Ақшәулі ауылдық округінің әлеуметтік экономикалық дамуының 2014 жылғы қорытындылары



Дата04.07.2016
өлшемі15.51 Kb.
#175949
Ақшәулі ауылдық округінің әлеуметтік - экономикалық

дамуының 2014 жылғы қорытындылары
Ақшәулі ауылы аудан орталығынан 72 км қашықтықта орналасқан Ақшәулі ауылдық округінің орталығы болып табылады.

Округтің жалпы ауданы 87190 га, оның ішінде елді-мекені 10 000 га. Соның ішінде ауыл шаруашылықта пайдаланатындары- 25525га, егістіктер-7119 га, шабындықтар-4850 га, жайылымдар-61554 га.

Ауылдық округтің тұрғындар саны-1234, оның ішінде еркектер - 623, әйелдер - 611, басқа ұлт өкілдері - 30, зейнеткерлер - 130, мүгедектер -35.

18-29 жас аралығындағы жастар - 234, оқушылар-147, тұрақты жұмысшылар-158, өзін-өзі қамтамасыз ететіндері-385, мектеп жасына дейінгі балалар-105.

Қызмет ететін мекемелер мен кәсіпорындар саны-11, оның ішінде мемлекеттік-9, (ауылдық округ әкімшілік аппараты-1, орта мектеп-1, бастауыш пен шағын орталық-2, мәдениет үйі-1, кітапхана-1, дәрігерлік амбулатория-1, фельдшерлік пункт-1, пошта бөлімшесі-1).

Қызмет көрсету саласында: 1 пошта бөлімшесі, 5 дүкен, 3 дүңгіршек, 1 монша, 1 тойхана, 1 диірмен, 1 наубайхана жұмыс істейді.

Мал басы туралы:

Ірі қара 2015 жылдың 1 қаңтарына 1940 бас, жылқы 2015 ж 1 қаңтарында - 770 бас болды. Қой-ешкі 6221 бас болды.

Мектепте тамақ ішетін 105 бала бар, оның 59-бастауыш сыныпта оқитындар, ал 20-сы аз қамтылған жанұя балалары.

2014 жылы 1 млн 160 мың теңгеге Ақшәулі көшесіне жарық орнатылды. 3,5 млн теңге өзіміз отырған әкімшілікті кезекті жөндеуден өткіздік. Мектепке 11 125 мыңға жөндеу жұмыстары жүргізілді.



Ауылымыздағы мед пункт 7 млн теңгеге ағымдағы жөндеуден өткізілді. Мектепке 1-ші сыныпқа 28 бала барды. 2014 жылы 9 бала дүниеге келді.

Өткен жылы «Туған жерге тағзым» атты іс-шарамен Қарабұлақ ауылына құны 500 мың теңгеге арка орнатылды. Жаман егін жеріне 2,5 млн теңге тұратын құлыптас қойылды. Қосқонған жеріне тарихи тас қойылды. Мектеп бала-бақшасына «OTAU-TV» құрылғысы алынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет