Ата-аналар жиналысының
х а т т а м а с ы №2
Сынып:1
Жиналыстың өту күні:8.11.2023жыл
Қатысуға тиіс ата-ана:21
Қатыспағаны:2
Қатысушы лауазымды тұлғалар: Сатыбалдиева С.Ж.(психолог)
Күн тәртібінде:
1.Бала құқығы-адам құқығы. (Презентация) (Сатыбалдиева С.Ж. психолог)
2 «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» видеоролик (Есенгалиева Ж.Ж. сынып жетекші)
3. І тоқсан қорытындысы
4.Ағымдағы мәселелер.
1.Бала құқығы-адам құқығы. (Презентация) (Сатыбалдиева С.Ж. психолог)
ТЫҢДАЛДЫ:
1 мәселе бойынша мектеп психологы Сатыбалдиева С.Ж. презентация арқылы баяндамасында Заң,құқық,міндеттің не екеніні туралы түсінік берді.Қ.Р. бала құқығы туралы конвенцияның бөлім,тармақтарынан мәлімет беріп,баланың құқығы мен міндеттерін ажыратып айтты. Бала өз құқығы мен міндетін шатыстырып алмауын,міндетін ұмытпауы жайында мәлімдеме жасады.
ҚАУЛЫ: Психолог кеңесі ескеріліп,оқушыларға түсіндірілсін.
2.«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» видеоролик (Есенгалиева Ж.Ж. сынып жетекші)
ТЫҢДАЛДЫ:
2-мәселе бойынша сынып жетекші видеоролигінде қазіргі уақыттағы балалар кезігіп жатқан зорлық-зомбылықтар жөнінде айтылды. Видеороликке қоса сынып жетекші Ж.Есенгалиева өз сөзінде зорлық-зомбылықтың түрлері мен одан қалай сақтану керектігін,қалай алдына алу керектігі жөнінде айтты.
ҚАУЛЫ: Сынып жетекшінің видеоролигі қатерге алынсын. Балаларын үйдегі,тұрмыстық зорлық-зомбылықтан сақтау ата-анаға міндеттелсін.
І тоқсан қорытындысы
ТЫҢДАЛДЫ:
3- мәселе бойынша сынып жетекші Ж.Есенгалиева сыныптың І оқу тоқсанындағы білім және тәрбие қорытындысымен таныстырды. Ол өз сөзінде 1-сынып оқушыларының партаға отыруы,қалам ұстауы, оқушылардың бір-бірімен қарым қатынасы, қарапайым түсініктерді меңгергені туралы мәлімдеме жасады.
ҚАУЛЫ: І тоқсан қорытындысы жақсы деп бағалансын.
Достарыңызбен бөлісу: |