Қасым-Жомарт Кемелұлы



Дата30.09.2023
өлшемі16.71 Kb.
#479283
түріСынақтар
Қ.К.Тоқаев Әке туралы


Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің «Әке туралы ой-толғау» атты кітабында сонау Кеңес заманында күн кешкен қазақ отбасының өмір жолы, 30-шы жылдардағы аштық тартқызған нәубет, өмірдің сан түрлі сынақтары мен қуаныштары жазылған.
Қ.Ж.Тоқаев әкесін қаншама қиыншылықтар мен сынақтарға төтеп берген адамгершілігі жоғары, қайсар тұлға ретінде сипаттайды. «Фрунзеге жетер жол ауыр, әрі азапты болды», — деп жазады Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің «Әке туралы ой-толғау» кітабында. Ұжымдастыру тұсында Кемелдің әкесі әйелі мен кішкентай екі ұлын, қызын ертіп қырғыз еліне бас сауғалап кетеді. 1933 жыл Тоқаевтар әулетіне аса ауыр сынақпен келеді. Киімдері жұпыны Кемел мен үлкен ағасы Қасымды жетім деп ойлаған милициялар ұстап, балалар үйіне тапсырады. Кемелдің анасы ауыр тұрмыстан сал ауруына шалдығады. Суықтан тоңып, пештің жанында ойнап отырған қызы аяғы тайып отқа түсіп, қаза болады. Қайғылы оқиға көзбен көріп, құтқара алмай дәрменсіз қалған ана көп ұзамай көз жұмады. Кемел Тоқаевтың әкесі басына түскен қайғыға шыдамай, із-түссіз жоғалып кеткен деген деректер келтіріледі.
"Әке туралы толғаныстың" екінші тарауы "Соғыс" деп аталады. Ол бозбала шағында майдан даласына аттанып, екінші дүниежүзілік соғыстың алдыңғы саптарында айқасады. «Жалғыз бауырының майданда қаза тапқаны туралы ресми қағаз келген соң, әкем мынау жарық дүниеде Тоқаев әулетінен жалғыз өзі қалғанын мойындап тынды» - деп еске алады Қ.Кемелұлы әкесінің бауыры туралы естеліктерінде. Ой-толғауында қыршын кеткен Қасымның аты өшпесін деп, әкесі есімін Қасым­Жомарт қойғанын, анасы көзі жұмылғанша Жомарт деп кеткенін баяндайды. Ал үшінші тарау - "Әдебиетке барар бұралаң жол". Төртінші тарауды әкесінің шығармашылығына арнайды. Ол өз заманындағы әдеби детектив жанрының дарабозы және бірнеше әдеби журналдардың редакторы болған. Жазушының «Тасқын», «Көмескі із», «Түнде атылған оқ», «Қастандық», «Сырғабанда болған оқиға», «Таңбалы алтын», «Соңғы соққы», «Ұясынан безген құс» сынды туындылары дәл осы детектив жанрына құрылған. Оның редакциялық қызметі көптеген жас авторлар мен жазушылардың қалыптасуына ықпал етті. Кемел Тоқаевтың қалам тартқан қай туындысы да тартымды жазылып, қоғам назарын өзіне аударды.
"Әке туралы толғаныстың" бесінші тарауы "Кемел Тоқаев және оның замандастары" деп аталады. Ананың балаға деген мейірімін, ғұмырнамалық эссенің соңғы тарауында "Ана" деп атаған.
Автор ата-анасына және жақындарына деген сүйіспеншілігін ерекше сезіммен жеткізе отырып, ата-ананың дұрыс қарым-қатынасы балалардың салауатты дамуы мен бақытты өмір сүруінің негізі екенін түсіндіреді. Автордың ерекше атап өткен түйінді тұстарының бірі-балаларға, әсіресе ұлдарға үлгі ретінде ер рөлінің маңыздылығы. Ол отбасы мен еңбекке деген қарым-қатынасынан бастап, қоғамдағы қарым-қатынасына дейін әкенің баласына қалай үлгі бола алатынын және қалай үлгі болуы керектігін айтады. Әке махаббаты мен қамқорлығы салауатты эмоцияларды қалыптастыру мен тұлғаның дамуының негізі ретінде де кітапта көрсетілген. Автор әке махаббатынсыз өскен балаларда өзін-өзі бағалаудың төмендігі, өзіне деген сенімсіздік және қарым-қатынас орнатудағы қиындықтар сияқты түрлі мәселелер туындауы мүмкін екенін түсіндіреді. Сондықтан әке өз баласының өмірінің белсенді қатысушысы болып, оның дамуы үшін қажет нәрсенің бәрін беруі керек.  Қоғам мен мемлекетті әкелерге көбірек көңіл бөліп, олардың балаларының тәрбиесі мен дамуына белсенді қатысуына мүмкіндік туғызуға шақырады. Ол әкенің баланың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастыратын маңызды тұлға екенін атап өтеді.
«Адал ұрпақ өсірсең – басыңа бақтың қонғаны» дегендей, шүкір, бүгінде тәуелсіз Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы әкенің ақ тілегін өтеген, бұған дейінгі қызметтерінде де абыройлы, бүгінде барша қазақтың сенім артар тұлғасына айналды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет