Астана қ-сы, 18 маусым 2014 жыл. Баспасөз баяны журналистер арасындағы «Нұр Сұңқар» республикалық конкурсына қатысуға құжат қабылдау аяқталды



Дата04.03.2016
өлшемі141.5 Kb.
#41577
Астана қ-сы, 18 маусым 2014 жыл.

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

Журналистер арасындағы «Нұр Сұңқар» республикалық конкурсына қатысуға құжат қабылдау аяқталды

Үстіміздегі жылы еліміздің барлық аймағынан «Нұр Сұңқар» конкурсына қатысуға ниет білдірген 221 өтініш келіп түсті. Конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша республикалық және аймақтық БАҚ журналистерінің 114 жұмысы іріктеліп алынды.

Конкурсқа қатысуға «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Литер», «Айқын», «Жас қазақ», «Ана тілі», «Заң», «Қазақстан Zaman» сияқты республикалық басылымдардың, сондай-ақ «Талдықорған», «Туған өлке», «Мұнайлы Астана», «Наша ярмарка», «Ақмешіт ақшамы», «Ана тілі», «Ақмешіт жастары», «Огни Мангыстау», «Орталық Қазақстан», «Арыс ақиқаты» және тағы да басқа аймақтық басылымдардың журналистері жұмыстарын жіберіпті.

Сондай-ақ «Хабар», «Қазақстан», «7 канал», «1 канал Евразия», «КТК», «31 канал», «Жетісу», телеарналары, радио «Астана», «Қазақ радиосы», радио «Павлодар» журналистері, «Казинформ», «BNews», «Baq.kz», «КазТаг», «Интерфакс-Казахстан», «Munara.kz», «Kazakhstan Today» және де басқа ақпарат агенттіктерінің тілшілері конкурсқа қатысуға ниет танытты.

Сонымен бірге конкурсқа қатысуға ниет білдірген қазақстандық блогерлердің еңбектері де келіп түсті. .

Конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша 114 жұмыс іріктеліп алынды. Қатысу ережесінің талабын сақтамаған бірқатар еңбектер конкурсқа жіберілген жоқ (түйіндеменің болмауы, бейнематериалдың БАҚ көрсетілгенін растайтын эфирлік анықтаманың жоқтығы, және өтініштің кешіктіріп берілуі).

Таяу уақытта Конкурс комиссиясының отырысы өтіп, оның барысында «Нұр-Сұңқардың» жеңімпаздары анықталады.

Сыйлықтар 7 аталым бойынша беріледі. Атап айтсақ «Ерекше пікір» аталымы бойынша - ең үздік телевизиялық журналист, «Сөз шебері» аталымы бойынша - ең үздік газет журналисі, «Медиа-профи» аталымы бойынша - ақпарат агенттігінің ең үздік журналисі, «Көзқарас» аталымы бойынша - ең үздік блогер, «Аймақ Айнасы» аталымы бойынша -ең үздік аймақ журналисі марапатталып, сондай-ақ қазақстандық журналистикаға еңбек сіңірген және партия қызметі туралы ең жақсы материал дайындаған БАҚ өкілі де марапатталады.

Жеңімпаздарға 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етіледі. .

Марапаттау рәсімі 26 маусымда Астана қаласында өтеді.

www.nurotan.kz; www.twitter.com/Nur_Otan; www.facebook.com/nurotan.kz;

http://instagram.com/nur_otan; http://www.flickr.com/people/99240259@N06/;



e-mail: press@nurotan.kz тел: +7 7172 55-55-63, +7 7172 55-55-96




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет