Ересек жас «Ромашка» тобы
Қазақ тілі: Қар жауады
Ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты:
Балалардың ұғымындағы қардың қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту; заттардың қасиетін білдіретін «суық - ыстық», «жұмсақ - қатты» ұғымдарын бекіту. Қар және оның ерекшеліктері туралы тақпақтарды түсініп, дұрыс айтуды үйрету; қардың калпын айқындайтын сын есімді дұрыс қолдануға жаттықтыру; сөйлеу мәнерін, көру және есту қабілетін, логикалық ойлауын дамыту. Байқампаздыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке, айналасындағы әлемге сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс
Сөздікке: қонақтайды, тегістейді, жасырыпты, қатты, жұмсақ, суық, ыстық сөздерін енгізу. «Шатырда қар», «жерде қар», «көшеде қар», «аулада қар», «ағаштарда қар», «орындықта қар», «мәшинеде қар», «қақпада қар», «қар ериді» сөз тіркестері арқылы сөйлеу тілдерін дамыту.
Әдіс-тәсілдер
Аудиотаспа тыңдау, бейнеролик көрсету, суретті сызба бойынша есту зейініне негізделген сөздік жұмыс, көркемсөз, мнемокарточка бойынша сөз тіркесін құрауға негізделген сөздік ойын жаттығуы, сергіту сәті, қарама-қарсы мағыналы сөздер жұбын құрау негізінде сөздік-тәжірибелік жаттығу, мәнерлеп оқуға сөздік жаттығу, материалды бекіту, қорытындылау.
Құрал-жабдықтар
1. Көрнекілік материалдар.
Қар үстінде жүргенде шығатын дыбыстың аудиотаспасы.
Қалада жауған қардың бейнеролигі.
Тақпақ мазмұны бойынша суретті сызбалар:
қар жауып тұр;
қар астындағы балалардың бейнесі;
қолына қап ұстаған ата. Ата қаптан қар ұшқындарын алып, кірлеген жолдарғасеуіп тұр.
терезенің әйнегіне сурет салып тұрған қол.
Қардың бояуға арналған суреттері, пва клей, тұз, кисточка, көк түсті бояу
Сергіту сәтіне арналған көңілді ырғақты әуеннің аудиотаспасы.
Бақылау жүргізу үшін заттар немесе олардың суреттері:
шыны ыдыстағы қар;
қары бар ыдысты ұстаған алақан;
қары бар ыдысқа салынған қасық, қуыс болып қалады;
алақандағы қар (шар тәрізді);
саусақ қарға тиіп тұр (шар тәрізді);- шүмегінен бу шығып тұрған шайнек.
Достарыңызбен бөлісу: |