Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық


-слайд. Тәуелділіктің барлық түрлерінің (химиялық және химиялық емес) үш ортақ белгісі бар. 1. Мәжбүрлі қолдану



бет138/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

6-слайд. Тәуелділіктің барлық түрлерінің (химиялық және химиялық емес) үш ортақ белгісі бар.
1. Мәжбүрлі қолдану: қайтымсыз талпыныс, мәжбүрлі және қайталанатын әрекеттер, эго-дистоникалық (эгоны бұзатын) ойлар (мысалы, нашақорды өзінің тәуелді мінез-құлқын жалғастыруға мәжбүр ететін басындағы маза бермейтін ойлар, дауыстар).
2. Бақылауды жоғалту: ішкі ой-түйсігін шектеу немесе оған қарсы тұру қабілетсіздігі; бастағаннан кейін оны тоқтату өте қиын, сырттың көмегінсіз іс жүзінде мүмкін емес; ерік күші тәуелділіктен төмен, бала қысқа уақытқа өзін тоқтата алуы мүмкін, бірақ мүлдем қойып кете алмайды.
3. Зиянды салдарға қарамастан тәуелділік мінез-құлқын жалғастырады: проблемалардың көбеюі (қарыз ауыртпалығы, қорлау, денсаулықтың нашарлауы, отбасылық, қаржылық мәселелердің ұлғаюы, заңмен байланысты проблемалар, тәуелді мінез-құлықтан ажырай алмайды.)

6-слайд

2 мин

II. Жоғары сынып оқушыларындағы тәуелділіктің белгілері. 7- слайд.
QR-кодты сканерлеңіз
Жоғары сынып оқушыларында тәуелділіктің қалыптасуы төрт кезеңде жүреді:

  1. Бірінші кезең. Бұл кезеңде бала алдымен алкогольді, психобелсенді заттарды, ойын автоматтарын, компьютерлік ойындарды немесе тәуелділіктің басқа түрлерін қолданып көреді. Бұл бетбұрыс жоғары сынып оқушысына бұрынғы тыйымдар мен шекараларды бұзуға жол береді.

  2. Болып жатқан нәрсеге қанағаттану. Жоғары сынып оқушысы ешқандай күш-жігерсіз көңіл көтеруді ұнатады және өзін белгілі бір адамдар тобына жататындай сезінеді.

  3. Психикалық тәуелділік. Бұл кезеңде химиялық емес тәуелділіктермен бала белгілі бір әрекеттерді орындай отырып, денесінде дофаминді - ләззат гормонын көбірек көтеруге себеп болады. Тәуелділіктің химиялық түрлері белсенді затттар мен табиғи нейромедиаторларды алмастыра отырып, бірте-бірте баланың ми жасушаларын бұзады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет