бақылау
1. Астық нарығы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-3-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
7-бап. Астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттiк
бақылау
1. Қазақстан Республикасы аумағындағы астық және оның өмiрлiк циклiнiң процестерi осы Заңның талаптарына,техникалық регламенттерге,санитарлық және фитосанитарлық ережелер мен нормаларға және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес келуге тиiс.
2. Астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган,оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
3. Астық сапасының мемлекеттiк бақылауы мыналарды қамтиды:
1) астық қабылдау кәсiпорындарына қабылдау және тиеп жiберу кезiнде астық сапасының көрсеткiштерiн айқындауды бақылау;
2) уәкiлеттi органның облыстық аумақтық бөлiмшелерiнiң бастықтары бекiткен графиктер негiзiнде тоқсан сайын жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың өтiнiштерi негiзiнде жоспардан тыс тексеру түрiнде астықтың сандық-сапалық жай-күйiн бақылау.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 231, 2003.10.13 N 488, 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 N 209 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
7-1-бап. Отандық астық өндiрушiлердiң мемлекеттiк
астық ресурстарын қалыптастыру жөнiндегi
мiндетiн орындауын бақылауды жүзеге асыру
тәртiбi
Облыстың жергiлiктi атқарушы органы отандық астық өндiрушiлердiң мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру жөнiндегi мiндетiн орындауын бақылауды жүзеге асыру мақсатында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) агенттен мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру жөнiндегi мiндетiн орындаған отандық астық өндiрушiлердiң тiзбесiн сұратады;
2) мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру жөнiндегi мiндетiн орындамаған отандық астық өндiрушiлерге осы мiндеттi орындағанын растау қажеттiгi туралы хабарлама жiбередi;
3) отандық астық өндiрушi мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру жөнiндегi мiндетiн орындағанын растамаған жағдайда, оған Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы бiр ай iшiнде ұйғарым бередi;
4) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және әкiмшiлiк жазалар қолданады.
Ескерту. Заң 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.11 N 229-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
7-2-бап. Астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттiк
сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру
астық ресурстары астығын нысаналы
пайдалануын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi
1. Агент iшкi нарықты реттеу мақсатында астықты қайта өңдеу ұйымдарына өткiзген мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстары астығы нысаналы пайдаланылуға жатады.
2. Астықты қайта өңдеу ұйымдарының өткiзiлетiн астықты нысаналы пайдалану жөнiнде мiндеттемелер қабылдауы iшкi нарықты реттеу мақсатында мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстары астығын өткiзу үшiн астықты қайта өңдеу ұйымдарын айқындау жөнiндегi тендерге қатысуға жiберудiң мiндеттi шарты болып табылуға тиiс.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстары астығын нысаналы пайдалануын бақылауды жүзеге асыру мақсатында:
1) iшкi нарықты реттеу мақсатында астықты қайта өңдеу ұйымдарынан агент өткiзген мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстары астығын олардың пайдаланғаны туралы мәлiметтердi растау құжаттарымен қоса сұратады;
2) астықты қайта өңдеу ұйымдары мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстары астығын нысаналы пайдаланғаны туралы мәлiметтердi бермеген жағдайда, астықты қайта өңдеу ұйымына Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы бiр ай iшiнде нұсқама бередi;
3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және әкiмшiлiк жазалар қолданады.
Ескерту. Заң 7-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
8-бап. Астықтың сапасына сараптама жасау
1. Астықтың сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аккредиттелген зертханалар жүзеге асырады.
2. Астық сапасының паспортынсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес талап етiлетiн өзге де құжаттарсыз экспорттау мен импорттау кезiнде астық сатуға жол берiлмейдi.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488, өзгерту енгiзiлдi - 2006.12.29. N 209(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
9-бап. Астық тасу
1. Қазақстан Республикасының аумағында астық тасу тура және аралас қатынас жүйесi болып табылатын темiр жол, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiгiмен жүзеге асырылады.
2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк астық ресурстарын тиеп жөнелту мен тасуға(,ауыстыруға) бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттiк астық ресурстарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк ресурстардың астығын сақтайтын астық қабылдау кәсiпорындары мен аталған астық қабылдау кәсiпорындарынан астық әкетудi жүзеге асыратын көлiк ұйымдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен кез келген мөлшерде астық тиеп жөнелтудi уәкiлеттi органмен келiсуге мiндеттi.
3. Көлiктiң осы түрiмен жүк тасу ережелерiне сәйкес келетiн көлiктiң кез келген түрiмен тасымалдануға тиiс астық партиясына олардың техникалық регламенттер мен стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар iлесiп жүредi.
4. Мемлекеттiк астық ресурстарын азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, гуманитарлық көмек көрсету, iшкi нарықты реттеу мақсатында пайдаланған кезде астықты тиеп жөнелту, тасымалдау және сертификаттау жөнiндегi қызметтер агенттiң астықты жеткiзу жөнiндегi мiндеттемелерiн уақтылы орындауын қамтамасыз ететiн басым (бiрiншi кезектегi) тәртiппен көрсетiледi.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.10.13 N 488, 2006.12.29 N 209 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
2-1-тарау. Астыққа және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне
қойылатын қауiпсiздiктiң жалпы талаптары
Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.12.29 N 209 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
9-1-бап. Техникалық реттеу объектiлерi
Астық және оның өмiрлiк циклiнiң процестерi техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.
9-2-бап. Сәйкестiктi растау
Астықтың техникалық регламенттерде айқындалған талаптарға сәйкестiгiн растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
9-3-бап. Астықтың қауiпсiздiгi мен сапасы туралы
ақпаратқа қойылатын талаптар
Тұтынушылардың астықтың қауiпсiздiгi мен сапасына қатысты жаңылысуына әкеп соқтыратын әрекеттердiң алдын алу мақсатында астық нарығына қатысушылар сатып алушыларға және (немесе) тұтынушыларға астықтың қауiпсiздiгi мен сапасының көрсеткiштерi туралы толық және дұрыс ақпарат беруге мiндеттi.
9-4-бап. Астыққа қойылатын қауiпсiздiк талаптары
1. Пайдалану мақсатына қарай астық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптардың кешенiне сәйкес келуге тиiс.
2. Астық құрамындағы ықтимал қауiптi химиялық қосылыстар мен биологиялық объектiлер, пестицидтердiң және агрохимикаттардың қалдық мөлшерi, оның iшiнде фумиганттар, зиянды заттар мен қоспалар, сондай-ақ ылғал техникалық регламенттерде белгiленген мәндерге жол берiлген ең жоғары деңгейден аспауға тиiс.
9-5-бап. Астықты өндiру кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
Жер учаскелерiнiң иелерi мен пайдаланушылары астық өндiрiсiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердiң құнарлылығын қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн, сондай-ақ осындай қызметтiң қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуiн жоятын немесе шектейтiн тәсiлдермен жүзеге асыруға мiндеттi.
9-6-бап. Астықты сақтау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
1. Астықты сақтау оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн экологиялық, құрылыс, өрт, санитарлық-эпидемиологиялық және фитосанитариялық талаптарға сай келетiн астық қоймаларында жүзеге асырылады.
2. Астықты сақтау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары тәуекел түрлерi бойынша техникалық регламенттерде белгiленедi.
9-7-бап. Астықты тасымалдау кезiндегi қауiпсiздiк
талаптары
1. Астықты тасымалдау оның қауiпсiздiгi мен сапалық көрсеткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн жағдайларда жүзеге асырылуға тиiс.
2. Астық құрғақ, таза, бөгде иiссiз, зиянды ағзалармен залалданбаған көлiк құралдарымен тасымалданады.
9-8-бап. Астықты кәдеге жарату және жою кезiндегi
қауiпсiздiк талаптары
1. Зертханалық зерттеу нәтижелерi бойынша мақсатына қарай пайдалану үшiн жарамсыз деп танылған астыққа техникалық регламенттерде белгiленген тәртiппен одан әрi пайдалануды (кәдеге жаратуды) немесе жоюды анықтау тұрғысында сараптама жасалуға тиiс.
2. Сараптама жасауға және оны одан әрi пайдалану (кәдеге жарату) немесе жою ықтималдығы туралы шешiм қабылдау қажет болатын кезеңдегi астық оның партиясының көлемi көрсетiле және астыққа қол жеткiзудi болғызбайтын жағдайлар сақтала отырып, жеке үй-жайларда сақталуға тиiс.
3. Мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз астықты тасымалдауға, сақтауға, сараптама жасауға, пайдалануға (кәдеге жаратуға) немесе жоюға байланысты шығындарды оның иесi өтейдi.
3-тарау. АСТЫҚ ӨНДIРУ МЕН САТУДЫ МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУ
10-бап. Мемлекеттiк қолдаудың нысандары
Астық рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет астық өндiру мен сатуды қолдаудың мынадай нысандарын жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне элиталық тұқым құнын арзандату;
2) техника мен жабдықтардың лизингiлiк жеткiзiлiмiн ұйымдастыру;
3) алып тасталды
4) отандық астық өндiрушiлерден мемлекеттiк астық ресурстарына астықты нарықтық бағамен сатып алу;
4-1) астықты қайта өңдеу ұйымдарына мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстарының астығын өткiзу;
4-2) iшкi нарықты реттеу мақсатында мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстары астығын сатып алу үшiн астықты қайта өңдеу ұйымдарына кредит беру;
4-3) ақша резервiнiң қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда, агенттiң гуманитарлық көмек көрсету, iшкi нарықты реттеу үшiн мемлекеттiк астық ресурстарының астығын өткiзу кезiндегi шығыстарын өтеу;
5) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне мемлекеттiк тұқым ресурстарынан тұқымдық несие беру;
6) алынып тасталды
7) топырақтың құнарлылығын сақтау жөнiндегi ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру;
8) астықты өндiру мен сақтаудың жаңа озық технологияларын енгiзуге жәрдемдесу;
9) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне мемлекеттiк жемдiк астық ресурстарынан жемдiк несие бөлу;
10) астық қолхаттарының тиiмдi айналысы үшiн жағдай жасау;
10-1) бюджеттiк бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге минералдық тыңайтқыштар мен жанар-жағар май материалдарының құнын арзандату;
11) iшкi рыноктың мұнай өнiмдерiне деген қажеттерiн дер кезiнде қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдану;
12) алынып тасталды - ҚР 2006.01.10 N 116 Заңымен.
13) агроөнеркәсiптiк кешен үшiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес кадрлар даярлау;
14) аймақтарда техникалық реттеу саласында сәйкестiктi растау жөнiнде қызметтер көрсету бойынша бәсекелестiк орта құру үшiн шаралар қолдану;
15) астық өндiрушiлердi қорғау жөнiнде демпингке қарсы шаралар әзiрлеу;
16) отандық ауыл шаруашылық машина жасау iсiн жаңғырту жөнiнде шаралар қолдану.
Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.10.13 N 488, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 N 209 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК АСТЫҚ РЕСУРСТАРЫ
11-бап. Мемлекеттiк астық ресурстары
1. Мемлекеттiк астық ресурстары:
1) мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiнен;
2) мемлекеттiк жемдiк астық ресурстарынан;
3) мемлекеттiк тұқым ресурстарынан;
4) мемлекеттiк сатылатын астық ресурстарынан;
5) мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстарынан тұрады.
2. Мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервi:
1) Қазақстан Республикасының жұмылдыру мұқтажын;
2) Қазақстан Республикасының азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған.
3. Мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары мал шаруашылығы мен құс шаруашылығында жемге қажеттiлiктердi қамтамасыз етуге арналған.
4. Мемлекеттiк тұқым ресурстары - төтенше жағдайлар болған кезде отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге көмек көрсету, Қазақстан Республикасының тұқым материалына қажеттiлiктерiн тұрақты қамтамасыз ету, сорт жаңартуды, сорт алмастыруды жүргiзу, мемлекетаралық келiсiмдердiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн құрылған және соған арналған мемлекеттiк тұқым қорлары.
5. Мемлекеттiк сатылатын астық ресурстары - мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiн, мемлекеттiк тұқым ресурстарын, мемлекеттiк жемдiк астық ресурстарын жаңарту, гуманитарлық көмек көрсету, астықты экспортқа жеткiзудi қамтамасыз ету, сондай-ақ iшкi нарықта, оның iшiнде оны реттеуге арналып та өткiзу үшiн құрылған және соған арналған астық қоры.
Мемлекеттiк сатылатын астық ресурстары мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастырғанға дейiн және (немесе) олар жетiспеген жағдайда iшкi нарықты реттеу үшiн мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережелерiнде белгiленген тәртiппен пайдаланылуы мүмкiн.
6. Мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстары - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қажеттiлiктерiн бәсекелестiк секторымен қамтамасыз етiлмеген бөлiгiнде қамтамасыз ету арқылы азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және астықтың iшкi нарығын реттеу үшiн құрылған және соған арналған астық қорлары.
7. Мемлекеттiк астық ресурстарын сақтау және орнын ауыстыру жөнiндегi шығыстар:
1) мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервi, мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстары үшiн - бюджет қаражаты;
2) мемлекеттiк тұқым ресурстары, мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары, мемлекеттiк сатылатын астық ресурстары үшiн - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттiк сатылатын астық ресурстарын гуманитарлық көмек көрсету үшiн пайдаланған кезде астықтың құны және гуманитарлық жүктi жеткiзу жөнiндегi шығындар бюджет қаражаты есебiнен өтеледi.
9. Мемлекеттiк астық ресурстарын iшкi нарықты реттеу үшiн сатып алу бағасынан төмен бағамен (өткiзуге жұмсалған шығыстарды ескере отырып) пайдаланған кезде халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарының талаптарына сәйкес бағаланған шығын ақша резервiнiң қаражаты есебiнен өтеледi.
Ақша резервiнiң қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда, агенттiң шығыны бюджет қаражаты есебiнен өтеледi.
10. Агенттiң мемлекеттiк астық ресурстарын пайдаланған кезде туындаған шығынын өтеу үшiн агент уәкiлеттi органға ақша қаражатын бөлу негiздiлiгiн растайтын құжаттарды (орындалған жұмыстардың актiлерiн, темiр жол жүк құжаттарын) ұсынады.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
11-1-бап. Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру
1. Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен:
1) дәндi дақылдар егуге арналған екi жүз елу гектар немесе одан да көп егiс алаңы бар отандық астық өндiрушiлерден осы Заңның 11-2-бабына сәйкес астық сатып алу;
2) агенттiң өнiмдi бөлу туралы келiсiмдер негiзiнде астық өндiрiсiне отандық астық өндiрушiлерге қаржы ресурстарын беру жолымен қатысуы;
3) отандық астық өндiрушiлерден олардың ұсыныстары (офертасы) негiзiнде астық сатып алу;
4) осы Заңның 12-3-бабына сәйкес астық экспорттаушылардан астық сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк астық ресурстарына жеткiзiлетiн астыққа ақы төлеу сатып алу бағасы бойынша жүзеге асырылады.
3. Астық мемлекеттiк астық ресурстарына астық қолхаттарына индоссамент жасау арқылы жеткiзiледi.
4. Мемлекеттiк астық ресурстарына астық сатып алу жөнiндегi шығыстар:
1) мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервi, мемлекеттiк сатылатын астық ресурстары, мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстары үшiн - бюджет қаражаты;
2) мемлекеттiк тұқым ресурстары, мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру агенттiң басқаруына берiлетiн мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстарын пайдаланудан түскен қаражат есебiнен де жүзеге асырылады.
5. Агент мемлекеттiк астық ресурстарына астық сатып алуды күнтiзбелiк жыл бойына қамтамасыз етедi.
Ескерту. Заң 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
11-2-бап. Отандық астық өндiрушiлердiң
мемлекеттiк астық ресурстарын
қалыптастыру жөнiндегi мiндетi
1. Дәндi дақылдар егуге арналған екi жүз елу гектар және одан да көп егiс алаңы бар отандық астық өндiрушiлер агентпен мемлекеттiк астық ресурстарына астық жеткiзу шартын жасасу арқылы мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыруға ағымдағы жылғы 15 қазаннан кешiкпейтiн мерзiмде бiрiншi кезектегi тәртiппен қатысуға мiндеттi.
Отандық астық өндiрушiлер, егер:
1) астық өндiрушiнiң дәндi дақылдар егуге арналған егiс алаңы екi жүз елу гектардан кем болса;
2) уәкiлеттi орган тиiстi облыс бойынша мемлекеттiк астық ресурстарына астық сатып алу квотасын белгiлемесе, мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыруға қатыспауға құқылы.
2. Дәндi дақылдар егуге арналған екi жүз елу гектар және одан да көп егiс алаңы бар отандық астық өндiрушiлердiң мемлекеттiк астық ресурстарына астық жеткiзу мөлшерi, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, астықтың жалпы түсiмiне проценттiк қатынаспен жыл сайын облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен бекiтiледi және ол отандық астық өндiрушiлердiң назарына жеткiзiледi.
Жалпы түсiмге проценттiк қатынаспен астық жеткiзу мөлшерi тиiстi облыстың дәндi дақылдар егуге арналған екi жүз елу гектар және одан да көп егiс алаңы бар барлық отандық астық өндiрушiлерi үшiн тең болуға тиiс.
3. Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары дәндi дақылдар егуге арналған екi жүз елу гектар және одан да көп егiс алаңы бар отандық астық өндiрушiлердiң агентке астықты жеткiзудiң бекiтiлген мөлшерi шегiнде сатуын қамтамасыз етедi.
4. Дәндi дақылдар егуге арналған екi жүз елу гектар және одан да көп егiс алаңы бар отандық астық өндiрушiлер осы баптың 1-тармағында белгiленген мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру жөнiндегi мiндетiн орындағаннан кейiн үшiншi тұлғамен астық өткiзу шартын жасасуға құқылы.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көзделген талап сақтамалған жағдайда, отандық астық өндiрушi мен үшiншi тұлға арасындағы астық өткiзу шарты уәкiлеттi органның, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының немесе агенттiң талап-арызы бойынша сот тәртiбiмен жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
5. Осы баптың 1-тармағында белгiленген отандық астық өндiрушiлердiң мiндетi:
1) дәндi дақылдар егуге арналған екi жүз елу гектар және одан да көп егiс алаңы бар отандық астық өндiрушiнiң астық жеткiзу жөнiндегi ұсынысы агентке ағымдағы жылғы 15 қазанға дейiн жiберiлген кезде агент мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастырудың белгiленген көлемде аяқталуы себебiнен астық жеткiзу шартын жасасудан бас тартқан жағдайда;
2) отандық астық өндiрушi агентпен өнiмдi бөлу туралы келiсiм жасаған жағдайда орындалған болып есептеледi. Бұл ретте ағымдағы жылы мемлекеттiк астық ресурстарына астық жеткiзудiң келiсiмде көзделген көлемi осы баптың 2-тармағына сәйкес белгiленген мөлшерден кем болмауға тиiс.
6. Мемлекеттiк астық ресурстарына астық жеткiзу жөнiндегi мiндеттерiн орындаған отандық астық өндiрушiлер туралы ақпарат ағымдағы жылдың төртiншi тоқсанында уәкiлеттi органның, агенттiң интернет-ресурсына орналастырылады.
Ескерту. Заң 11-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
12-бап. Мемлекеттiк астық ресурстарын басқару
1. Мемлекеттiк астық ресурстарын басқаруды агент Қазақстан Республикасының Үкiметi мен уәкiлеттi орган айқындаған құзыретi шегiнде шарт негiзiнде жүзеге асырады.
Агент мемлекеттiк астық ресурстарын басқаруға байланысты қызметтiң нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органға есептiлiктi ұсынады және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк астық ресурстарын тиiсiнше басқармағаны үшiн жауапты болады.
2. Агенттiң мемлекеттiк астық ресурстарын басқаруына байланысты операциялардың есепке алынуын ол өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн есепке алудан бөлек жүзеге асырады.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
4-1-тарау. Астықты экспортқа шығарушылардың қызметiн мемлекеттiк реттеу
12-1-бап. Астықты экспортқа шығарушылардың
есептiлiгi
1. Астықты экспортқа шығарушылар алғашқы статистикалық деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен табыс етуге мiндеттi.
2. Астықты экспортқа шығарушылар уәкiлеттi органның жазбаша сауалы бойынша астықты экспортқа өткiзу жөнiндегi қызметке байланысты ақпарат беруге мiндеттi.
Ескерту. 12-1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.
12-2-бап. Астықты экспортқа өткiзу жөнiндегi қызметтi
Достарыңызбен бөлісу: |