалардың жеке басын тәрбиелеуде педагогикалық дамудың бұрыннан қалыптасқан әлеуметтік бағыттарын түбегейлі өзгертуге тура келеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында адамға тән қасиеттердің жақсы, өнегелі үлгілерін ойдағыдай қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеті болып табылады. Мектепке дейінгі шақтан баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығынан аттап, білім алуға ден қоюы – оның өміріндегі дамуының негізгі кезеңі болып саналады.
Қазіргі ғылым мен техниканың даму деңгейі талап ететін білімді, жылдан жылға көлемі артып келе жатырған ақпаратты меңгеруде оқушылардың осы білімді игеруге деген қызығушылығының, оқуға мотивациясының алатын орны ерекше. Әсіресе білім берудің алғашқы баспалдағы болып саналатын мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың оқуға мотивациясын қалыптастыру оқыту үрдісінің нәтижелі, жемісті жүргізілуінің басты шарттарының бірі. Бұл қазіргі қоғам жағдайында мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық мотивтерін қалыптастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді, құралдарды, білім беру технологияларын және оны қалыптастырудың т.б. педагогикалық-психологиялық шарттарын іздестіруді талап етеді. Ең алғашқы рет «мотивация» сөзін А. Шопенгауэр «Четыре принципа досточной причины» мақаласында қолданды. Қазіргі таңда мотив, мотивация психологиялық құбылыс ретінде әртүрлі түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол балалардың жеке басын ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Осы тұжырымдаманы негізге ала отырып, мектепке дейінгі тәрбиесін ұтымды ұйымдастырып, нәтижесі жалғастырылып келе жатыр. Білім беру тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаты мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын, және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми теориялық әдіснамалық құжат болып табылады. Бұл құжатта мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың ұйымдастырылған бағдарламасына толықтырулар енгізіліп, балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға деген құқығын қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі білім беру және түзету бағдарламаларымен қамтуды дәйекті түрде ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатынаса, барлық балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен ертерек қамту, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру, мектепалды даярлығының мазмұнын қайта қарау, мектепке дейінгі және бастауыш білімінің оқыту бағдарламаларының үйлесімділігін қадағалау және балалардың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу мен дамыту міндеттері жүктелген
Осыған байланысты баланың мектепке психологиялық дайындығы адамның барлық негізгі құрылымына сәйкес бір уақытта қалыптасады.
Әсіресе, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан 2030 стратегиясына, Білім мемлекеттік бағдарламасына, Баланың құқықтары туралы конвенцияға сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасынада мектеп жасына дейінгі балаларды мектепалды дайындыққа тәрбиелеу мен оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінген.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мекемелерде мектеп жасына дейінгі балаларды міндетті мектепалды даярлаудың ережесіндегі негізгі міндеттер мыналар:
- Баланы мектепке даярлау;
- Баланың дене және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту;
- Баланың интеллектуалдық және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың эмоциялық саулығы туралы қамқорлық;
- Оған мұқтаж балалардың дамуының бұзылуын түзету;
- Балалардың толық мәнді дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |