Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы


Бюджеттік субсидиялар нормативтері



бет2/3
Дата30.06.2016
өлшемі486.07 Kb.
#167935
1   2   3

Бюджеттік субсидиялар нормативтері





Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге



Ірі қара мал шаруашылығы



Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

*



Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды және селекциялық жұмысты жүргізу

1)

тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы

бас

18 000

2)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы

бас

20 000

3)

жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу

бас

104 000



2.

Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу

1)

отандық асыл тұқымды ірі қара мал

бас

154 000

2)

импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Австралиядан, АҚШ-тан және Канададан)

бас

200 000

3)

импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Еуропа елдерінен)

бас

154 000

4)

импортталған селекциялық ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінген асыл тұқымды малды қоса есептегенде)

бас

118 000



3.

Сиыр етін өндіру үшін мал азығы құнын арзандату

1)

1-деңгей

кг

220

2)

2-деңгей

кг

170

3)

3-деңгей

кг

120

4.

Бұқашықтарды субсидиялаудың бірінші деңгейіндегі бордақылау алаңдарына өткізу

бас

15 000



Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу

1)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы

бас

20 000



2.

Асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу

1)

отандық асыл тұқымды ірі қара мал

бас

154 000

2)

импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Австралиядан, АҚШ-тан, Канададан)

бас

235 000

3)

импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Еуропа елдерінен)

бас

154 000

4)

импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан)

бас

118 000



3.

Сүт өндіру үшін мал азығы құнын арзандату

1)

1-деңгей

кг

25

2)

2-деңгей

кг

15

3)

3-деңгей

кг

10



Етті бағыттағы құс шаруашылығы

1.

Етті бағыттағы асыл тұқымды тәуліктік балапандарды (ата-енелік) сатып алу

бас

303



2.

Құс етін өндіру үшін азық құнын арзандату

1)

1-деңгей

кг

70

2)

2-деңгей

кг

66

3)

3-деңгей

кг

50

4)

күрке тауық еті

кг

105



Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы

1.

Ата-тектік, ата-енелік нысандары бар отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан жұмыртқа бағыттағы асыл тұқымды тәулiктiк балапандарды, сондай-ақ асыл тұқымды жұмыртқаларды сатып алу

1)

Тәуліктік балапан (ақырғы)

бас

50

2)

Асыл тұқымды жұмыртқа (ақырғы)

дана

21



2.

Тағамдық жұмыртқа өндіру үшін азық құнын арзандату

1)

1-деңгей

дана

3

2)

2-деңгей

дана

2,6

3)

3-деңгей

дана

2



Шошқа шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды шошқаларды сатып алу

бас

15 000

2.

Шошқа етін өндіруге арналған азық құнын арзандату

кг

98



Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу

1)

Тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық қой басы

бас

1 500

2)

Асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымдық аналық қой басы

бас

1 500

2.

Асыл тұқымды тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу

бас

8 000



3.

Мыналарды өндіру үшін азық құнын арзандату:

1)

қой еті

кг

100

2)

биязы жүн

кг

130



Жылқы шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу

бас

40 000



3.

Мыналарды өндіру үшін азық құнын арзандату:

1)

жылқы еті

кг

92

2)

қымыз

кг

60



Түйе шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды түйелерді сатып алу

бас

37 000



3.

Мыналарды өндіру үшін азық құнын арзандату:

1)

түйе еті

кг

90

2)

шұбат

кг

55



Марал шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды маралдарды сатып алу

бас

30 000

      *субсидиялар нормативтері Министрлікпен келісім бойынша облыс әкімдігінің қаулысымен белгіленеді.



Асыл тұқымды мал      
шаруашылығын дамытуды, мал 
шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi
мен өнім сапасын арттыруды 
жергілікті бюджеттерден   
субсидиялау қағидаларына   
2-қосымша          
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бюджеттік субсидияларды беруге үміткер тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптар



Р/с


Субсидиялау бағыттары

Өлшемдер мен талаптар

1.

Ірі қара малдың  аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу

1. Барлық малдарда бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және олардың АЖС-да тіркелуі.
2. Ірі қара малдың барлық мал басының АСЖ-да тіркелуінің болуы.
3. Тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малды өсірумен айналысатын тауар өндірушілер үшін қосымша:
1) зоотехникалық нормативтерге сәйкес етті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды шағылыстыру кезеңі бойында және ротациялауда өсімін молайтуға пайдалану (отыз бас шағылыстыру контингентіне бір бұқадан кем емес, бұқаны қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау);
2) оларды өсімін молайту үшін пайдалануға жол бермеу мақсатында осы тауарлы табынның барлық тұқымсыз бұқаларын піштіру.
4. Етті және сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал басын өсірумен айналысатын тауар өндірушілер үшін қосымша:
1) барлық мал басын тиісті тұқым бойынша Республикалық палатасында тіркеу;
2) тиісті тұқым бойынша Республикалық палатаның немесе тиісті тұқым бойынша Республикалық палата ұсынған жеке және заңды тұлғалардың консалтингтік сүйемелдеуі;
3) етті мал шаруашылығында – шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған және тиісті тұқым бойынша Республикалық палата ұсынған асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен қолдан ұрықтандыруда пайдалану және/немесе өсімін молайтуда ұрпағының сапасы және/немесе өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану; сүтті мал шаруашылығында – шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған және тиісті тұқым бойынша Республикалық палата ұсынған тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100 % қолдан ұрықтандыруда пайдалану.

2.

Қойдың аналық басымен селекциялық  және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу

1. Барлық малдарда бірдейлендіру нөмірлерінің және олардың АЖС-да тіркелуінің болуы.
2. Қойдың барлық мал басының АСЖ-да тіркелуінің болуы.
3. Қойдың 600 бастан кем емес аналық мал басының болуы.
4. Тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойды өсірумен айналысатын тауар өндірушілер үшін қосымша:
1) асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды шағылыстыру кезеңі бойында зоотехникалық нормативтерге сәйкес және ротациялауда өсімін молайту үшін пайдалану (шағылыстыру контингентінің отыз басына бір қошқардан кем емес, тұқымдық қошқарды қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау);
2) өсімін молайту үшін пайдалануға жол бермеу мақсатында табындағы барлық тұқымсыз қошқарларды піштіру.
5. Асыл тұқымды қойларды өсірумен айналысатын тауар өндірушілер үшін қосымша:
1) шаруашылық өсіретін қой тұқымы бойынша маманданған бейінді ғылыми ұйымның немесе ғалымның консалтингтік сүйемелдеуі;
2) аналық мал басын өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар ұрығымен қолдан ұрықтандыруды пайдалану және/немесе өсімін молайтуда өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды пайдалану;
3) алынған төлдің шығу тегін растау үшін 1:10 қатынасында ДНК-талдауын іріктеп өткізу (аналық мал басын қолдан ұрықтандыруда пайдаланған жағдайда және осы бағыт бойынша алғашқы үш жылда өтінім беру кезінде жүргізіледі);
4) қолдан ұрықтандыру үшін техниканың болуы немесе аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды дистрибьютерлік орталықпен бірлесіп жүргізу (қолдан ұрықтандыруды пайдаланған кезде)

3.

Тауар өндірушілердің асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алуы

1. Сатып алатын ірі қара малдың жасы оларды тауар өндірушіде карантинге қойған сәтте: қашарлар – 18 айдан, құнажындар және бұқалар – 26 айдан аспайды.
2. Зоотехникалық қырылу нормасының шегінде өсімін молайту мақсатында сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын кемінде екі жыл, асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды – кемінде екі шағылыстыру маусымында пайдалану (жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өсімін молайту үшін сатып алынған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды есепке алмағанда).
3. Табынды өсімін молайту үшін сатып алынған ірі қара малды тек Қазақстан Республикасының аумағында үш жыл ішінде пайдалану.
4. Асыл тұқымды ірі қара малды өсірумен айналысатын тауар өндірушілер үшін қосымша:
1) тиісті тұқым бойынша Республикалық палатаны немесе тиісті тұқым бойынша Республикалық палата ұсынған жеке және заңды тұлғаларды консалтингтік сүйемелдеу;
2) етті мал шаруашылығында – шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен қолдан ұрықтандыруда пайдалану және/немесе өсімін молайтуда ұрпағының сапасы бойынша және/немесе өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану;
3) сүтті мал шаруашылығында – шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100 % қолдан ұрықтандыруда пайдалану

4.

Тауар өндірушілердің асыл тұқымды қойларды, жылқыларды, түйелерді, шошқаларды және маралдарды сатып алуы

1. Сатып алынатын асыл тұқымды малдың жасы шартты жасасқан сәтте мынадай жастан аспайды:
қойлар: тұсақтар – 18 айға дейін; қошқарлар – 18 айға дейін;
жылқылар: байталдар – 3 жасқа дейін; сәуріктер – 5 жасқа дейін;
түйелер: аналықтар – 3 жасқа дейін; аталықтар – 5 жасқа дейін;
шошқалар: аналықтар – 12 айға дейін; аталықтар –14 айға дейін;
маралдар аналықтар – 18 айға дейін, аталықтар (алғаш төлдегендер) – 24 айға дейін;
2. Асыл тұқымды малды отандық асыл тұқымды зауыттардан және шаруашылықтардан сатып алу.
3. Зоотехникалық қырылу нормалары шегінде сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын өсімін молайту мақсатында кемінде екі жыл, асыл тұқымды тұқымдық аталықтарды – кемінде екі шағылыстыру маусымында пайдалану

5.

Тауар өндірушілердің етті және жұмыртқа бағыттарындағы асыл тұқымды тәуліктік балапандарды және асыл тұқымды жұмыртқаны сатып алуы

1. Ата-тектік, ата-енелік нысандары отандық асыл тұқымды репродукторлардан етті және жұмыртқа бағыттарындағы асыл тұқымды тәуліктік балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаны сатып алу.
2. Торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болуы

6.

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды етті тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуы

1. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған жалпы табында осы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану жөніндегі елді мекен тұрғындары жиынын өткізу.
2. Асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды зоотехникалық нормативтерге сәйкес табында өсімін молайтуда пайдалану (қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық емес).
3. Оларды өсімін молайту үшін пайдалануға жол бермеу мақсатында осы жалпы табынның барлық тұқымсыз бұқаларын піштіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет