Кеңсай ауылдық округі бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстар



Дата23.02.2016
өлшемі53 Kb.
#6293
Кеңсай ауылдық округі бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстар
Зайсан өңірі түбегейлі өзгерді. Бүгінде Кеңсай ауылдық округі аумағында 5 елді мекен Кеңсай, Жарсу, Бакасу, Саржыра, Сарши және қыстақтарда 512 жанұяда 2648 тұрғын бар. Округте 4 мектеп, 2 фельдшерлік пункт,мәдениет үйі, пошта бөлімшесі,учаскелік полицияның тірек пункті, мал сою алаңы, ветеринарлық қызмет бөлімшесі, дүкен, 163 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Елбасы Жолдауындағы басты бағыттардың бірі – мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 2012 жылы 2 адам 5 млн, 2013 жылы 10 адам 31 млн несиесін алып жаңадан 12 жұмыс орны ашылды. Биылғы жылдың 1 тоқсанында 5 жоба ұсынылып жаңа 7 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Мемлекеттің қолдауы арқылы несиенің 5 пайыз өсімін несие алушы төлесе қалғанын мемлекет есебінен субсидия арқылы жабылатыны жаңа жұмыс орындарын ашқан азаматтарға жасалған үлкен қамқорлық.

Халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеру-мемлекетіміздің басты назарында. 2013 жылы ауыл округінің бюджеті 13863,0 мың теңге болса 2014 жылғы бюджеті 14497,0 болып отыр.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша: 2013 жылы округке қарасты Бақасу, Саржыра елді мекендеріндегі бір-бір көше 2013 жылдың мамыр айында жарықтандырылды. Оған бюджеттен 1968,0 теңге қаражат бөлінді.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен 13836,0 жергілікті бюджеттен 1538,0 теңге қаражат бөлініп, бұл қаражатқа Кеңсай ауылындағы «Жәнделі саябағы» қоршалды. Жарсу ауылында стадион құрылысы және Кеңсай ауылында хоккей қорабы салынды.

Округтің әлеуметтік-экономикалық үрдісінің негізгі бағыттарының бірі- ауылшаруашылығы саласында өнім өндіру болса: 2013 жылы мал басы 2012 жылмен салыстырғанда: ірі қара 307 басқа , қой-ешкі - 901 басқа, жылқы +81 басқа, құс 50 басқа артты. Сондай-ақ, 1203тонна ет, 6144тонна сүт, 230 мың дана жұмыртқа, 273 тонна жүн өндірілді.

Мал дәрігерлік қызметке қысқаша тоқталсақ: Жыл көлемінде 10450 бас ірі қара, 21600 бас қой-ешкі сарып ауруына тексерілді.Округе қарасты Кеңсай, Жарсу, Бақасу, Қарақұм қыстағы сарып ауруының ошағы болып табылып, ветеринарлық шектеу қойылды. Қазір барлық малдар сауығып шектеу 2013 жылдың қараша айында алынды. 2013 жылы округ бойынша ірі қара малдары аусыл ауруына қарсы ветеринариялық емдеу шаралары жасалды.

2013 жылы округ аумағындағы «Икеп» Нұрасыл Б «Сеит»(Еңсебаев Берікхан) , «Ежебаев» (Тоқтасынова Бақыт) ірі қара малына субсидия алды.

Сондай-ақ 2013 жылы 600 га жерге 14900 ц өнім егіліп, әр гектарынан 24,8 ц өнім алынды. 115 га картоп егіліп, 16100 ц өнім алынды, әр га -140 ц, 105 га жерге көкеніс егіліп, одан әр га -160 ц өнім,22 га жерге бақша өнімдері егіліп, гектарынан 190 ц өнім алынды. Өткен жылы 27 шаруа қожалықтары 7 388400 теңгенің субсидиясын алды

Көкеніс,картоп өндіруде «Восток» (Ли.Я.М), «Ринат»(Мажитов Р, «Бақберді»(Тойчыкенов Е) , «Жоңғар» (Мизамхан Болатбек), «Серік»(Байқадамов Серік), «Ерболат»(Молдахан Алтайхан), «Қостық»(Ұлықпан Азы), «Меркіт»(Есіркегенов Әскербек) шаруа қожалықтарының үлесі мол болды. «Ринат», «Восток» шаруа қожалықтары жыл көлемінде 3-15 ке дейін адамдарды маусымды мезгілде жұмыспен қамтып отыр. 2013 жылы ауыл әкімі бизнестің әлеуметтік жауапкершілін арттыру жөнінде 17 шаруа қожылықтарымен 1 200,0 теңгенің бірлескен ынтымақтастық меморандумына отырып, жыл аяғында ол толығымен орындалды. Биылғы жылы 15 шаруа қожалығымен 1300,0 теңгенің меморандумын жасадық. Бағаны тұрақтандыру мақсатында округ аумағындағы 5 сауда дүкенімен меморандумдар жасалып, барлық сауда дүкендерінде әлеуметтік бұрыштар ұйымдастырылды.

2013 жылы мүлік салығынан 47 мың, жер салығынан 230 мың, көлік салығынан 600 мың Ауылшаруашылығы құралымдарынан түсетін салық(әлеуметтік салық,біріңғай жер салығы,қоршаған ортаны ластааны үшін 360,0 мың теңге бюджетке қаражат аударып, салық жоспарын 100 пайызға орындадық.

Мектеп-білімнің қайнар көзі. Оның материалдық-техникалық базасы жақсаруда. Округ аумағындағы ұстаздар қауымы, мектеп ұжымдары-«Бала тәрбиелеу-болашаққа ең үлкен инвестиция» деп қарайды. Әрбір баланың мемлекеттік стандарт талаптарына сай білім алуына, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуына, алаңсыз дем алуына, жеке қабілеттерімен дарындылықтарын дамытуға, ұстаздарымыздың кәсіби шеберліктерін жетілдіруге мемлекет тарапынан өте үлкен қамқорлық жасалып отыр. Осыны сезініп отырған біздің мектеп ұжымдарымыздың үлкен еңбегі де жоқ емес. Округ бойынша 246 бала мектеп асханасынан ыстық тамақ ішеді.

Бұл салада ұстаздар қауымының еңбегін айтпай кетуге болмайды. Оқушылардың білім сапасы, тәлімі мен тәрбиесімен қатар, ауылдық көріктенуі мен көркеюі, ауылдағы мәдени көпшілік шаралар тіпті баспасөзге жазылу жұмыстарында мектеп ұжымының ауыл әкіміне көмегі үлкен.Биылғы желтоқсан айында «Айналайын» шаруа қожалығы жетекшісі Көксегенов Бакытжан округтегі 4 мектеп асханасына өз шаруашылығындағы бір ірі қара малын сойып, таратып берді. «Серік»(Байкадамов Серік-) ЖАРСУмектебіне, «Бақберді»(Тойчыкенов Ержан)-САРЖЫРА , Молдахан Алтайхан-Маметова мектебіне, «Ринат»(Мажитов Рауль)-Кеңсай орта мектебі асханасына бақша дақылдарын берді.

«Зайсан-несие» қорынан 6 шаруа қожалығы несие алып мал шаруашылығы көлемін ұлғайтты.

Бүгінгі таңда ауылшаруашылығына ерекше басымдық беріліп отыр. Оларға мемлекет тарапынан жыл сайын қолдау жақсаруда.Қазір округтегі шаруа қожалықтары егістікпен бірге мал өсірген шаруа қожалықтарына мал азығына және асыл тұқымды мал өсіргені үшін субсидия төленуде.

Округ бойынша әлеуметтік жағанан аз қамтылған отбасылар ауыл әкімінің тұрақты назарында Биылғы жылы округ аумағындағы 18 адамға 20 тонна тегін көмір таратылып берілді. «Ринат»шаруа қожалығы Мажитов Рауль Жарсу ауылындағы аз қамтылған отбына картоп,капуста, сәбіз апарып демеушілік көмегін жасады. т.б өнімдерін апарды.

Халықтың аз қамтылған топтарына тұрақты қолдау көрсетілді. Округ бойынша 2013 жылы 14 адамға аудандық бюджеттен 150 мың теңге бір жолғы материалдық көмек көрсетілді..

2012 жылы 5 отбасындағы 14 мүшеге 731200 теңгенің АӘК, 52 отбасындағы 142 мүшесіне 1645,5 теңгенің мемлекеттік жәрдемақысы төленсе; 2013 жылы 3 отбасындағы 9 мүшесіне 643 700 теңгенің АӘК, 43 отбасындағы 121 121 балағы 1939,10 теңгенің мемлекеттік жәрдемақысы төленді. 9 адамға 508 мың теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі, 124 балаға 1580,0 теңгенің мемлекеттік жәрдемақысы төленді.

Округ аумағында 4 адамға әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Олардың әлеуметтік тұрмыстық,медицина психология,еңбек, мәдени экономикалық құқықтық қызметтер көрсетілді.

Балаларды қорғау күні, жаңа жыл, халықтық Наурыз мерекелерінде аудан орталығына апарып аудандағы көрнекті орындарды аралап, сый-сыяпаттар көрсетілді. Әлеуметтік қызметкерлер аптасына екі рет үйлерінде болып ата-аналарымен,олардың тұрмыстық жағдайларымен танысып отырады. Ал округ аумағындағы 18-30 жас аралығындағы 5 мүгедек жанға да әлеуметтік педагогикалық, медициналық,мәдени,экокомикалық қызмет түрлері көрсетілді.

2013 жылы округ бойынша 249 адам әскери есепте тұрды. 2013 жылы көктемгі, күзгі шақырылымға 39 адам шақырылып, тексеруден өтті. 1 азамат ақылы әскер қатарына алынды.

Округ аумағында жылына екі рет көктем және күз айларында тазалық айлықтары жарияланып жүр. Жыл сайын барлық елді мекендерде ағаш көшеттері отырғызылып, гүлдендіру жұмыстары жүргізілуде.Биыл округ бойынша 1800 түп ағаш отырғызылды. Жарсу ауылында мешіт үйінен мектепке дейінгі аралық қоршалып 200-ден астам ағаш отырғызылды,Кеңсай ауылындағы Жәнделі саябағына қосымша ағаштар егілді. Алайда: тазалыққа барлығымыз бірдей мән бермейміз. Барлық елді мекен тұрғындарына ауланы, ауылды таза ұстау жөнінде есерту парақшалары таратылып, жиындарда ескерту жасалғанмен қыс айларында қорадан шыққан қоқысты арнаулы орынға апарудың орнына оның өзімізге ,өзгелерге қандай зияны барын біле тұра аулада өртеу орын алуда. Алдағы уақытта бұл мәселеге ерекше қарап, шара қолдану, айып салуды қолға аламыз.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында округ аумағында біршама жұмыстар атқарылуда . Атап айтқанда: Жарсудың тумалары Мергенбаевтар әулеті биылғы ораза айы қарсаңында 100 адамға арналған мұсылмандардың ғибадат ететін мешіт үйі мен 300 адамға негізделген қатымхана құрылысын аяқтап пайдалануға берсе, Кеңсай орта мектебінінің 20 жылдық түлектері мектеп асханасына арналған столдар мен орындықтарды, спорт бұйымдарын тарту етті.Саржыра ауылынының тумалары аз қамтылған ,тұрмыс деңгейі төмен 45 оқушыны толық оқу құралдарымен қамтамасыз етіп, өздерінің алтын ұя мектебіне де сый-сыяпаттарын жасады. Алдаға уақытта осындай үрдіс ары қарай жалғасын табу керек. Әр ауыл, әр мектеп өз жерлестерін тауып ауылға тарту жұмыстарымен айналысқандары абзал.

Округ аумағында қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, қалмысқа қарсы күресте ауылдық учаскелік полиция инспекторымен бірлескен жұмыс өз дәрежесінде жүрді деуге болады.



2012 жылы 5 қылмыстық іс қозғалып , оның барлығы да ашылса,

2013 жылы 4 әртүрлі қылмыс тіркеліп, оның 4-уі де ашылды.

15 адам әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылды. Олар қоғамдық орындарда ішімдік ішіп ұсталғандар, ит ұстау ережесін бұзғандар, жанұя шырқын бұзғандар т.т )



Денсаулық сақтау саласы: округ аумағында бір дәрігерлік емхана халыққа қызмет көрсетеді.Жарсу, Саржыра ауылдарында фельдшерлік пункттер бар.Кеңсай ауылдық емханасында 5 орындық күндізгі емдеу орталығы және 1 әлеуметтік дәріхана бар. 2013 жылы округ бойынша 40 сәби дүние есігін ашып, 15 адам өмірден өтті. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Халыққа дәрігерлік медициналық қызмет көрсетуде ауылдық емхана ұжымы да жыл көлемінде біршама жұмыстар атқарды. Елбасының «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен жылы 55 адам тегін дәрі дәрмек алса, 60 адам күндізгі емдеу орында болды. Жасқа толмаған балаларға дәрігерлік қызмет көрсету, екпе жұмыстарын жүргізуде қайшылықтар болған жоқ.

Округ аумағында қоғамдық негізде жұмыс істейтін ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі ауыл әкімімен тұрақты байланыста жұмыс атқарып келеді. Ауыл тазалығы, ауылда өткізілетін мәдени-көпшілік шаралар,мал кезегі,учаскелік полиция иннспекторымен бірлескен жұмыстарын атап өтуге болады. Оның сыртында ауылдардағы ауылнайлар да ауыл әкімінің сенімді көмекшісіне айналып отыр десек артық айтқандық емес.

Округ бойынша 2014-2017 жылдарға арналған өңірлерді дамытудың стратегиялық жоспары жасалды.

2014 жылы округ бойынша атқарылар жұмыс ауқымы да қомақты.

Атап айтсақ:
Кеңсай ауылы бойынша:

- ауылдық емхананың төбесін шатырлау

- Кеңсай ауылындағы Ә.Тлеубаев көшесін жарықтандыру,

-Қоғамдық моншаны іске қосу

-ауылды газбен қамту

-жылыжай салу

- наубайхана құрылысын аяқтап іске қосу

-тігін цехын ашу

-открытие парикмахерской
Жарсу ауылы бойынша:

-ауылдың К.Қымызбаев, Г.Ералин көшелерін жарықтандыру

- шағын жинақталған орталық ашу

- ауылды таза ауыз суымен қамтамасыз ету,

-наубайхана, шаштараз, сауда дүкенін салу , құрылыс шеберханасын ашу
Бақасу ауылы бойынша:

-ауылдық екі көшесін жарықтандыру;

-мектептің спорт залын іске қосу,

-ФАП үйін ашу;

-таза ауыз суымен қамтамасыз ету
Саржыра ауылы бойынша:


  • Мектептің сыртқы қоршауларын жаңалау

  • Саржыра ауылындағы Е.Қалқашұлы көшесіне тас қиыршықтарын төгіп жөндеу;

  • Ауылдық бір көшесін жарықтандыру

  • Таза ауыз суымен қамту


Сарши ауылы бойынша:

-Ауылдағы ауыз суы құдығын іске қосу;



-ауылға телефон байланысын қосу

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет