Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы



бет1/3
Дата30.06.2016
өлшемі0.63 Mb.
#167227
  1   2   3
Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3


МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Мәтiнде сөздер алмастырылды - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


      Ескерту. Тақырыбы мен кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.09 N 126-IV Заңымен (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз).
      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)», «облыс (республикалық маңызы бар қала және астана)», «Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облысты (республикалық маңызы бар қаланы, астананы)», «облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)», «облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық және астаналық)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана)», «Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)», «облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана)», «облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)» деген сөздер тиiсiнше «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «облыс, республикалық маңызы бар қала және астана», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана», «Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы», «облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық», «Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «облыс, республикалық маңызы бар қала, астана», «Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық», «Облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана», «Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық», «облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана», «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2011.07.22 N 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.



1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) әкiм - жергiлiктi атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиiстi аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк органдарының барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi және өзiн-өзi басқару функциялары берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң өкiлi;
      2) әкiм аппараты - жергiлiктi атқарушы органның (ол құрылған жағдайда) және әкiмнiң қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк мекеме;
      3) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi басқару схемасы - тиiстi аумақта орналасқан, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар жүйесi;
      4) жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдiк) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
      5) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың және өзiн-өзi басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкiмдiк уәкiлеттiк берген, тиiстi жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеме;
      6) жергiлiктi қоғамдастық - шекараларында жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс iстейтiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тұратын тұрғындардың (жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң) жиынтығы;
      7) жергiлiктi маңызы бар мәселелер - реттелуi осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiне сәйкес тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс тұрғындарының басым бөлiгiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауыл (село) қызметiнiң мәселелерi;
      8) жергiлiктi мемлекеттiк басқару - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген құзыретi шегiнде тиiстi аумақта мемлекеттiк саясатты жүргiзу, оны дамыту мақсатында жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты болып табылатын қызметi;
      9) жергiлiктi өзiн-өзi басқару - халық тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын осы Заңда, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалған тәртiппен жергiлiктi маңызы бар мәселелердi өзiнiң жауапкершiлiгiмен дербес шешуге бағытталған қызмет;
      10) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары — осы Заңға сәйкес жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешу жөнiндегi функциялар жүктелген органдар;
      11) жергiлiктi өкiлдi орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;
      12) мәслихат аппараты - тиiстi мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк мекеме;
      13) мәслихат сессиясы - мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны;
      14) мәслихат сессиясының төрағасы - мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық-билiк ету функцияларын жүзеге асыратын, мәслихаттың лауазымды адамы;
      15) орталық мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесi - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде орталық атқарушы органның функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. 

      2-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi


              басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      1. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Осы Заң Алматы қаласының айрықша мәртебесi және астана мәртебесi туралы заңдарға қайшы келмейтiн бөлiгiнде Алматы қаласы мен астананың аумағында қолданылады.
       Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      2-1-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды ұйымдастыру


                негiздерi

      1. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауыл (село) шегiнде жеке жүзеге асырылады.


      2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды жергiлiктi қоғамдастық мүшелерi тiкелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
      Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық (селолық) округтiң, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауылдың (селоның) әкiмi мемлекеттiк басқару функцияларымен қатар жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады.
       Ескерту. Заң 2-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      3-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi


              басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық
              негiзi

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзiн:
      1) жергiлiктi бюджет;
      2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлген мүлiк;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiк құрайды.
       Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      4-бап. Мәслихаттар мен әкiмдiктер үшiн белгiленетiн


              негiзгi талаптар мен шектеулер

      1. Мәслихаттар мен әкiмдiктер өз қызметiнде:


      1) жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
      2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
      3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
      4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

      2. Мәслихаттар мен әкiмдiктерге Қазақстан Республикасының шегiнде бiрыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетудi еркiн алмасуға кедергi келтiретiн шешiмдер қабылдауға тыйым салынады.

      3. Мәслихаттар мен әкiмдiктер қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиiс.

2-тарау. МӘСЛИХАТТАРДЫ ҚҰРУ, ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТI ЖӘНЕ
ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ

      5-бап. Мәслихаттарды құру тәртiбi

      1. Мәслихаттарды тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
      2. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
      3. Тиiстi мәслихат депутаттарының санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде: облыстық мәслихатта, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарында - елуге дейiн; қалалық мәслихатта - отызға дейiн; аудандық мәслихатта - жиырма беске дейiн белгiлейдi.
      4. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген оның депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшi сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледi.
      5. Мәслихаттар депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарымен регламенттеледi.
      6. Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.
      7. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қайта ұйымдастырылған (бiрiккен, қосылған, қайта құрылған, бөлiп шығарылған немесе бөлiнген) жағдайда жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейiн мәслихат депутаттары өз өкiлеттiгiн сақтайды және құрамына өз сайлаушыларының басым бөлiгi кiрген, қайта ұйымдастырылған мәслихаттардың депутаттары болып табылады.
      Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс таратылған жағдайда тиiстi мәслихат таратылады.
      8. Мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды.
       Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      6-бап. Мәслихаттардың құзыретi



      1. Мәслихаттардың құзыретiне:
      1) тиiстi аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту, соның iшiнде қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi iске асыратын (әрбiр қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ бойынша жеке-жеке) бюджеттiк бағдарламаларды бекiту;
      2) тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөнiндегi шығыстарды бекiту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелердi шешу;
      3) Қазақстан Республикасының Үкiметi жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгi құрылымдары негiзiнде қалыптасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктi басқару схемасын әкiмнiң ұсынысы бойынша бекiту;
      4) өздерiнiң қарауына жатқызылған әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу;
      4-1) жылу маусымына дайындық және оны өткiзу қағидаларын бекiту;
      5) әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмiмен тиiстi әкiмдiктiң дербес құрамын келiсу;
      6) атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау және тиiстi органдарға мәслихат шешiмдерiн орындамағаны үшiн мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгiзу;
      7) Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      7-1) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заң актiсiне сәйкес аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн жасырын немесе ашық дауыс берудi өткiзу жолымен сайлау;
      8) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес, бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн ережелердi бекiту;
      9) жергiлiктi бюджеттiң, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау;
      9-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есебiн қарау;
      9-2) бақылау объектiлерiн тексеру комиссиялары жұмыстарының жоспарына енгiзу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына ұсыныстар енгiзу;
      10) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу;
      11) халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлiктi азайту бағдарламаларын бекiту;
      12) әкiмнiң ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкiмдiк жанындағы консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын бекiту;
      12-1) әкiмнiң ұсынысы бойынша "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметтi азаматы" атағын беру;
      12-2) "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметтi азаматы" атағын беру ережелерiн бекiту;
      13) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;
      14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдесу;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
      2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының құзыретiне сонымен бiрге облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспары жобасын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзу, әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлануы жобаларын, облыстық (облыс орталықтарынан басқа) және аудандық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекiту және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн және тұратын жекелеген азаматтар санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн айқындау жатады.
      2-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретiне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасын және мүшелерiн бес жылға қызметке тағайындау, сондай-ақ оларды қызметтен босату жатады.
      3. Аудандық мәслихаттардың құзыретiне сонымен бiрге тиiстi ауданның аумағында орналасқан қалалар, кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекiту, аудандық маңызы бар қала, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтiң құрамына кiрмейтiн кент пен ауыл (село) әкiмiнiң атқарылған жұмысы туралы есебiн қарау және аудан әкiмiне тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс әкiмiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгiзу жатады.
      3-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты облыстың тексеру комиссиясынан тиiстi аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы мәселелерi бойынша жүргiзiлген бақылау iс-шаралары туралы ақпарат сұратуға құқылы.
      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мәслихаттары тиiстi әкiмдiктердiң ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қарыз алу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.
      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары қоршаған ортаға жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн, орман пайдаланғаны үшiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн эмиссия үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемдер ставкаларын бекiтедi.
      6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте ядролық қондырғылар мен объектiлердi салуға келiсiм беру туралы мәселенi қарайды.
      7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық мәслихаттары атынан өкiлдiк ететiн депутаттар болып табылатын таңдаушылардың бiрлескен отырысында сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкiлеттiгi таңдаушылардың шешiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2004.07.09 N 583, 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.01.09 N 213, 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.24 N 111-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 N 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      7-бап. Мәслихаттың актiлерi

      1. Мәслихаттың өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шығаратын шешiмдерi мәслихаттың актiлерi болып табылады.
      2. Мәслихаттардың жергiлiктi бюджет кiрiстерiн қысқартуды немесе жергiлiктi бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн шешiмдерiнiң жобалары әкiмнiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн.
      3. Мәслихаттың өз құзыретi шегiнде және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты қабылдаған шешiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте ресми жариялануға тиiс және ол тиiстi аумақта орындалуға мiндеттi.
      4. Мәслихаттың жалпыға бiрдей мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты шешiмдерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеуiне жатады.
      5. Мәслихаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтiн шешiмдерiн мәслихаттың өзiнiң жоюы не сот тәртiбiмен жойылады.
       Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      8-бап. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру

      1. Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жүзеге асырады.
      2. Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.
      Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады.
      3. Мәслихат:
      1) мәслихат сессиясының төрағасын, мәслихат хатшысын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың есептерiн тыңдайды;
      2) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың жұмысы туралы есептi тыңдайды;
      3) мәслихаттың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген адам саны мен қаражат лимитi шегiнде мәслихат аппаратының құрылымын бекiтедi және оны ұстауға әрi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды. Мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң штат саны лимитi тиiстi мәслихат депутаттарының саны негiзге алынып, бес депутатқа бiр қызметкер қатынасында, бiрақ бес адамнан кем емес  болып белгiленедi;
      5) мәслихаттың регламентiн бекiтедi;
      6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешiмдер қабылдайды;
      7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнiнде өзге де шешiмдер қабылдайды.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      9-бап. Мәслихат регламентi

      Мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткiзу, оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбi, мәслихаттағы депутаттық бiрлестiктердiң өкiлеттiгi, қызметiн ұйымдастыру, сондай-ақ дауыс беру тәртiбi, аппарат жұмысын ұйымдастыру, басқа да рәсiмдiк және ұйымдастыру мәселелерi сессияда бекiтiлетiн мәслихаттың регламентiнде белгiленедi.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.11.04 N 186 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      10-бап. Мәслихат сессиясын шақыру тәртiбi

      1. Жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясын осы мәслихат үшiн белгiленген депутаттар санының кемiнде төрттен үшi болған ретте, мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап отыз күн мерзiмнен кешiктiрмей, тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
      2. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң, сондай-ақ әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргiзедi. Кезектен тыс сессия оны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негiз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкiн.
      3. Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткiзiлетiн орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкiмге - сессияға кемiнде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн бұрын хабарлайды. Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және әкiмге - сессияға кемiнде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн қалғанда табыс етедi.

      11-бап. Мәслихат сессиясын өткiзу тәртiбi

      1. Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткiзiледi.
      2. Мәслихаттың бiрiншi сессиясын тиiстi сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейiн жүргiзедi. Одан әрi мәслихат сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.
      3. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады.
      Шешiмдер мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
      4. Сессия жұмысында мәслихат шешiмi бойынша мәслихат белгiлеген он бес күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге үзiлiс жасалуы мүмкiн.
      5. Сессияның ұзақтығын мәслихат белгiлейдi.
      6. Мәслихат сессиялары, әдетте, ашық сипатта болады. Мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бiрiнiң ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешiмiмен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiгi осы үшiн дауыс берсе, жабық сессиялар өткiзуге жол берiледi.
      7. Мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшылары, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беру үшiн мәслихат сессиясына келуге мiндеттi.

      12-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру


               және олардың қызметi

      1. Мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиiс. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.


      2. Тұрақты комиссиялардың тiзбесi мен сан құрамын мәслихат белгiлейдi. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерiн өз депутаттары арасынан тиiстi мәслихат сайлайды.
      3. Тұрақты комиссиялар өздерiн сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемiнде бiр рет өз қызметi туралы есеп бередi.

      13-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы


               көпшiлiктiк тыңдаулар

      1. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешiмi бойынша көпшiлiктiк тыңдаулар өткiзе алады.


      2. Көпшiлiктiк тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтiлген отырыстары түрiнде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлiнше маңызды және қоғамдық мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында өткiзiледi.
      3. Тұрақты комитеттерде көпшiлiктiк тыңдаулар өткiзу тәртiбi мәслихат регламентiнде белгiленедi.

      14-бап. Мәслихат тұрақты комиссияларының қызметi


               мен өкiлеттiгi

      1. Тұрақты комиссиялар:


      1) аталған мәслихат сессиясының күн тәртiбi бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгiзуге;
      2) өздерiнiң құзырына жататын әрi мәслихат сессиясының қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
      3) өздерiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;
      4) өз құзыретi шегiнде сессияда жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзуге;
      5) комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар, ұйымдар, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өкiлдерiн және азаматтарды тартуға құқылы.
      2. Әкiмдiк, орталық мемлекеттiк органдардың жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлiмшелерiнiң, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгiленген тәртiпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретiндегi мәселелер бойынша қажеттi ақпарат беруге мiндеттi.
      3. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      15-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының


               және қаулылар қабылдауының тәртiбi

      1. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттiлiгiне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кiретiн депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледi.


      2. Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
      Комиссияның отырысында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, тұрақты комитеттiң төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
      3. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бiрнеше тұрақты комиссияның бiрлескен отырысы өткiзiлген жағдайда, тиiстi комиссиялардың төрағалары қол қояды.

      16-бап. Мәслихаттың тексеру комиссиясы

      Ескерту. 16-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      17-бап. Мәслихаттың уақытша комиссиялары

      1. Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелердi сессияларда қарауға әзiрлеу мақсатында мәслихат не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, мiндеттерiн, өкiлеттiк мерзiмдерiн және құқықтарын мәслихат оларды құру кезiнде белгiлейдi.
      2. Мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды.
      3. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшiн ақы төленбейдi.

      18-бап. Мәслихат сессиясының төрағасы

      1. Мәслихат сессиясының төрағасын мәслихат өз депутаттарының арасынан сайлайды.
      2. Мәслихат сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады. Мәслихат сессиясының төрағасын сайлау тәртiбi мәслихат регламентiнде белгiленедi.
      3. Мәслихаттың кезектi сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн мәслихат хатшысы жүзеге асырады.
      Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтiзбелiк жыл iшiнде екi реттен артық сайлана алмайды.
      4. Мәслихат сессиясының төрағасы:
      1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;
      2) мәслихат сессиясын әзiрлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады;
      3) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      4) мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген мәслихаттың шешiмiне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.
      5. Мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылмаған негiзде жүзеге асырады.
      6. Мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, мәслихат сессиясының төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.

      19-бап. Мәслихаттың хатшысы



      1. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.
      2. Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.
      3. Мәслихат хатшысы:
      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
      4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
      6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
      7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
      8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;
      9) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
      10) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
      11) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.
      3-1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының хатшысы тиiстi мәслихаттың қарауына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы қызметiне тағайындауға кандидатураларды, сондай-ақ оны қызметтен босату туралы ұсыныс енгiзедi.
      4. Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.
      5. Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      20-бап. Мәслихат депутаты

      1. Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi.
      2. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретiнде тiркеген кезден басталып, мәслихат өкiлеттiгi тоқтатылған кезден бастап тоқтайды.
      3. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi мынадай жағдайларда:
      1) депутат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;
      2) депутатты әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет ету қабiлетi шектеулi деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе;
      3) мәслихаттық өкiлеттiгi тоқтатылса;
      4) депутат қайтыс болған, депутатты хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы сот шешiмi не оны қайтыс болған деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген;
      5) ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан тоқтатса;
      6) соттың депутатқа қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енсе;
      7) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстен тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе;
      8) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтiнiшiне байланысты;
      9) депутат өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамаса, оның iшiнде мәслихат сессиясының немесе құрамына өзi сайланған мәслихат органдарының отырыстарына дәлелдi себептерсiз қатарынан үш реттен артық қатыспаса;
      10) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесi қызметiне тағайындалса, мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
      4. Депутаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сессиясында қабылданады.
      5. Алынып тасталды.
      6. Өз қызметiн мемлекеттiк бюджет есебiнен ақы төленетiн тұрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарының кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, шаруашылық субъектiсiн басқаруға дербес қатысуға, педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, ақы төленетiн басқа қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      21-бап. Депутаттың өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы


               кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi

      1. Депутат:


      1) сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесi болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
      2) мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшiн мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешiмдер қабылдауға қатысуға;
      3) Алынып тасталды.
      4) өз округiнiң сайлаушыларымен, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткiзуге;
      5) сессияда тиiстi мәслихат аумағында орналасқан жергiлiктi атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша есептерiн тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге;
      6) тиiстi әкiмдiк отырыстарының жұмысына қатысуға;
      7) мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
      8) фракциялар мен депутаттық топтар түрiнде депутаттық бiрлестiктер құруға құқылы;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында және мәслихат регламентiнде көзделген өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы.
      2. Депутат:
      1) мәслихаттың және өзi құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
      2) өз округi сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметi, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы, сондай-ақ өзiнiң депутаттық қызметiнiң барысы туралы, жылына кемiнде бiр рет хабарлап отыруға, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
      3) сайлаушылардың өзiне келiп түскен өтiнiштерiн қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргiзуге;
      4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсте тұруға мiндеттi.
      3. Мәслихаттың әрбiр депутатына оның құқықтарының, ар-намысы мен абыройының қорғалуына кепiлдiк берiледi.
      Мәслихат депутаты, қызметi мемлекеттiк құпиялармен байланысты ұйымдарды қоспағанда, депутаттық қызмет мәселелерi бойынша тиiстi мәслихат аумағында орналасқан мемлекеттiк органдарға, қоғамдық бiрлестiктер мен мемлекеттiк ұйымдарға кедергiсiз кiруге құқылы.
      Мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және мемлекеттiк ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдары мәслихат депутаттарын кiдiрiссiз қабылдауға және оларға жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруда қажеттi жәрдем беруге мiндеттi. 
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.05.21 N 324, 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.11.04 N 186 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      21-1-бап. Депутаттық сауалдар

      Мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкiмге, тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесiне, прокурорға және орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша жүгiнуге құқылы.
      Депутаттық сауалдың жауабы жазбаша түрде, бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде берiлуге тиiс. Депутат сауалға берiлген жауап бойынша өз пiкiрiн бiлдiруге құқылы.
      Прокурордың атына берiлген сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиiс.
      Ескерту. Заң 21-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      21-2-бап. Мәслихаттардағы депутаттық бiрлестiктер

      1. Мәслихат депутаттары саяси партиялар фракциялары және өзге де қоғамдық бiрлестiктер, депутаттық топтар түрiнде депутаттық бiрлестiктер құруға құқылы. Тексеру комиссиясының төрағасы және мәслихат хатшысы депутаттық бiрлестiктерге кiре алмайды.
      2. Фракция - заңда белгiленген тәртiппен тiркелген саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бiрлестiктiң атынан өкiлдiк ететiн депутаттардың ұйымдасқан тобы, ол мәслихатта тиiстi саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бiрлестiктiң мүдделерiн бiлдiру мақсатында құрылады. Фракция мәслихаттың кемiнде бес депутатын бiрiктiруге тиiс. Депутаттың тек бiр ғана депутаттық фракцияда болуға құқығы бар.
      3. Депутаттық топ - депутаттардың өз өкiлеттiктерiн, сайлау округтерiндегi бiрлескен жұмысын жүзеге асыруға арналған бiрлестiгi. Депутаттық топтың құрамында мәслихаттың кемiнде бес депутаты болуға тиiс.
      4. Депутаттық фракциялар мен топтарды тiркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады, келiп тiркелу тәртiбiмен жүргiзiледi және тек ақпараттық сипатта болады.
      Ескерту. Заң 21-2-баппен толықтырылды - ҚР 2006.11.04 N 186 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. 

      22-бап. Депутаттық қызметтi жүзеге асыруға байланысты


               шығыстарды өтеу

      Депутат регламентте белгiленген тәртiппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткiзу кезеңiнде, депутаттық өкiлеттiктердi жүзеге асыру уақытында оған негiзгi жұмыс орны бойынша жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен орташа жалақысы, бiрақ осы қызметте бiр жылға дейiнгi жұмыс стажы бар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс әкiмi аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескерiлiп, сессиялар, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетiн мерзiмдегi iссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатылады.


      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. 

      23-бап. Мәслихат өкiлеттiгiн тоқтату негiздерi

      1. Мәслихат өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген оның өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанда тоқтатылады.
      2. Мәслихаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын Қазақстан Республикасының Президентi тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзiн-өзi тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда тоқтатылады.

      24-бап. Мәслихаттың әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру өкiлеттiгi

      1. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселе қойылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен әкiмге сенiмсiздiк бiлдiруге және тиiсiнше Қазақстан Республикасы Президентiнiң не жоғары тұрған әкiмнiң алдына оны қызметiнен босату туралы мәселе қоюға құқылы.
      2. Әкiм ұсынған аумақты дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының орындалуы, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есептердi мәслихаттың екi рет бекiтпеуi мәслихаттың әкiмге сенiмсiздiк бiлдiруi туралы мәселенi қарауы үшiн негiз болып табылады.

       24-1-бап. Таңдаушылардың шешiмi бойынша Парламент Сенаты


                  депутатының өкiлеттiгiн тоқтату

      1. Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтатуға бастамашылық жасау туралы шешiмдi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаты қабылдайды, бұл туралы облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясына және Парламент Сенатының депутатына үш күн мерзiмде хабарланады.


      2. Таңдаушылардың шешiмi бойынша Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтатуға бастамашылық жасауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық мәслихаттарының атынан өкiлдiк ететiн таңдаушылардың жалпы саны даусының кемiнде жиырма бес процентi, бiрақ бiр мәслихаттан таңдаушылар даусының кемiнде жиырма бес процентi қолдауға тиiс.
      Таңдаушыларды қолдау олардың қолдар жинауымен куәландырылады. Қолдар жинаудың басталуы туралы шешiмдi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаты қабылдайды. Қолдардың жиналуын Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтатуға бастамашылық жасаған таңдаушылар ұйымдастырады.
      3. Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтатуға бастамашылық жасау туралы мәслихаттың хабарламасын алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей бастамашыларға шығарылған шешiмдi қолдауға қолдарды жинау үшiн қол қою парақтарын бередi.
      Әрбiр қол қою парағының реттiк нөмiрi болуға, онда өкiлеттiгiн тоқтатуға бастамашылық жасалған Парламент Сенаты депутатының тегi, аты, әкесiнiң аты, сондай-ақ өз қолдарын қоятын таңдаушылар туралы мынадай мәлiметтер:
      1) тегi, аты, әкесiнiң аты;
      2) өзi депутаты болып табылатын мәслихат;
      3) туған күнi, айы және жылы;
      4) тұрғылықты мекенжайы;
      5) жеке қолы қамтылған бағандар болуға тиiс.
      Қол қою парағының үлгiсiн Орталық сайлау комиссиясы бекiтедi.
      4. Қолдарды жинау облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясынан таңдаушылар қол қою парақтарын алған күннен бастап отыз күннiң iшiнде жүзеге асырылады. Көрсетiлген мерзiм аяқталған соң қол қою парақтары облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясының қабылдауына жатпайды.
      Толтырылған қол қою парақтары облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясына тапсырылады, ол паспорт қызметтерiнiң қызметкерлерiн тарта отырып, бес күн мерзiмде жиналған қолдардың дұрыстығына тексерудi жүзеге асырады және тиiстi хаттаманы ресiмдейдi.
      5. Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясы қойылған қолдардың дұрыстығын тексергеннен кейiн Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату туралы мәселенi дауыс беруге шығару туралы шешiм қабылдайды.
      6. Егер қойылған қолдардың дұрыстығын тексеру нәтижесiнде жиналған қолдардың бiр проценттен астамының дұрыс еместiгi не жиналған қолдардың саны осы баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес келмейтiндiгi анықталса, тиiстi сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату туралы мәселенi дауыс беруге шығарудан бас тартады.
      Мәселенi дауыс беруге шығарудан бас тартылған күннен бастап бiр жылдың iшiнде сол негiздер бойынша Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату туралы мәселенi қайтадан қозғауға жол берiлмейдi.
      7. Облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихаттың хатшысы облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясы өкiлеттiгiн тоқтату туралы мәселе қозғалған депутатқа мәселенi дауыс беруге шығару туралы шешiм қабылдаған күннен бастап бес күннен кешiктiрмей жазбаша хабарлауға тиiс.
      Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату туралы дауыс беру бойынша таңдаушылардың бiрлескен отырысы, дауыстарды есептеу және қорытындыларын белгiлеу облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату туралы мәселе қою жөнiнде шешiм қабылдаған күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей жүргiзiледi.
      Дауыс беруге арналған бюллетеньнiң мәтiнiн Республиканың Орталық сайлау комиссиясы бекiтедi.
      8. Егер бiрлескен отырысқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық мәслихаттарының атынан өкiлдiк ететiн сайланған депутаттар санының кемiнде үштен екiсi қатысса, бiрлескен отырыс заңды деп есептеледi.
      Бiрлескен отырыста Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату бойынша дауыс беру, егер оған қатысып отырған таңдаушылардың жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, өттi деп есептеледi.
      Бiрлескен отырыста төрағалық етушi облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихаттың хатшысы болып табылады.
      Таңдаушылардың бiрлескен отырысына облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қатысады.
      Таңдаушылардың бiрлескен отырысы өтетiн үй-жайда облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясы дауыс беруге арналған пункт ұйымдастырады.
      Тиiстi мәслихаттың хатшысы облыстық, республикалық маңызы бар қаланың  және астананың сайлау комиссиясына ұсынатын бiрлескен отырыстың хаттамасы Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату бойынша таңдаушылардың бiрлескен отырыс өткiзуiн куәландыратын құжат болып табылады.
      Бiрлескен отырыс облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясының төрағасы Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату бойынша дауыс беру нәтижелерiн жария еткеннен кейiн жабылады.
      9. Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату жөнiндегi дауыстарды санау нәтижелерi дауыс беруге арналған пунктте өтетiн облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясының отырысында белгiленедi.
      Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша:
      1) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қоятын;
      2) таңдаушылардың бiрлескен отырысында жария етiлетiн;
      3) Орталық сайлау комиссиясына дауыс беру күнiнен бастап екi күн мерзiмнен асырмай жiберiлетiн Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату жөнiндегi дауыстарды санау хаттамасы жасалады.
      10. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындысын Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату жөнiндегi дауыс беру өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрмей белгiлейдi.
      Егер осы шешiмге дауыс беруге қатысқан таңдаушылар даусының елу проценттен астамы дауыс берсе, Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгi тоқтатылды деп есептеледi.
      Дауыстарды санауға, дауыс беру қорытындыларын белгiлеуге және жариялауға байланысты өзге де мәселелер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
      11. Сайлау комиссиясының шешiмiне немесе iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шешiм қабылданған немесе iс-әрекет (әрекетсiздiк) жасалған күннен бастап он күн iшiнде жоғары тұрған сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкiн. Көрсетiлген мерзiмдер аяқталған соң сайлау комиссиясының шешiмiне және (немесе) iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) берiлген өтiнiш қарауға жатпайды.
      Сайлау комиссиясының шешiмiне немесе iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану туралы өтiнiштердi қарау Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 25-тарауына сәйкес жүргiзiледi.
       Ескерту. Заң 24-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      25-бап. Мәслихат аппараты

      1. Мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi.
      2. Мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.
      4. Мәслихат аппараты жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет