Рефлексия: Ертегі Қарындаштардың қорабында бір кішкентай қарындаш туылыпты. Үлкен қарындаштар – әкесі, анасы, әжесі мен атасы – түрлі түсті болған екен. Әр ересек қарындаштың өзіне тән түсі болған екен. Ал кішкентай бала қарындаш әлі өзіне тән түсіне ие болмапты және оны түрлі-түсті болуы әлі алдыда. Күн сайын көк түсті қарындаш оның анасы оған қалай көк түске айналуға болатыны туралы үйретіпті. Қызыл түсті қарындаш – әкесі қалай қызыл түске айналуға болатыны туралы ескертіп, қызыл түспен керемет суреттер мен картиналарды салуға болатынын айтады екен. Сары түсті атасы, өмірде сары түстің маңыздылығы туралы айтса, жасыл түсті әжесі немересінің қолынан ұстағанда ол белгілі бір уақытқа жасыл түске айналыпты. Сөйтіп күн артынан күн өте беріпті. Ертегінің соңы қалай аяқталды деп ойлайсыздар? Не үшін ертегінің соңы жоқ? Себебі әр отбасының өзіне тән тарихы, өз ертегісінің аяқталу нұсқасы бар. Құрметті ата-аналар сіздер осы ертегінің қалай аяқталғанын қалар едіңіздер? Сабақты қорытындылай келе,адам өміріндегі ең құнды нәрсе – бұл отбасы дегім келеді. Отбасы – бұл қиын кезде сізбен бірге болатын, қуанышыңызды бөлісетін жақын адамдар. Сіздің жетістігіңіз үшін де қуанытын – отбасыңыз.
Жер бетінде технологиялар дамып, бірнеше ғасырлар ауысса да өз құндылығын жоғалтпайтын отбасылық дәстүрлер бар. Ең алдымен – бұл отбасы, жақындарыңызға қамқор болыңыз. Біздің өміріміз отбасында өтеді, сол себепті отбасыңыздағы өміріңіз жарқын әрі қуанышты сәттерге толы болсын.
Сіздерге өзара сыйластық пен ынтымақ тілеймін! Олар сіздерге отбасылық дәстүрлеріңізді құрметтеп, сақтауға, жалғастыруға көмектеседі. Әр үй және біздің ортақ үйіміз жылы, шуақты және жайлы болсын!
5-9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН 1 - САБАҚ Баланың бас ұстазы – ата-ана. Позитивті ата-ана болу: тыңдау, есту, өзін естірте білу