Қаланы одан әрі дамыту мәселелерінде инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мәселелері басым болып табылады. Мұндағы бастысы – қаланың орнықты өсуі үшін энергия ресурстарының стратегиялық қорын құру.
Өз кезегінде қаланың қазіргі энергетикалық саясатында жылу және энергия ресурстарын тұтынушыларға дейін жеткізуді қамтамасыз ету мәселелерін шешуге назар аударыла бастады, бұл магистральдық желілерді салу мен қайта жаңартуды жандандыруды талап етеді. Магистральдық жылу желілерін қайта жаңарту жүргізіліп жатыр, олардың жалпы
ұзындығы – 18 километр, бұл желілердің өткізу қабілетін 859-дан 1 788 Гкал дейін ұлғайтуға, желілердің тозуын 15 % азайтуға, жер үстіндегі желілерді жер астына ауыстыру есебінен қаланың сәулетін жақсартуға және тиісінше орталықтандырылған жылумен жабдықтауға жаңа тұтынушыларды қосуға мүмкіндік береді. Бір мезгілде қалада қолданыстағы магистральды жылу желілерін қайта құру жүргізіледі.
2015 жылы ұзындығы 21,5 километр 5-ші енгізілетін жылу магистральдарын салу басталады, олар қаланың солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс аудандарын, сондай-ақ EXPO-2017 құрылыс алаңын жылумен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Барлығы 2017 жылға қарай 80 километр магистральдық желі салынады.
Қалада электр энергиясын тұрақты беру схемасымен жұмыс істейтін ВЛ-220 киловатты айналма іске қосылды, қысқы кезеңде ол қалаға 120 МВт жуық электр энергиясын қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді, жалпы жүктеме шамамен 580 МВт.
2014 жылы «Айналманың» 2-ші кезегі аяқталады, оның шеңберінде 220/110кВ «Шығыс» қосалқы станциясы және ТЭО-2-ге қосылып,
20 километрден астам электр беру желілері салынды.
Қаланың бюджеттік сала объектілері энергия ресурстарын есепке алу құралдарымен 100 % жабдықталған. Сонымен қатар, жылу беру маусымы басталғанға дейін көппәтерлі барлық тұрғын үйлер жылу энергиясын есепке алу құралдарымен жабдықталатын болады.
Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
30 қарашадағы № 1404 қаулысымен бекітілген Энергия үнемдеудің кешенді жоспарын іске асыру 2015 жылға қарай былайша жиынтық үнемдеуге мүмкіндік береді:
1) электр энергиясын жылына 78 млн. киловатт сағат;
2) жылу энергиясын жылына 170 мың гекакаллория;
3) 48 мың тонна шартты отын;
4) парникті газдардың атмосфераға эмиссияларының алдын алу жиынтығы жылына 145 мың тонна СО2.
Көліктік инфрақұрылымды дамыту
Қазіргі уақытта қалалық 50 маршрутта күн сайын 747 бірлік көлік құралы жұмыс істейді, оның ішінде сыйымдылығы жоғары автобустар – 566, сыйымдылығы орташа автобустар – 181. Қалалық маршрут желісінің ұзындығы 2 320,1 километрді құрайды. Астана қаласында мамандандырылған 15 такси-мотор компаниясы өз қызметін жүзеге асырады.
Биылғы жылдың басынан бері 14,7 километрге жуық жол, қосылған кенттерде 13 километр жаңа автожол салынды, 10,6 километр жол қайта жаңартылды, 24 километр жол бетіне орташа жөндеу жүргізілді. Ш.Бейсекова көшесінің бойынан Есіл өзені арқылы Шағын көлік айналымының құрамына кіретін батыс айналма жолынан қозғалыс ашылды.
2013 жылы көлікпен 124 048,5 мың тонна жүк тасымалданды, бұл ретте жалпы жүк айналымы 6 795,6 млн. тоннаны құрады. 2012 жылмен салыстырғанда тасымалданған жүк 10,2%-ға ұлғайды.
Есепті кезеңде автомобиль көлігімен 1 960,0 млн. жолаушы тасымалданды, оның ішінде қаланың көліктік кәсіпорындарын 349,0 млн. адамды (17,8%), дара кәсіпкерлер 1 611,0 млн. адамды тасымалдады (82,2%).
Астана қаласының әуежайы 2012 жылға қарағанда 15 %-ға артық жолаушыларға қызмет көрсетті, мұның өзі 2,609 млн. жолаушыны құрады.
Қаланың байланыс кәсіпорындары жалпы сомасы 146 286,2 млн. теңгеге қызметтер көрсетті, салыстырмалы бағамен бұл 2012 жылға қарағанда 12,3%-ға жоғары.
Байланыс қызметтерінен түсетін кіріс құрылымында ұялы байланыс 74,1%-ды, интернет 13,6%-ды, қалааралық және халықаралық байланыс түрлері 1,7%-ды, жергілікті телефония 2,1%-ды, байланыстың өзге де түрлері 8,5%-ды алады.
Дамыған көлік жүйесі мен ыңғайлы логистикасы болмайынша, елорданың одан әрі өсуі мүмкін емес. Сондықтан бүгінде стратегиялық жаңа деңгейге көтеріле бастаған жол-көлік саласы қала қызметіндегі аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Биылғы жылдан бастап қоғамдық көлікті дамытуға баса назар аударыла бастайды, өйткені күн сайынғы жолаушылар ағыны қазірдің өзінде 750 мың адамды құрайды. Сондықтан, көліктік проблемаларды одан әрі шиеленістірмеу үшін қалада бірқатар жүйелі жобалар іске асырылуды.
Бірінші кезектегі міндет – жылжымалы құрамды түбегейлі өзгерту және толықтыру. Автобустардың жалпы саны – шамамен 900, тапшылық – 350 бірлік.
Қала кеңейіп келеді, тиісінше маршруттық желіге қойылатын талаптар да өзгереді. Сондықтан заманауи технологиялар қолданылатын, көлік легін талдауға және реттеуге мүмкіндік беретін қоғамдық көліктің жаңа маршруттық желісі қалада қоса енгізілуде. Қазіргі уақытта Астана қаласының жаңа маршруттық желісін әзірлеу жөніндегі жұмыстың бірінші кезеңі аяқталды. Ол бойынша бағыттар саны тиісінше 50-ден 76-ға дейін ұлғайтылмақ, мұның өзі жолаушылар желісін қала тұрғындары үшін ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, көліктік жобалар тақырыбын жалғастыра келе қазіргі уақытта инфрақұрылымдық үш ірі жоба бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өту қажет:
1) жаңа теміржол вокзалының құрылысы бойынша;
2) қалааралық көлік қатынастарын қамтамасыз ететін екі автовокзал құрылысы бойынша.
Жұмыс ұзындығы 35 километр Шағын көлік айналмасын салу шеңберінде жүргізілуде, оның 20 километрі салынып бітті. Ол 18 көлік айырығын, жол құбырлары мен көпірлерді қамтиды. Жоба іске асырыла бастағаннан бері барлығы сегіз көліктік құрылыс пайдалануға берілді.
Көпірлер мен жол айырықтарына қатысты. 2013 жылы Есіл өзені арқылы өтетін Сарыарқа даңғылының бойындағы көпір мен М-2 көпіріне (бұдан әрі – М-2) жөндеу жүргізілді. Биылғы жылы тағы да екі көпірді жөндеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ жаңа көлік жолдарын салу, жол төсеу, оң жақтағы түсетін жерлерді абаттандыру жалғасуда. 2014 жылы
120 километр жол салу және жөндеу жоспарланып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |