Ата-аналар жиналысы Хаттама №3 Күні



бет1/4
Дата08.08.2023
өлшемі26.36 Kb.
#475998
түріСабақ
  1   2   3   4
Ата аналар жиналысы


Ата-аналар жиналысы
Хаттама №3
Күні:17.04.2023ж Сынып: 4 «В» 
Қатысқаны: 9
Қатыспағаны: 9
Күн тәртібінде:
1.Оқушылардың III тоқсан қорытындысы
2. Сабаққа себепсіз келмейтін және кешігіп келетін оқушыларды есепке алу журналы.
3. Ұялы телефон.
4.Оқушылардың саннитарлық талаптарды сақтауы және мектеп мүлкін сақтау.
5. Оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру мақсатында ата-аналармен түсіндірме
жұмыстап.
6.Жазғы демалыс
7.Ағымдағы мәселелер.
1-мәселе бойынша сынып жетекші Э.М.Шалабаева III тоқсан қорытындысымен таныстырды. Осы тоқсан бойында 1 баланың үздік қатарынан түсіп қалғанын, олардың орнына 2 оқушының екпінділер қатарына қосылғанын айтып өтті. Үздік қатарынан түсіп қалған оқушы Абатов Демирдің анасына оқушының сабағына, үй жұмысын орындауына бақылау жасап, көмек көрсету керектігін айтты. Екінші оқушы Абдрасил Р тек 1 ғана сабақтан 3 деген баға алуына байланысты осы сабаққа күш салуы керектігін ескертті. Екпінділер қатарына қосылғалы тұрған оқушы Колоцей Д анасына баласының 1 ғана сабақтан 3 екені бұл сабаққа жақсырақ дайындалса келесі тоқсанда екпіділер қатарына қосылуы мүмкін екенін айттты.
3-мәселе бойынша сынып жетекшісі «Ұялы телефон» жайлы баяндама оқыды.
Алдағы келе жатқан күзгі демалысқа байланысты алдын-алу үшін ата-анаға мәліметтер мен бірқатар ескертулер берілді.Ата-ана үшін бала тәрбиесінің жауапкершілігі жоғары екендігі туралы сөз болды. Ата-аналарға қазіргі кезде түрлі қылмыстардың белең алуына байланысты балаларына сақ болып, қазірден бастап олардың тәртібіне, ата-анасы жұмыста болғанда үйде немен айналысатынын қадағалап, хабардар болып отыруы керектігі туралы айтылды. Оқушылардың жазғы демалыс кезінде кешкі уақытта үйден шықпауы, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде көп отырмауын қадағалау тапсырылды. Сонымен қатар балаларын да бақылауда ұстап, араласатын ортасын, жүріп тұруын қадағалау қажеттігі ескертілді. Мұндай жағдай болмас үшін үйдегі баланың тәртібіне, жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, психологиялық жағдайына назар аударып, баламен көбірек сөйлесіп, оның күнделікті іс-әрекетіне аса көңіл бөліп отыру қажет екендігі айтылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет