Астанада халықаралық Адам құқықтары күніне арналған дөңгелек үстел өтті



Дата13.06.2016
өлшемі61.12 Kb.
#133848
Астанада халықаралық Адам құқықтары күніне арналған дөңгелек үстел өтті

http://goo.gl/pOsKt0
2014 жылғы 9 желтоқсанда Астанада, ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия ұйымдастырған халықаралық Адам құқықтары күніне арналған дөңгелек үстел болып өтті.

Өзінің құттықтау сөзінде Мемлекеттік хатшы дөңгелек үстелге қатысушыларды Адам құқықтары күнімен құттықтап, Қазақстан Республикасының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының рухы мен принциптерін жүйелі ұстанатынын, оның ұлттық заңнамада нақтылы көрсетілгенін атап өтті. Гүлшара Әбдіқалықова республикада егеменді даму жылдарында адам құқықтарын қорғаудың қарқынды дамушы ұлттық жүйесінің құрылғанын, онда Мемлекет басшысы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Омбудсмен институтының маңызды орынға ие екенін атап өтті.

Г.Әбдіқалықова қатысушылардың назарын халықтық демократия дәстүрлері мен Қазақстан халқының адам құқықтарының тарихи сабақтастығына аударды. Мемлекеттік хатшы көрнекті әлемдік өркениетті зерттеушілердің бірі Арнольд Джозеф Тойнбидің еңбектерінен тезистерін мысалға келтірді, ол бостандық сүйгіш өмір салтында, тұлғаға құрметпен қарауда көрініс табатын құқықтық бостандықтың болуы барлық номадтарға тән болғанын атап өткен, оған қазақ халқының көшпенді мәдениеті де жатады.

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Махмұд Қашқари, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қорқыт ата және басқалар сияқты дала өркениетінің ойшылдары Дала рухының өзіндік кодексін жасады, оның негізі адамның табиғи құқықтары, руханият, имандылық болып табылады деп атап өтті.

Өз сөзін қорытындылай келе Гүлшара Әбдіқалықова баршаны келе жатқан ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтады. Мемлекеттік хатшы «егемендік алған соң біздің халқымыз, біздің еліміз және оның әрбір азаматы жарқын болашақты өз бетінше құрудың шынайы бостандығына ие болды» деп атап өтті. Құқық қорғау тетігін жетілдіру әрбір адамның бостандығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге елдің егемендігін нығайтуға да септігін тигізеді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар алдында сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты Үйлестірушісі міндетін атқарушы Николай Ботев, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің Басшысы Аурелия Бушез, Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігі Миссиясы Басшысының орынбасары Грег Куинн және БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел құттықтау сөз сөйледі.

Халықаралық ұйымдар мен шетелдік дипломатиялық өкілдіктер басшылары Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің Бюросына сайлануымен құттықтап, құқық қорғау қызметіне табыс тіледі.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде халықаралық құқық нормаларын одан әрі имплементациялаудың, әділ сот төрелігі жүйесі мен соттан тыс құралдарды қоса алғандағы адам құқықтарын қорғаудың халықаралық және ұлттық тетіктерін жетілдірудің өзекті проблемалары қозғалды.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданыстағы заңнамасында кепілдік берілген адам құқықтары мен бостандықтарын іске асырудың кең ауқымды мәселелері бойынша мүдделі әрі сындарлы пікір алмасу орын алды.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі, Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі.
Astana hosts a round table dedicated to the international day of Human Rights

http://goo.gl/43vcL2
On December 9, Astana hosted a round table with the participation of the Secretary of State of Kazakhstan Gulshara Abdykalikova dedicated to the international day of Human Rights was held by the Human Right Committee under Kazakhstan’s President.

Mrs. Abdykalikova stressed that Kazakhstan was consistently pursuing principles of the Universal Declaration of Human Rights, hat being reflected in the national legislation. She underlined emergence of the dynamically evolving national system of human rights protection and the key role of the Human Rights Committee under the Head of State and institution of Ombudsmen.

She also drew attention to the historical succession of Kazakh traditions of national democracy and human rights, referring to works of a famous researcher on world civilizations Arnold Joseph Toynbee, who emphasized juridical freedom distinctive to nomads, including the Kazakhs, reflected in the freedom-loving way of life and respect for a person.

The Secretary of State stressed that thinkers of the Steppe, including Mahmud Kashgari, Mohammed Haydar Dulati and Corkyt ata, created a code of the Steppe spirit, which was based on human rights, spirituality and morality.

Concluding her presentation Mrs. Abdykalykova stated that "with gaining sovereignty, our people, our country and every citizen found true freedom to build bright future on their own. Improving the human rights system provides the freedom of self-realization, as well as peomotes strengthening the country's sovereignty."

Welcoming speech were also made by Chairman of the Human Rights Committee Kuanysh Sultanov, Deputy Foreign Minister Alexey Volkov, Acting UN Resident Coordinator in Kazakhstan Nikolai Botev, Head of the EU Delegation Aurelia Bouchez, Deputy Head of Mission of the British Embassy in Kazakhstan Greg Quinn and Deputy Representative of the UN Development Program in Kazakhstan Munhtuya Altangerel.

Heads of international organizations and foreign diplomatic missions in Kazakhstan congratulated Kazakhstan on its election to The Office of the United Nations High Commissioner for Human Rights and wished success in advocacy.

The reports and speeches of the roundtable participants touched upon pressing issues of further implementation of international law and improvement of international and national human rights protection mechanisms, including a system of justice and extra-judicial instruments.




The organizers of the round table: Human Rights Committee under the President of Kazakhstan, Foreign Ministry, UN Office in Kazakhstan, European Union Mission in Kazakhstan and British Embassy in Kazakhstan.


В Астане состоялся круглый стол, посвященный международному Дню прав человека

http://goo.gl/7nacXa
9 декабря 2014 года в Астане, с участием Государственного секретаря РК Г.Н.Абдыкаликовой состоялся круглый стол, посвященный международному Дню прав человека, организованного Комиссией по правам человека при Президенте Республики Казахстан.

В своей приветственной речи Государственный секретарь поздравила участников круглого стола с Днем прав человека, подчеркнув, что Республика Казахстан последовательно придерживается духа и принципов Всеобщей декларации прав человека, получивших свое воплощение в национальном законодательстве. Гульшара Абдыкаликова отметила создание в республике за годы суверенного развития динамично развивающейся национальной системы защиты прав человека, в которой ключевое место занимает Комиссия по правам человека при Главе государства и институт Омбудсмена.

Г.Абдыкаликова обратила внимание присутствующих на историческую преемственность традиций народной демократии и прав человека казахстанского народа. Госсекретарь привела в пример тезисы из трудов одного из выдающихся исследователей мировых цивилизаций Арнольда Джозефа Тойнби, который подчеркивал, что наличие правовой свободы, проявляемой в свободолюбивом образе жизни, уважительном отношении к личности было характерно для всех номадов, к которым, безусловно, относилась кочевая культура казахского народа.

Государственный секретарь подчеркнула, что мыслители степной цивилизации, к которым по праву относятся Махмуд Кашгари, Мухаммед Хайдар Дулати, Коркыт ата и другие создали своеобразный кодекс духа Степи, основой которого являются естественные права человека, духовность, нравственность.

В заключение своего выступления Гульшара Абдыкаликова поздравила всех с наступающим национальным праздником – Днем Независимости Республики Казахстан. Государственный секретарь констатировала, что «с обретением суверенитета наш народ, наша страна и каждый ее гражданин обрели подлинную свободу самостоятельно строить светлое будущее. Совершенствование правозащитной системы не только обеспечивает свободу самореализации каждого, но и способствует укреплению суверенитета страны».

С приветственными словами перед участниками круглого стола также выступили председатель Комиссии по правам человека при Президенте РК Куаныш Султанов, заместитель Министра иностранных дел РК Алексей Волков, исполняющий обязанности Постоянного Координатора ООН в Казахстане Николай Ботев, Глава Представительства Европейского Союза в Казахстане Аурелия Бушез, заместитель Главы Миссии Посольства Великобритании в Казахстане Грег Куинн и заместитель Представителя Программы Развития ООН в Казахстане Мунхтуя Алтангерел.

Руководители международных организаций и зарубежных дипломатических представительств поздравили Республику Казахстан с избранием ее в Бюро Совета ООН по правам человека и пожелали успехов в правозащитной деятельности.

В докладах и выступлениях участников круглого стола были затронуты актуальные проблемы дальнейшей имплементации норм международного права, совершенствования международных и национальных механизмов защиты прав человека, включая систему правосудия и внесудебные инструменты.



В ходе круглого стола состоялся заинтересованный и конструктивный обмен мнениями по широкому кругу вопросов реализации прав и свобод человека, гарантированных Конституцией и действующим законодательством Республики Казахстан.
Организаторы круглого стола: Комиссия по правам человека при Прездиденте Республики Казахстан, Министерство иностранных дел Республики Казахстан, Представительство ООН в Республике Казахстан, Представительство Европейского Союза в Казахстане, Посольство Великобритании в Казахстане.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет